Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4175 0 пікір 3 Желтоқсан, 2014 сағат 13:04

ТҚЖБ: астаналық қызмет көрсету орталығы жаңа қонысқа көшеді

Абай.kz порталында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жұмыстары жайлы ақпараттар жариялана бастағалы оқырмандардан көптеген сауалдар келіп түсуде.

Демек, тұрғын үй мәселесіне қатысты жұрт көкейіндегі көп сұраққа түсінікті әрі қазақ тілінде жауап табу күн тәртібінде тұрғандығын жасыруға болмайды. Осы себептен де Абай.kz өз оқырмандарына қажетті ақпаратты жиірек жариялауға ден қоймақ. Бұл әр қазақтың қолына пәтер кілтін ұстатып жібереміз деген сөз емес, жалпы баспана нарығы туралы, қол жетімді баспанаға қол жеткізу жолдары жайлы және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» осы бағыттағы атқарып отырған қызметі туралы да хабардар етуге деген талпыныс. Ендеше, құлағыңыз түрік болсын, оқырман!

Ал, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қатысуымен Астана қаласында берілетін пәтерлерге қатысты оқырман сауалына қатысты барлық ақпаратты www.hcsbk.kz  сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, Астана қаласындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның орталық филиалының қызметкерлері салымшыларды толғантқан барлық сауалдарға жауап беруге әзір.

Айтпақшы, Астана қаласындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның орталық филиалының №2 қызмет көрсету орталығы жаңа қонысқа көшіп жатыр. 18 желтоқсаннан бастап астаналықтар үшін қызмет көрсету орталығы мына мекен-жайда: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 4 үйде есігін айқара ашпақ. Хош келдіңіз!

0 пікір