Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Осы ғой енді... 10704 0 пікір 14 Қараша, 2014 сағат 17:07

ҚАЗАҚ-ҰЙҒЫР ҰЙЫСҚАН АУДАН

Жекешелендіру жылдары өңірді басқарған Мұратбек Насыров жергілікті малшы қазақты қыстауы мен алдындағы малынан айырып, шұрайлы жерлерге қандастарын қоныстандырып, алдына төрт түлік салып берсе, Заманбек ағамыз облысқа әкім болып тұрғанда ауданның тізгінін ұстаған Владимир Тохтасунов «қанына тартпағанның қары сынсын» деп, сол кезде бастау алған ыстық су нүктелерінде демалыс орындарын салу жұмысын бұра тартты. Соның арқасында қазіргі кезде аудан орталығы Шонжы мен шекара шебіндегі Қалжат ауылының арасын жалғастырып жатқан 90 шақырымдық заманауи автобанның бойында орналасқан жүздеген демалу-сауықтыру орындарынның бірлі-жарымы ғана қазаққа тиесілі.

Серік Үмбетов келіп, Тохтасуновты ауыстырғанда басшылыққа қазақ тағайындаларына күмәнсіз сенгендердің маңдайы 2007 жылы да тасқа тиген еді. Каюмчан Омаров сол тағайындалғаннан жеті жыл тапжылмай әкімдікте отырды. Осы жылдары ауданда қазақ пен ұйғыр арасында түсінбестік жиілеп кеткенін жұртшылық БАҚ арқылы жақсы біледі.

Ендігі үміт Баталовта еді. Бұл да ағалары салған «сара жолдан» ауытқи алмады. Жоғарыда есімі аталған Владимир Имтахунұлы Тохтасуновтың туған інісі Алимжан Имтахунұлы Тохтасуновты Ұйғыр ауданының әкімдігіне тағайындады. Сонымен бірге Каюмчан Абанұлын да далада қалдырған жоқ. Өзіне кеңесші етті. Осылайша бір басына кеңес беретін «ақылмандар» санын төртке жеткізді. Оны қойшы, Ұйғыр ауданында тұратын 40 мыңға жуық қазақтан өңірді өркендетер бір азаматтың табылмағанына қарның ашады. Аудан басшысын қазақ ете алмай жүргенде, ауданның атауын қазақшалау туралы әңгіменің бос далбаса екеніне көзің жете түседі.

Шәріпхан Қайсар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2436
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2016
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586