Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4777 0 пікір 15 Қаңтар, 2015 сағат 12:17

ЕСІМОВТЫҢ ЕСІН ШЫҒАРҒАН КІМ ЕКЕН?

Арғы күні Алматы қалалық әкімдігің қызметкерлерінің «астынан су шыққандай» қылып, арнаулы қызметті аяғынан тік тұрғызған адам қазір абақтыда. Ғимараттағы көп кабинеттің біріне тығылып алып, түсініксіз талап қойған азамат бұған дейін ұрлық жасап сотты болған көрінеді.

Тергеу абақтысында отырған алматылық тұрғын 37 жаста, қаланың Түрксіб ауданында тіркеуде тұрады. Алдын – ала анықталғандай, ұсталған азамат ешқандай террорлық акті жасауға талпынбаған. Ол бұл қадамға қаржылық жағдайының қиындауына байланысты және сотта қаралып жатқан азаматтық іс бойынша қарсылық білдіргісі келгендіктен барғандығын айтқан.

Оқиға орын алған күні ол полицияға өз еркімен берілген болатын. Ұстау кезінде күдіктінің қолынан жарылғыш зат табылған жоқ еді...

Бәленің беті аулақ, тапа-тал түсте қаладағы қорғанысы мықты әкімшілік үйін «басып алуды» көздеген кісінің бұл әрекетіне күліп қана қоя салатын шығармыз... Бірақ, елдің ғана емес, Есімовтың де есін алған оқиғаның сабағы бола ма?

Абай.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 739
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 569
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 579