Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 9115 3 пікір 10 Қараша, 2014 сағат 15:13

«ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР»

«Шабыт» XVII халықаралық шығармашыл жастар байқауының салтанатты жабылу кеші 8-қараша күні Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» анықталды. Осыған байланысты журналистерге арналған баспасөз маслихаты өтіп, қазылар алқасы биылғы жастар фестиваліне баға берді.

5 күнге созылған фестивальде жан-жақтан жиналған 495 өнерпаз 6 номинация бойынша бақтарын сынады. Оның ішінде Қазақстаннан 364, ал Қытай, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінен 131 дарынды жас қатысты.  

Баспасөз маслихатында «Биылғы байқауға шетелден шақырылған қонақтар фестивальдің өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. Бұл байқауды әлемдегі ең үздік өнер сайыстарының қатарына қосуға болады» - деді Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов.

ҚР Халық артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық конверваториясының ректоры Жәния Әубәкірова «Шынында да бұл теңдесі жоқ байқау. Өйткені, біздің елде ғана жастардың талантын ашуға, көрсетуге бар жағдай жасалуда» деп өз пікірін білдірді.

Ал кешкі Гала-концертте Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов 15 жастағы алматылық сазгер, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының 3-курс студенті Рахат-би Әбдісағынға Президент Кубогын тапсырды.

«Шабыт» XVII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Бас жүлдегері Рахат-би Әбдісағын «Президент Кубын алу – мен үшін үлкен мәртебе. Елбасымыздың ел экономикасын жақсартып, мәдениет саласына көңіл бөлуінің арқасында осындай жетістікке жетіп отырған біз, жастар бақыттымыз» дей келе, шараны ұйымдастырушылар мен қазылар алқасына және ұстаздарына ризашылығын білдірді.  

Сондай-ақ, 6 номинация бойынша 8 Гран-при иегерлері марапатталды. Олар:  

  1. «Камералық ансамбль» номинациясы бойынша Өзбекстанның Ташкент қаласынан келген «ZEBO» квартеті,  жетекшісі профессор Ұлықбек Иманов;
  2. «Классикалық музыка» номинациясының «Композиторлар жарысы» аталымы бойынша алматылық Рахат-би Әбдісағын;
  3. «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша көкшетаулық Лолита Хугаева;
  4. «Халық музыкасы» номинациясы бойынша «Ұлттық үрмелі аспаптар» аталымы бойынша алматылық Райхан Омар;
  5. «Халық музыкасы» номинациясының «Ұлттық шертпелі аспаптар» аталымы бойынша алматылық Асылай Әпенова;
  6. «Камералық хор» номинациясы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік филормониясының камералық хоры;
  7. «Ең үздік әдеби туынды» номинациясы бойынша Түркістан қаласынан Батырхан Сәрсенхан;
  8. «Хореография» номинациясы бойынша астаналық Еркін Рахметуллаев

 

Бұдан бөлек, байқаудың арнайы сыйлық игерлеріне де диплом табыс етілді:

  1. Прлфессор Фудиман Яков атындағы сыйлық – Әйгерім Дәуітбаева, Айгүл Аушан;
  2. ҚазССР Халық артисі Ахмет Жұбанов атындағы сыйлық – Никита Пологнюк;
  3. СССР Халық артисі Еркеғали Рахмадиев атындағы сыйлық – Әлибек Адырбаев;
  4. Халық суретшісі Нығымбек Нұрмұхаммедов атындағы сыйлық – Хакшиназ Ахмад Зия;
  5. Болат Сарыбай атындағы сыйлық – Ғанибат Сарқытұлы;
  6. Қазақстан және СССР Халық артисі Ғазиза Жұбанова атындағы сыйлық – Алматы қаласы Чайковский атындағы колледждің «Алатау» хоры;
  7. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлық – Әлия Іңкәрбек
  8. СССР Халық артисі Рамазан Бапов атындағы сыйлық – Еркін Рахметуллаев

Халықаралық өнер додасын өткізуге Астана қаласы әкімдігі мен Астана қаласы Мәдениет басқармасы және Қазақ Ұлттық өнер университеті қолдау көрсеткен.

Қосымша ақпарат

 

Баспасөз маслихатына қатысқан қазылар алқасының тізімі:

 

  1. «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша қазылар арқасының төрайымы – «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК Бас директоры Әсел Өміршина;
  2. «Хорегрофия» номинациясы Тұрсынбек Нұрқалиев – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» МОБТ балетінің көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері;
  3. «Халықтық музыка» номинациясы бойынша қазылар алқасы төрағасы – ҚР Мәдениет қайраткері, сазгер, фольклор зерттеушісі Еділ Құсайынов;
  4. «Классикалық музыка» номинациясы, «Симфониялық оркестр дирижерлары» аталымы бойынша қазылар алқасы төрағасы – Берлин симфониялық оркестрінің Бас дирижері Lior Shambadal;
  5. «Классикалық музыка» номинациясы «Камералық ансамбль» аталымы бойынша – ҚР Халық артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық конверваториясының ректоры Жәния Әубәкірова;
  6. «Классикалық музыка» номинациясы «Композиторлар сайысы» аталымының қазылар алқасы төрағасы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, сазгер, Қазақ Ұлттық өнер университетінің проректоры Серік Еркімбеков;
  7. «Камералық хор» номинациясы бойынша қазылар алқасы төрағасы – ҚР Еңбек сіңірген  қайраткері, Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Бейімбет Демеуов;
  8. «Ең үздік әдеби туынды» номинациясының қазылар алқасы төрағасы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет;
  9. Болат Мажағұлов – Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы

 

Өзге де ақпараттар бойынша төмендегі телефонға хабарласуларыңызға болады:

8-727-354-06-07, 8701 360 66 63

e-mail: aigerim_agyltayeva@gmail.com

3 пікір