Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3691 0 пікір 13 Қараша, 2014 сағат 14:39

ТҚЖБ: Екінші келісімшартты екі есе жеңілдікпен жаса!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының әрбір депозитіне мемлекет сыйақысы есептеледі

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» «Екінші келісімшартты екі есе жеңілдікпен жаса» атты акциясы 2014 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасуда. Аталған акция аясында кез-келген салымшы өз атына, сондай-ақ, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының атына екінші депозит ашу мүмкіндігіне 50 пайыз жеңілдікпен қол жеткізе алады.

Салымшы үшін «бұл тиімді ме?» деген сұрақ туары анық. Әрине, өте тиімді! Өйткені, салымшы өз атына, сондай-ақ, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының атына екінші депозит ашу арқылы, үстіміздегі жылдың соңында мемлекет сыйақысына ие болады. Яғни, әр ашылған депозитке салынған 200 АЕК көлемінен немесе 370400 теңгеден аспайтын қаржыға мемлекет тарапынан 20 пайыздық сыйақы төленеді.

Салымшылардың табысын арттыру мақсатында банк отбасы мүшелерінің атына бірнеше депозиттер ашуға кеңес береді. Бұл жағдайда сыйақы әрбір азаматқа есептеледі. Ал, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының жинақ қаржысының көлеміне 2 пайыздық сыйақы тағайындалған, депозиттердің жылдық тиімді мөлшерлемесі 12,6 пайызды құрайды. Сыйақы тағайындау арқылы мемлекет жеке баспанасы үшін қаржы жинақтауды мақсат еткен салымшыларды ынталандыруды көздейді. Ескеретін бір жайт, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына төленетін сыйақы депозиттердің өтіп бара жатқан жылдың 1 қаңтарындағы жағдайымен есептеледі.

Егер салымшы баспана сатып алуға бел буған болса, банктегі өз атына және отбасы мүшелері мен жақын туыстарының атына ашылған есеп шоттардағы қаржы біріктіріліп, тұрығын үй заемы беріледі. Бүгінгі таңда баспана сатып алуға берілетін несие нарығындағы ең тиімді тәсіл осы тұрғын үй заемдары болып отыр.Тұрғын үй заемдарын сатып алатын баспана құнының 50 пайызын 3 жылдан кем емес мерзім ішінде жинақтаған әрбір салымшы алуға құқылы. Ал, баспана бағасының қалған 50 пайыз құны үшін банк тарапынан тұрғын үй заемдары беріледі де, оған 3,5 пайыз бен 5 пайыз аралығында жылдық сыйақы мөлшерлемесі есептеледі. Заемның жылдық тиімді мөлшерлемесі 4 пайыздан аспайды.

Тұрғын үй заемдары тұрығын үй сатып алуға, жер телімдерін сатып алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге, ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға, сондай-ақ, ипотекалық несие алуға қажетті бастапқы қаражат түрінде беріледі.

Айта кету керек, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Холдингтің құрылу мақсаты ұлттық экономиканы сауықтыру мен өркендету және инвестициялар тарту, сондай-ақ кластерлік жүйе мен корпоративті басқару ісін жетілдіруді көздейді.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2032
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2469
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2049
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1593