Жұма, 3 Мамыр 2024
Осы ғой енді... 6131 0 пікір 30 Қыркүйек, 2014 сағат 07:18

ФУТБОЛДЫҢ ФАНАТТАРЫ МА, ӘЛДЕ РУ МЕН ЖҮЗДІҢ ФАНАТТАРЫ МА?

Кешелі бері әлеуметтік желілерді осы бір сурет кезіп жүр. Бұл суретте «Қайрат»-«Ақтөбе» ойынына барған жанкүйерлер көрініс тапқан.

 «Кіші жүз» дегенді кісі бойындай етіп жазып алған жанкүйерлер шамасы –«Ақтөбе» командасының жанкүйерлері болса керек. Бірақ ақтөбеліктердің бұндай «жанкүйерлігі» қатты айыпталуда. Мысалы, Фейсбуктің белсенді авторларының бірі, белгілі тележурналист, продюсер Серік Абас-шах: «Бұл жанкүйерлік емес, еселаңдық...
Жүзбақайлар!
Намысқой болсаң, Жириновский қазақты кемсіткенде неге үндемедің? Қызу қанды болсаң, Путин тарихымызды табанға салғанда қайда қарадың? Мықты болсаң, неге сол кезде қазақ деп ұрандамадың? Алаңға неге шықпадың?

Р.S. Ұлттың ұлылығын жасай алмаған елде, пасықтық пен сорлылықтың салтанат шеруі басталады» деп жазса, саясаттанушы Ерлан Қарин:  «Футболдың фанаттары ма, әлде рушылдықтың фанаттары ма? Іштегі аурулардың бірі, ондайды қатаң тыю керек. Футбол да емес, ру да емес, ең алдымен елдің жанкүйері болуы қажет» деді өзінің жеке парақшасындағы жазбасында.

Редакциядан: Кейінгі кездері осындай бір келеңсіздіктер көрініс беріп қалып жүр. Өткенде бір білгіш әлеуметтік желіде отырып алып қазақтың санын ата-ру шеңберіне салып «санап» шығып еді, енді «жанкүйерлер» осылайша жанығыпты. Бір таңқаларлығы ру мен жүздің әңгімесі РФ басшысы Путин «қазақта бұрын мемлекет болмаған» деп сәуегейсігеннен бері жиіліп бара жатқанға ұқсайды. Әрине, бұндай «ұсақ-түйекті» бір елдің президентінен көруді жөнсіз десекте, сыртқы күштердің көкейін тескен ойы мен пиығылына жанып түсетін жандардың ішімізде жоқ еместігін де ескере жүрген абзал болар дейміз. Мынандай жанкүйерліктің жарға жетелеуі мүмкін екендігін де осы ретте еске саламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 682
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 476
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 416
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 418