Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4190 0 пікір 21 Қазан, 2014 сағат 12:02

Алматыда әкімдіктегілердің 50 пайыздан астамы - артық салмақ иелері

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігі қызметкерлерінің көбінен артық салмақ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін, 21 қазан күні шенеуніктердің денсаулығын тегін тексеру үшін әкімдікке №11 емхана дәрігерлері келген.

Терапевт, эндокринолог, лор және онколог-маммолог әйелдер мен ерлерді тексерген. Таңертеңнен шенеуніктер кезекке тұрып тексеруден өткен. Осыған байланысты: "Қазіргі дейін біз Жетісу аудандық әкімдігі қызметкерлерінің 40 пайызын тексеріп шықтық. Олардың 50 пайыздан астамында артық салмақ болып шықты - бұл қант диабетіне соқтыруы мүмкін. Екі адамның қанынан қанттың жоғарғы көрсеткіші анықталды. Бүгінде қозғалыссыз өмір салтын ұстанатын шенеуніктер арасында жүрек-қан тамырлары аурулары көп кездеседі. Бұл жайт метабола синдромының дамуына ықпал етеді, бұдан артық салмақ, миокард инфаркты, сусамыр сияқты аурулар пайда болады", - деп хабарлаған №11 емхананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі Айнар Әмірғазинова.
Оның айтуынша, бұл дәрігерлердің шенеуніктерге бірінші рет келуі емес. Жүргізілген акциялардан соң дәрігерлер пациенттерге денсаулығын одан әрі тексеріп жүруі үшін ұсыныс-кеңестер береді. Жетісу аудандық әкімдігінің кейбір қызметкерлеріне УЗИ-ден өтіп, қосымша мамандарға қаралуы керек. "Онкологиялық аурулардың арасында сүт безі қатерлі ісігі ең алғашқы орында тұр. Сондықтан біз жиі-жиі тексеріліп тұруға, барлық қазақстандыққа жылына кемінде бір рет медициналық тексерістен өтуге кеңес береміз", - деді ол.

Абай-ақпарат

0 пікір