Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4535 0 пікір 15 Қаңтар, 2015 сағат 12:53

КАЛАЧИ: АУЫЛ ӘКІМІ «ҰЙЫҚТАДЫ...»

Ойпырмай, «сот пен дерт адам таңдамайды» деген рас екен... Міне, Ақмола облысындағы атақты Калачи аулындағы қалың ұйқыға кетушілердің қатарына енді ауылдық округ  әкімі қосылды.

Красногор ауылдық округінің әкімі Әсел Садуақасова белгісіз ауру диагнозымен ауруханаға жатқызылыпты. Дәрігерлер бұған дейін ұйқыға кеткен адамдардың бойынан табылған белгілер Әсел ханымға да тән екендігін айтуда.

Ал, Калачидегі белгісіз дерттің ошағы анықталғаннан бері, оның зардабынан ұйқыға кеткен адамдардың ұзын-саны 120 адамнан асты.

Айтпақшы, бұған дейін Красногорск селолық округінің әкімдігінде жүргізуші болып қызмет істейтін Владимир Дорошенко да осы дертпен ауруханаға жеткізілген болады. (Қараңыз: ӘКІМНІҢ ШОПЫРЫ «ҰЙҚЫҒА» КЕТТІ… http://abai.kz/post/view?id=2619)

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 846
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 696
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 545
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 550