Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жас қалам 6379 0 пікір 20 Қаңтар, 2015 сағат 00:22

Мейірхан МЕЙРАМБЕКҰЛЫ. КӨКТЕМІМДІ КҮТУДЕМІН

Абай.kz порталына Шымкенттен хат келді. Хат кейіпкері Мейірхан Мейрамбекұлы есімді жігерлі жас екен. Мейірхан – жас ақын. 21 жастағы бозбаланың жүрекжарды жазбаларын қарап отырып, жай ысырып қоя салуға қолымыз бармады. Туғаннан дертке шалдығып, әр күнін жарық сәуле үшін күреспен өткізетін Мейірханның мойымас қайсарлығына сүйсіндік. Оның көзі нашар көреді екен, бірақ, ойлары мен арманы қос жанары шырадай жанған көп замандастарына қарағанда шымыр да шынайы. Жас ақынның талабы биіктен көрініп, республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлдесін де алыпты. «Өмір – ұлы үміттер кемесі» деп жазған жас қалам иесіне әдебиет айдынына салған ескегін қайырылмасын дейміз.

 

АНАМА

Анашым-асылым, бар бағым,

Өзіңмен нұрланар жан-жағым.

Ана деп жыр жаздым,ән салып,

Талғанынша тілім менен жағым.

 

Қажырлы қос қолыңнан сүйіп,

Басыңа қояр ем бар бақытты үйіп.

Жылы жүзіңнен өзгені көргем жоқ,

Болсамда масыл, жаныңа күйік,

Жеткіздің мәпелеп, бетімнен сүйіп.

 

Тағдырыңа тосын жыр боп жазылып,

Әр адымың-кері кетті, мен деп шабылып.

Жалғыз азап шекпедім, армансызбын ана,

Қасымда болдың, жаралы жанымды ұғып.

 

Анашым-жан дәруіме айналып сөздерің,

Жұбана алмаймын сөзіне жылы  өзгенің.

Өмірді сүйіп, еңсеңді биік ұстай біл деп,

Әлі есімде күміс күлкіңмен жан терберің.

Бесік жырын алғаш  тыңдап өзіңнен ерек,

Ән мен жырға көп  қанықты көңілім менің.

 

Жанарымнан сорғалап аққан жасты талай,

Сүртуші едің, жылы сөзбен жұбатып талмай.

Ес кіргенде ақылдасар сырласыма айналдың,

Тірлік кешуді үйреткен де өзің өр боп азбай.

 

МЕН

Сан сынаған өмір төзімін.

Шыдам- сабыр -таңдауым,

Қатесі жоқ әсте сөзімнің.

Жалқы боп жүрдім жасқана,

Кеткен сәт- көңіл дауылы бастала.

Ұғындыра алмастан-ақ  қажыдым,

Мендегі хәлді, мендік күйді басқаға.

Мен-ай мен жұлдызға сыр айтам көп,

Жан мұңымды жарық ай түсінші деп.

Ырқына көндірме, дертіме жеңдірме деп,

Кірпік ілмес түндерімде талайғы демеп.

 

АРМАНЫМ 

Жүз ойландым,

Жүз толғандым,

 Еш қаламадым ,

Көңіл гүлімнің,

Ерте солғанын.

Ақ бұлтпен таласып,

Қиялменен бағы асып.

Үнсіздікке көп ұйып,

Қалам мұңмен жарасып.

Күндей күлер қабағым,

Нұр шашады жанарым,

Орындалса бір тілегім,

Бақыт жырын жазамын.

Азапты сілкіп сан жылғы,

Көкейден қуып сан мұңды.

Қарсы алам жарқын жүзбен,

Көктеммен талай жазыңды.

Адалдық тантып арманыма,

Жыр жазып шуақты таңдарыма.

Қалам мен қағазды сырлас еттім,

Жас іркілген шақтарда  жанарыма.

 

ЖАҚСЫЛЫҚ 

Жақсылық бар,

Жақсылық бар,

Тірек болар тірлікте.

Жақсы адам бар,

Жаақсы адам бар,

Жарар тілеулеске.

Жақсыға тән-мейірімділік,

Жан тербетер   һәм ізгілік,

Жақсы ойлар-жүрек қалауы,

Сыйлар өмірге сүйіспеншілік.

Жақсылық қана,жақсылық қана,

 Жүрсін жүрегіңменен  санаңда.

Жақсылық қана орын бар дәйім,

Үмітке иек артқан- мынау ғаламда.

 

ТІЛЕК ТАСЫ 

Тілекшің болып сенің,

Өтсе дедім, өмірім менің.

Жанарымнан жас тамса,

Таба алғаның-жүрек емін.

 

Келмейсің ғой келме,

Жоқ кел, сөзіме сенбе.

Тілек тасым-ол сенсің,

Жүруі тиіс өзіммен бірге.

 

Жанымның- жаққұт жыры,

Көңілімнің-ақ адал сыры.

Сенсіз қызығынан айрылар,

Махаббат мекенінің-ой-қыры.

 

Тілек тасым-жүректе сақтар,

Мәңгілік жырым-санада баптар.

Тілегім де, жүрегім де жалғыз сен,

Биік сезіммен –ғұмыр жалғасар.

 

КӨКТЕМІМДІ КҮТУДЕМІН 

Жанымды жырға орар деп,

Шаттық кесем бір толар деп.

Күтемін, бір келеріңе сеніп,

Мен күткен көктем,

Әйтеуір бір  келер деп.

Бір келеді, шыда жүрегім ,

Орындалып ақ қар тілегім.

Жабырқатқан өмірді шын,

Беріліп жүрекпен сүйемін.

Дерт-мазасыз  күйдің әлемі,

Өмір-тәңірдің ұлы сыйы еді.

дерт жүдетседе жүрегім мына,

Өмірді сүйумен ғана келеді.

Қорқақтық-өмірмен күреспеу,

Дертпенен-күн сайын тіреспеу.

Өмірден безіну-жігерді жанымау,

Ертегі-ертеңіне сеніп  үміттенбеу,

Ондай жанда болмайды еш өрлеу.

Адамның бағы-өмірді сүргені екен,

Адамның жаны-гүлденде нәзік екен.

Арманның шыңы-сенімнен құралып,

Өмір баспалдағында тірек болады екен.

Адамның ертеңі-дәл бүгіннен басталып,

Әр күні-ертеңмен , үмітпен өріледі екен.

 

БОЗ ҮМІТ

Ақ тілек-арманым үшін,

Өмірді сүйемін беріліп.

Қырандай самғауым үшін,

Жырым-өзің бол жанға серік.

 

Қиялға терең батқаным үшін,

Қалды деме,боз  үміті көз іліп.

Арайлап атқан –ақ таңым үшін,

Жүректің  күйін шертем төгілтіп.

 

Арайын таңның көргенім үшін,

Құс болып,бір сәт  шырқағым келіп.

Бақыттың сырына қанғаным үшін,

Қуанамын, жатсада жүрегім өртеніп.

 

Абай.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1813
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1823
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1533
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1420