Жұма, 3 Мамыр 2024
Жөн-ақ 13083 0 пікір 29 Қыркүйек, 2014 сағат 14:18

Камал Әбдірахман. Сара Алпысқызы қазақтық тегін көрсетті

Осы жағдайды жазар- жазбасымды білмей үш- төрт күн жүрдім. Кәдімгі, қатардағы жайт. Дабыратып, насихаттайтын шаруа емес. Сара Алпысқызы да  көтермелеуге зәру емес...

Аптаның басында Сара Назарбаеваның інісі - Саяхат Қонақаев қайтыс болып, марқұмды Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесінің жанына әкеліп жерлеген еді. Ғаламтор  Саяхат Алпысұлы туралы  көз таныстарының, қызметтестерінің пікірлері мен көңіл айтуларына толып кетті. Оңдысы, әр түрлі, кейде орынсыз сөздер жазыла беретін сайттардың барлығы осы жолы тек қана дұрыс сөйлеп, марқұмның өте қарапайым, кішіпейіл, көпшіл, қамқоршыл мінездеріне назар аударды. Бүгін де Саяхатпен бірге істеген бір топ қатардағы қызметкерлер келіп, құран оқытты. Марқұм жөнінде ризашылықпен сөйледі. Осы әңгіме қолыма қалам алғызды.

Жерлеу рәсіміне Елбасы отбасымен түгел қатысты. Көпшілік топырақ салып болып автобус, машиналарына мініп жатқанда Елбасы тағы бір қайтара құран оқуды өтінді. Бата жасалған соң Нұрсұлтан Әбішұлымен қатар тұрған Сара Алпысқызы бас ағаштағы «Қонақаев Саяхат Алпысұлы» деген сөзді оқып:

-Неге «ев» деп жазған, мұның керегі жоқ, «Қонақай Саяхат Алпысұлы» деп жазылғаны дұрыс болады, өзгерткен жөн,- деп, інісінің тегін қазақшалауға  ықылас танытты.

Інісін бақиға аттандырып салып, қайғы еңсесін басып тұрса да, заты қазақ екенін есінен шығармаған Сара Алпысқызының мына өнегесі ішімді жылытып сала берді. Риза болдық.

Тақташа тез қазақшаланып, тапсырылғандай жазылды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 614
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 363
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 364