Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6701 0 пікір 3 Желтоқсан, 2014 сағат 14:58

КЕДЕРГІСІЗ БОЛАШАҚ

3 желтоқсан - Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың халықаралық күні, Қарағанды қаласында даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» ашылды. Орталықта жыл сайын  дамуында әр түрлі ауытқушылықтары бар   жүзден астам  балаға, білікті мамандар тарапынан    кешенді тегін көмек көрсетіледі.

       Орталықта  түзете-дамыту арқылы қолдау  көрсететін  мамандар  жұмыс істейді: педагог-психолог (эмоциялық және интеллектуалдық дамуындағы кемістіктерді оңалтушы), мұғалім-дефектолог (танымдық ортадағы проблемаларды оңалтушы ), тифлопедагог (көру қабiлетiндегі кемшіліктерді оңалтушы), сурдопедагог (есту қабілетіндегі кемшіліктерді оңалтушы), мұғалім-логопед (сөйлеу қабiлетi бұзылғандарды оңалтушы),  емдік дене шынықтыру нұсқаушысы (жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған балаларды оңалтушы ), музыкалық ырғақ сабағының мұғалімі, емдік массаж жасайтын медбике. Сондай-ақ даму  мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық қолдау клубы қызмет етеді, ал балалар үшін  уақытша қысқа  мерзімдік келу тобы ұйымдастырылған.

     Орталықта барлық нормативтер бойынша кедергісіз орта ұйымдастырылған: пандус,  кең ойылған есікер, түс белгісі, тұтқалар бар, кедергі келтіретін табалдырық жоқ. Кабинет заманауи оңалту құралдармен, Монтессори материалдарымен жабдықталған.  Сонымен  қатар, «Дара»  қоры орталыққа жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған балаларды тасымалдау  үшін   инватакси   тарту етпек.

    Орталықтың ашылуының арқасында Қарағанды қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды   түзету көмегімен қамту 2 есеге  ұлғайтылып,   көмек  кезегінде тұрғандар саны 60%  төмендейді.

- Ата-ана ретінде біз баламыздың дамуындағы ауытқушылықтанрға қарамастан, оны барынша өмірге бейімдеу қажеттігін түсінетінбіз. Бірақ бұл мақсатқа жетудің жолын білмей қиналып жүрдік. Түзету орталығының арқасында бұл арманымызға жеткендейміз. Мұндағы мамандар біздің баламыздың ауруынан қымсынудың орынсыз екенін түсіндірді. Біз оның басқалардан ерекше екенін ұғындық. Орталықтағы мамандарымен сабақ оқи бастағаннан кейін баламыздың өмірге деген ынтасы артты. Біз де баламызбен, бір-бірімізбен қалай қарым-қатынас құруды үйрендік,- дейді Руслан Кабаловтың анасы Марина.

       Түзету кабинеті «Бәріміз бірдейміз,кемсітуді  білмейміз: Біз  инклюзивтік қоғам  үшін» жобасының  шеңберінде  ашылды. Жоба мақсаты  -  мүмкіндігі шектеулі балалардың басқа қатарларымен бірге жалпы орта білім беретін мектептерде оқып, қоғамда өз орнын табуына көмектесу.  Жобаның бас әріптесі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне  облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, облыстың білім басқармасының өкілдері мен  жоба демеушісі  «Дара» қайырымдылық қорының өкілдері қатысты.

Абай-ақпарат.

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 599
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 342
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 347
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 350