Сенбі, 4 Мамыр 2024
Қоғам 7174 0 пікір 6 Қараша, 2014 сағат 01:50

ЦЕЛИНОГРАДТА СЕРГЕЛДЕҢГЕ ТҮСКЕН ҚАЗАҚТАР

 

Ақмола облысы, Қоянды ауылындағы жағдай тағы да ушыға түсті. Бүгін шенеуніктермен бетпе-бет келіп жүрген белсенді азамат Гүлісхан Домалайқызының үйіндегі пеш жарылып, бала-шағасын тек періште қағып, аман қалды, хабарлайды 31 арнаның Инфорбюро жаңалықтар қызметі.

Видеодан алынған скриншот: Гүлісхан Домалайқызының баласы

Жоғарыда Инфорбюро жаңалықтар қызметінің youtube видео желісінде жарияланған видеосын беріп отырмыз.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылындағы оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, белгілі саясаттанушылар мен көші-қон мәселесін көтеріп жүрген азаматтардың наразылығын тудырды.

Айдос Сарым, саясаттанушы: Ақмоланың шекпенділері ит пе кім өзі?

«Қоянды ауылындағы бетпақтығы анау, енді қазақ мәселесін айтып, шырылдап жүрген Күлісхан замандасымызды, оның үш балапанын, үйін жарып, өртеуге көшкен бе?
Егер жақын арада осы қылмысты жасаған адамдар ұсталып, жазасын алмаса, оны ұйымдастырған, дем берген Кулагин бастаған жергілікті билік деп түсіну керек!
31-дің жаңалықтарын қараңыздар! Масқара ғой!»

facebook.com/aidos.sarym


Ерлан Саиров, саясаттанушы: Мыналардың істеп отырғаны - үркіту 

«Бұлар, осы оралманды әбден шаршатып бітті. Ертең бір нәрсе болып кетсе, елді кім қорғайды ей? Қазіргі геосаяси жағдайда оларды керісінше жалынып отырып көшіріп алу қажет. Солтүстік облыстар бар, Павлодар, Өскемен бар.Оларды қазақпен толтырмаса, бітті деген сөз,оқыс болуы ықтимал. Ал мыналардың істеп отырғаны, үркіту. Алдында М. Жолдасбеков деген бір данышпан көшпеңдер деп жылап отырып алып еді, енді мына мәселе. Қытайдан келген қазақтар, әр қайсысы жылына сол Қытайдан 20 000 доллар әкеледі.Ал оралмандардың саны осы кезде 1 млн асты. Есептеп көріңіз енді Олардың мәдени үлесі басқа әңгіме. Ал біз оларға оралман деген ат бердік, қайда жүрсе ренжітіп қоямыз.. Шетте 5 млн астам қазақ жүр олардың 70 пайызын әкелсек басқа да ішкі тұтыну деген экономикалық мәселені шешеміз. Мұнайдың бағасы түсіп келеді. Бұрынғы жеңіл ақша болмайды деген сөз.Те қана ішкі тұтыну экономиканы ұстап тұра алады. Бұл - аксиома.Осыны ұқпайтын қазағым ау, әйтеуір...»

facebook.com/e.sairov

 

Ауыт Мұқибек, ақын: Бұл сұмдық оқиға! 

«Бұл шынымен де сұмдық оқиға! Қасақана жасалған қылмыс! 
Үкімет бұған баса назар аударғаны жөн! 
Ақпарат құралдарының айтуына қарағанда "Жер дауын" тек қандастарымызға ғана жабу бір жақтылық болады. 
Қайталап айтайын, іргесіндегі бос жатқан жерді бөлісіп ап, біреулер үй салып жатқанда, жергілікті билік қайда қарап отырған?! 
Сосын, жергілікті биліктің қолында оралмандардың тұрғызып алған сол баспаналарын күреп тастауға шығарған соттың шешімі бар ма екен?!, 
Екінші бір жағынан, бұл Қазақ көші қайта жандандыруға қарсы күштердің әдейі жасаған арандатуы, шеттен келгісі келіп отырған жұртты тіксіндіруі де болу мүмкін! Мұнымен олар ешкімді де қорқыта алмайды!
Сондықтан Кәрім Мәсімов тез арада үкіметтік коиссия құрып, тексертуі, істің ақ қарасын ажыратуы керек!»

facebook.com/oimanbulak 

Дайындаған - QJ

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1017
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 886
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 665
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 745