Сенбі, 4 Мамыр 2024
Қорған 8520 1 пікір 16 Қазан, 2014 сағат 12:23

ЛИБАЙ ҚАЗАҚ ЕМЕС: Өмiрбек БАЙГЕЛДI (жалғасы)

Белгілі тарихшы Әлімғазы Дәулетхан ондаған жылдар бедерінде баспасөз бетінде даулы әңгімеге айналған қытай ақыны Либай төңірегіндегі мақалалар мен ой-пікірлерді топтап, кітап етіп шығарыпты.  «Либай қазақ емес» атты кітапты жалғасты жариялап отырмыз.

Abai.kz

ӨМIРБЕК БАЙГЕЛДI: "ТАРИХТЫҢ ТҮЙIНIН ТАРҚАТУМЕН АЙНАЛЫСЫП ЖҮРМIН"

Өткен жылдың күзiнде Сауд Арабиясының Дамаск қаласында салынатын Сұлтан Бейбарыс әл-Захирдың кесенесiн салуды талқылаған Парламент Сенатының жиналысында Өмiрбек БАЙГЕЛДI шетiн жаңалықтың ұшын шығарған едi. Осыдан кейiн сенаторқа арнайы жолығып, онымен әңгiмелескен болатынбыз.

- Өмiрбек аға, Сауд Ара­биясына барған iссапа­ры­ңызға толығырақ тоқтал­са­ңыз.

- Иса пайғамбардың анасы Мәрия ана, Дәуiт пайғамбар, Иб­рагим пайғамбардың басы­на және "мәңгiлiк ағашқа" бар­дым. Жол көрсетушiнiң айтуын­ша, Ибраһим пайғамбар Хев­рон­да (Палестина) жатыр екен. Арабтар: "Хевронға алып бара алмаймыз, ол жақ қауiптi" дедi. Пайғамбар Хевронда жоқ болып шықты. Сүйтсек, Ибра­њим пайғамбар Сүлеймен пай­ғам­бардың сарайы Әлақ Сәмiш мешiтiнде жатыр екен. Бұл талас тудырып жүрген дүние. Барлық пайғамбарлардың ба­сына барып, Мұса пайғамбар­дың басына бармай қалдым. Жол­серiктерiм "пайғамбардың басына бармаймыз" деп, үзiлдi-кесiлдi қарсы болды. "Алланың пайғамбарының басына құран оқымай кетпеймiн" дедiм. Жа­нымдағылар: "Апарамыз, бiрақ iшiне кiрмеймiз" деп келiстi. Кесене Мәулiт теңiзiне кетiп ба­ра жатқан жолда, ескi қала­ның сыртында екен. Жолдың ше­тiндегi құмның iшiнде. Жол еврейлердiкi, жер палестина­нiкi. Еврейлер мұсылман кесе­не­сiне кiрмедi. Барсам, кесе­не­де ешкiм жоқ. Магнитофон­мен құран оқылып жатыр. Ізет жа­сап, бейiттi бiрнеше рет ай­налдым. Санамнан: "Кесене неге мұсылман стилiнде салын­ған?" деген сұрақ кетпей қой­ды. "Египеттiң басшысы бол­ған мұсылман салған. Бұрын құл болған, Бейбарыс батыр" деп жауап бердi жанымдағылар. Ев­рейлер мен палестиналық­тар Бейбарысты араб деп та­ни­ды екен. "Бейбарыс екенiн қалай дәлелдейсiңдер?" деге­нiн­де, кесененiң маңдайша­сын­да арабша жазуды көрсе­тедi. Онда кесененi салған Бей­барыс Сұлтан екенi жа­зы­лыпты.

- Дiнге етене жақын бо­луы­ңыздың себебi неде?

- Әкем дiндар адам болды деп айта алмаймын. Әкем пар­тия адамы болды, Социалистiк Еңбек Ері, өмiр бойы колхоз басқарды. Республикаға таны­мал адам болды өз басым дiн­дарлықты өмiрден бөлек алып қарамаймын. Дiн - өмiр сүрудiң көктен түсiрiлген тәртiбi. Дiндi бiр адамның басын қатырып жүр­ген догматика деп қарай­тын­дар атеистер. Нағыз ˜өмiр дiннiң iшiнде. Дiнге философия арқылы, тарихты зерттеудiң ар­қа­сында жеттiм. Дiн көктен түскен iлiм. Ньютон, Энштейн, Менделеев, Архимед, Пифа­гор, Фараби бiлiмдi дiннен ал­ған. Алған бiлiмiмен Фараби де, Йассауи де пайғамбарға жа­қындады. Қызмет бабымен көп жерде болдым, бiрақ ол кезде зерттеу жұмысымен ай­на­лыса алмадым. Қазiр мүмкiн­дiк бар. Тарих саясаттың ың­ға­йына қарай өзгерген. Адам ба­ла­сы келiсiмге келе алмайтын­дай етiп шатасқан.

- Сiздi Шу қаласынан ал­тын құран iздедi дегенi рас па?

- Мен алтын iздеген жоқпын. Оны көрсем де, алмаймын. Мен ол жерден ата-бабадан қалған iлiмдi iздедiм. Тарих түбiрiн iз­дедiм. Мен қазған жерде қа­зақ­тың ұлы азаматтары жатыр. Олар - пайғамбарлар. Сол төрт пайғамбарды таптым. Олар­дың тылсымын ашу керек бол­ды. Мұны қазiр айтқанмен еш­кiм түсiнбейдi.

- Бiр басылым Сiздi "ар­уақ­тардың менеджерi" деп, қатты сынап жазды.

- Тапсырмамен жазылған мақала ғой.

- Өзiңiздi "қатардағы қа­ра­­па­йым деп утаттын" дедi­ңiз. Би­лiкте отырған адам қа­ра жаяу болмайтыны бел­гiлi. Әңгiме ауа­нын ендi сая­сатқа бұрсақ. Марат Тажиннiң Мадридте бер­ген БАҚ, саяси партиялар, сай­лау туралы уәдесi қанша­лық­­ты өмiршең деп ойлай­сыз?

- Жоқ, мұны айтпаймын. Сая­си айтыс-тартысты қойған адам­мын. Мен турасын айта­мын. Газет арқылы бiреуге тиiс­кiм келмейдi. Менiң қазiргi қозғап жүрген тақырыбым бас­қа. Бұл әр адамға берiле бер­мейтiн қасиет. Оның жолын ма­ған ғана көрсетiп отыр. Соны­мен келе жатырмын. Есiл қала­сында жерұйық бар екен, со­ның көзi аштым. Бұл ғылым бая­ғыдан бар көрiнедi. Бұл интер­нет­те бар дүние. Онда ерте за­маннан, Асанқайғы мен Қор­қыт­тан бұрынғы ғұламалар жер­ленген екен. Жерұйық бар ел дүниедегi ең бақытты мем­лекет болады. Алла Тағала ша­пағатын сол елге төгедi. Қазiр ғұ­ламалар кесенесiн жаңғыр­ту­мен айналысып жүрмiн. 701 жылы Қытайда туылған Елiбай (Ли Бай) деген ақынды аштым. Шу бойында дүниеге келген. Ол кезде қазақ деген халық жоқ, бiрақ қазақтың бiр руынан екенi анық. Ли Бай- Қытайдың ұлы ақыны. Оны Мао Цзедуннан жоғары құрметтейдi. Қытайда 15-50 га жердi алып жатқан 7-8 кесенесi бар. Мүсiнi Мао Цзе­дун мүсiнiнен көп. Ман Шань (6 млн. халық тұрады) қаласының әр 30 метрiнде Елiбай суретi iлi­нiп, өлеңдерi тасқа қашалып жазылған. Жылда Елiбай күн­дерi өтiп, өлеңдерi оқылады екен. Елiбай туралы деректi фильм түсiрiп келдiм. Оның әкесi алқа би болған адам. Ол да ақындықтан құр алақан бол­маған. Орыстар оны Ли Бо деп аударыпты. Оның өлеңдерiн кезiнде Анна Ахматова, тiптi Жак Ширак та аударған көрi­недi. "Қазақ халқы бiлiмсiз, кө­шiп-қонып, тентiреп жүрдi, түбi бұл жер қазақтардiкi емес" де­ген орыстарда жымысқы сая­сат бар. ХII ғасырдан ары қа­рай не бар айтыңдаршы де­сем, бiреуi бiр ғұламаның есi­мiн атай алмайды. Ал, мен бi­лемiн. Бiрақ мұны түсiнуге ха­лық дайын емес. Қазiр айтайын десем, бiреуге бұл дерек ке­рек, екiншiсiне керек емес. 1,5 млрд. қытай Елiбайға басын иедi десем, бүкiл әлем қазақты сыйлар едi. Оның қазақ екенiн дәлелдеу үшiн әуелi руын тап­тым. Дулаттың тоғызыншы ұр­па­ғы екенi тасқа қашалып жа­зылған. Елiбайға қырғыздар бiз­ден бұрын таласты. Ш.Айт­мат­ов бастаған қырғыздың ақын-жазушылары мен акаде­миктерi қол қойған хат бар. Олар Елiбайды Тоқмақта туған дейдi. Қырғыз ақыны деп та­ныды. Қытайда бiрнеше пiкiр­та­лас өткiздiм. 701 жылы қыр­ғыздар Енесей бойы мен Қы­тайда отырды. Онда Шу бо­йында туған Елiбай қайдан қыр­ғыз болады? Қытай елi Елi­байдың 25 кiтабын сыйға тарт­ты. Адағы жоспарым - Елiбай­дың кiтабын шығару, деректi фильмнiң тұсаукесерiн өткiзу.

- Елiбайдың қазақ екенiн қытайлықтар бiле ме екен?

- Бiледi. Ендi зерттеймiз деп жүр екен. Го Ма Жо деген Мао Цзедуннiң орынбасары ˜өз кiтаптарында Елiбайдың қазақ екенiн жазып қалдырыпты. Ол да Шу өзенiнiң бойында туған деп жазады.

- Өткен жылы Елбасы­ның Шығыс және Батыс док­тринасын талқылауға ар­нал­ған конференцияда қыр­ғыз депутаты "Қазақ қыр­ғыздан тарады" деген едi.

- Қырғыз түк бiлмейдi. 740 жылы қырғыздар ұйғырларды талқандады. Новокузнецк-Ала­тау деген тау бар. 840 жылы ұй­ғырлар есiн жинап, қырғыз­дар­ды қырады. Қырғыздарға қытайлар көмектеседi. Бас сау­ғалаған қырғыздар үшке бө­лiнедi. Бiр бөлiгi Сiбiрге кетiп, хакас болады. Екiншi бөлiгi Арқаға бет алады. Аста­на­да қырғыз деген ру бар, олар қа­заққа сiңiп кеткен қырғыз­дар. Үшiншi бөлiгi Алатауды па­налайды. Қырғыздар: "Бiз бас сауғалап келе жатырмыз" деп, қазақтардан пана сұрай­ды. Қазақ: "Алатаудың шетiне кiремiн десең, кiр" деп рұқсат бередi. Қырғыздар Тәңiр тауын Х ғасырда паналаған.

- Қазақстанның шекара­сын белгiлеуде күнi кешеге дейiн қырғыздармен айты­сып-тартысып келдiк. Қыр­ғыздармен шекара бөлi­су­де ел аузында Сыпатай ба­тыр секiлдi аңыздар бар.

- Сыпатай батыр Меркеде датқа болған. Таудан берi ас­пай­сың деп, ағасының сүйегiн таудың етегiне қояды. Қыр­ғыздар түнде ұрланып келiп, үл­кен ақсақалдарын төменгi жақ­қа көмiп кетедi. Калинин үкiмi шыққанда, шекара дауы көп талас тудырды. Сол талас­қа жақында ғана нүкте қойыл­ғаны рас. Қырғыздардың ақы­сы кеткен жоқ. Сусамыр қыр­ғыз­дарға кеттi. Қырғыздарға: "Сусамыр сендердiкi болған емес" деп айттым. Ыстықкөл 1926 жылға дейiн Қазақстандiкi болды. Қырғыздар шекараны Алатаудың төбесiнде Ескендiр асуымен (Александровский хре­бет) белгiлейiк деп, Мәс­кеу­дi көндiрдi. Шекараны Ес­кен­дiр асуымен есептегенде, Ыстықкөл қырғыздарға кетiп қалды. Қазақтың жерiнде қай­да­ғы Александр? Ескендiрдi Александр деп, тарихты ша­тас­тырдық. Ескендiр дегенiмiз - Едiл (Атилла) батыр. Алла Та­ғала оны пайғамбарым деп, Ес­кендiр деген есiм бередi. Қы­тай­дың жерiне Александр Ма­ке­донский аяқ баспаған. Қы­тай­ға шабуыл жасаған Едiл ба­тыр.

- Қытайда болғаныңыз­да, Шәуешектегi жазушы Қа­жығұмар Шабданға бар­ма­дыңыз ба?

- Жоқ. Елiбайдың соңына түс­тiм. Нан Кинь, Сыш Вань, Пекин, Ман Шань деген т˜рт ˜лкесiнде болдым. өлке орта­лы­ғында 17 млн. адам, аудан орталығында 5 млн. халық тұрады екен. Ең аз жерiнде 2 млн адам тұрады. Тай-түрiк бабаларымыздың империясы. Ондағы шиндар, тибеттiктер, Ман Шинь, қытайдың Лао им­пе­риясы болған. Лао империя­сы­ның халқы сынғандар деп атал­ған. Печорин сынғандарды ки­дан деп аударып, шатастыра­ды. Сынғандарға қазақтар да, шин­дар да салық төлеген. Бұл халықты жойған Шыңғысхан. Мұны қытай елi де растап отыр.

 

- Бiр рет iздеп келге­нi­мiзде, Сауд Арабиясында, екiн­шi рет­те Қытайда бол­ды­ңыз. Ендiгi жос­парыңыз қан­дай?

- Италия мен Грекияға бара­мын. Екi елдiң тарихын зерт­те­сем деймiн. Гректер мифоло­гия­дағы кейiпкерлердi адам ғып қателеседi. Олардың Құ­дай деп жүргендерi - құдiрет­тер. Қазақ көп жайтты бiледi. Әр тiршiлiктiң иесi "Қамбар Ата", "Зеңгi Баба", "Сексек Ата", "Шопан Ата" - құдi­рет­тер. Арабтар бұдан айырылып қал­ған. Мұсылман дiнi ықылым заманнан бар. Ибраһим пай­ғам­бар мұсылман деп жазыла­ды. Ибрањим пайғамбар бұдан 5000 жыл бұрын өмiр сүрген. Мү­сiн пайғамбары бұдан 700 мың жыл бұрын пайда болған. Яғни, содан берi ислам дiнi бар деген сөз. "Әлiмсақтан берi мұ­сылманмын" деген сөз бар. "Әлiмсақ" бiздiңше, 11 мың жыл бұрын. Сақтар 11 мың жыл бұ­рын өмiр сүрген... Тағы бiр жос­парым - Оңтүстiк Америка, Жапония, Сингапур, Меккеге бара­мын. Зерттеулерiмдi бi­рiз­ден­дiрiп барып, қорытын­ды­сын шығармақпын. Бүгiнгi айтып отырғандарым, үлкен ең­бектiң тамшысы ғана.

Әңгiмелескен

Сәуле ҚАБАНБАЙ,

Астана

(жалғасы бар)

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1076
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 967
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 817