Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4836 0 пікір 11 Мамыр, 2010 сағат 07:57

Сыздық сұлтан – Хан Кененің бел баласы

Ұлт патриоттары шақырған қазақ құрылтайына қатысты сыни пікір білдірген белгілі саясаттанушы Айдос Сарым мырза «Дат» жобасымен жарық көріп жатқан «Общественная позиция» газетіне берген сұхбатында Кенесары ханның шабылған басын тауып елге әкелу туралы өзіндік пікір білдірген болатын:

Сарым мырзаның аталған газетке берген сұхбаты abai.kz ақпараттық порталында толықтырылып басылған еді, біз бір «тосын» тақырыпқа тап болдық. Нақтырақ айтсақ, Айдос Сарымның сұхбатына орай Шоқай баласы,  Серік Мұратханұлы, Қабыл есімді (бұлардың бәрі бүркеме, жанама аттар болуы да мүмкін) порталымыздың форумында сауатты пікір жазатын парасатты азаматтар әйгілі Сыздық сұлтан туралы қызу бір әңгіменің шетін шығарды. Тоқсаныншы жылдардың басында қауырт қозғалып артынан баспасөз беттерінен көрінбей қалған Сыздық төре жайындағы зерттеу еңбектерге ел ішінің елеңдеп жүретінін біз жақсы білеміз. Хан Кененің бел баласы, заманында Наурызбайдай ағасы сияқты батырлығымен даңқы шыққан Сыздық турасында ашылып айтпайтынымыздың сыры неде? Біз осы сауалдарға жауап іздей отырып, порталымыздың форумында «кездескен» Шоқай баласы мен Қабыл мырзаның екеуара сұхбатын жариялауды жөн көрдік.

Шоқай баласы:

Ұлт патриоттары шақырған қазақ құрылтайына қатысты сыни пікір білдірген белгілі саясаттанушы Айдос Сарым мырза «Дат» жобасымен жарық көріп жатқан «Общественная позиция» газетіне берген сұхбатында Кенесары ханның шабылған басын тауып елге әкелу туралы өзіндік пікір білдірген болатын:

Сарым мырзаның аталған газетке берген сұхбаты abai.kz ақпараттық порталында толықтырылып басылған еді, біз бір «тосын» тақырыпқа тап болдық. Нақтырақ айтсақ, Айдос Сарымның сұхбатына орай Шоқай баласы,  Серік Мұратханұлы, Қабыл есімді (бұлардың бәрі бүркеме, жанама аттар болуы да мүмкін) порталымыздың форумында сауатты пікір жазатын парасатты азаматтар әйгілі Сыздық сұлтан туралы қызу бір әңгіменің шетін шығарды. Тоқсаныншы жылдардың басында қауырт қозғалып артынан баспасөз беттерінен көрінбей қалған Сыздық төре жайындағы зерттеу еңбектерге ел ішінің елеңдеп жүретінін біз жақсы білеміз. Хан Кененің бел баласы, заманында Наурызбайдай ағасы сияқты батырлығымен даңқы шыққан Сыздық турасында ашылып айтпайтынымыздың сыры неде? Біз осы сауалдарға жауап іздей отырып, порталымыздың форумында «кездескен» Шоқай баласы мен Қабыл мырзаның екеуара сұхбатын жариялауды жөн көрдік.

Шоқай баласы:

- Хан Кененің басын тауып алe керек болса, сол Кенесары ханның бел баласы Сыздық сұлтанның өзі іздеп табар еді, патшадан сұратар еді.  Ал,  Сыздық сұлтанның әкесін жоқтап қырғызға барғанын, моласын тауып құран оқығанын білесіздер ма? Алатаудың бауырындағы қырғыз қазақты түгел жинап салауат айтқанын білесіздер ме? Көп тарихшылардың оқығаны тек Бекмаханов, әдебиетшілердің оқығаны тек Әуезовтың жазғандары немесе қазіргі заманғы қияли жазушылардың жазғандары. Білімі таяздығынан өрескел пікірлер айтады да жүреді. Сыздық сұлтан әкесінің өлген жеріне барарында, жанына бірнеше кісі жолдас ертіп барған. Оның бірі сол кездері жалындап тұрған жас, қырғыз қазаққа бірдей даңқы шыққан Жамбыл ақын еді. Қырғыздар Сыздық сұлтан әкесінің құнын даулап келді - деп қатты қорықады.  Сондағы Жамбылдың естелігін оқыңыздар..

1940 ж. шыққан Жамбыл шығармалары 1 томы. Яна латын әріпімен жазылған, Жамбыл оны хатшысына оқытып отырып, өз редакциясынан өткізген. Сонда Сыздық сұлтанның Қырғыз сені шапқалы да келген жоқпын, құн сұрағалы да келген жоқпын. Әкемнің өлімінен кейін қазақпен араларың жаман суып кетті. Күнде дулат сені шабады, сендер оларды барымталайсыңдар. Мен сендерді татуластырып, араларыңда татулық болсын деп келдім. Өткеннің бәріне салауат айтам дейді.
Өстіп баласы Сыздық сұлтанның өзі кешіп, бәленің барлығы өз пиғылымыздан, жақсылықтың барлығы Құдайдан екенін түсінгенде, бүгінгі бізге не жорық?  Сондықтан  өткенге салауат дейік.

Қабыл:

-  Бұл арада бір қызық жәйт айтылмай қапты. Сыздық төре қырғыздардан әкесінің ер тұрманын талап етеді. Ол өзі зілдей ауыр нәрсе екен, жәй ат көтере алмағасын, бір шаруа өгізге салып жүр екен. Бері шыққаннан кейін Сыздық төре жолдастарына ерді жарғызады. Іші толған алтын екен. Алтынды серіктеріне бөліп беріп, Сыздық батыр басын ерге салып, еңкілдеп жылаған екен.
Жалпы Сыздық төренің өмірі де ерлікке толы эпопея ғой, әттең соны не жазатын, не киноға түсіретін қазақ табылмағаны...

Шоқай баласы:

- Қабыл ағамыз айтқан бұл әңгіме шынымен де хиқая енді, ондай дерек жоқ себебі. Қазекемнің әдеті ғой қызды-қыздымен бір жерден естігенім бар еді деп, жанынан қосып жібере салатын. :-)))
Бар болса қасында алты ай бойы жолдас болып жүрген Жамбыл бұл туралы 1 ауыз сөз айтар еді. Жамбыл шығармалары. 1940 ж. выпускі. Яна латын алфавитімен жазылған. М.Мағауиннің Абайдың кітабынан кейінгі көзімді ашқан екінші кітабым деп жылы сөзбен мақтайтын кітабы сол. Сол кітапты тауып, соңындағы комментарилерді оқыңыз. Жамбылдың айтуы бойынша - Жамбылды Сыздық сұлтан қырғызға бара жатқан сапарында жанына ертіп алып кеткен, қырғыздар қайтарында төреге үйір-үйір жылқы берген. Ол ешбірін де алмаймын - деп тастап кеткен. Содан соң Шымкент жаққа, дәлірек айтсақ қазіргі Темірлан ауылына жақын жерге тұрақты қоныстанып, сол жерде тыныштықпен, тәубешілдікпен дүниеден өткен. Өте иманды адам болған.

Қабыл:

-   Ал енді  Шоқай баласына толық жауап берейін. Шоқай баласы маған қоқай көрсетіп, "қызды-қыздымен өтірік айттың" деген айып тағыпты. Ендеше тыңда:

1946 (сен айтқандай 1940 жылы емес!) жылы шыққан ЖАМБЫЛДЫҢ толық жинағында "Сыздық сұлтанға " деген Жамбылдың өлеңі бар. Сол кітаптағы аталмыш өлеңге берілген түсініктемеден үзінді келтірейін.

"1884 жылдар шамасында Сыздық Кенесарыұлы қырғызға келген. Қырғыздар үй тігіп, мал сойып, құрметпен қарсы алады. Қырғыз, қазақтан Орман ауылына 17 ақын барады. Солардың ішінде Жамбыл да болған. (Назар аударыңыз! Баз біреулер айтқандай Жамбыл Сыздық сұлтанның қасында жарты жыл болдым деп еш жерде айтпаған, және қырғызға барғанда сонда жиналған 17 ақынның біреуі ғана болған!)

Әлқисса, әрі қарай...
"Қырғыз ағайындар басында әкесінің кегін жоқтайды деп, Сыздықтан қымсынса да, соңынан райласып сөйлескен.
- Сонда Сыздықтың айтқаны мынау еді, - депті Жамбыл Ғалиға (Ғали Ормановты айтады. - abai.kz):

"- Мен сендермен шабысқалы келгем жоқ, табысқалы келдім. Сен де туысқанымсың. жан ашуы үстінде әкемді өлтірдің деп кінә қояр жайым жоқ, жалғыз-ақ тілегім: әкемнің сүйегін бер - аталарыма қосайын, алтын жүзігін бер - қолыма салайын, сары қасқа ерін бер - атқа салайын, бұйымтайым осы-ақ",- дейді.
Қырғыз ағайындар Кенесарының алтын жүзігі мен сары қасқа ерін береді де, сүйегін тауып бере алмайды. "Он бір жыра" деген  жерге көмілген екен, білетін адам өліп қапты деп жауап береді.
"-Қап, болмас!-деп отырды да, Сыздық, сары қасқа ердің басын қанжармен қақ айырып шапты да, жіліншік-жіліншік алтындар алды. "Әкемді өлтіруін білсеңдер де, алтынын алуды білмеген екенсіңдер. Уақасы жоқ, бұйырған несіп қой!" - деп қалтасына салды дейді.
Жамбыл Сыздыққа осы өлеңді сонда айтыпты."

Енді сол өлеңнен үзінді келтірейін:

Сәлем бердім, алдияр,
орын бердің қасыңнан...
... Даңқыңды естіп жүруші ем,
Шартарапқа шашылған.
ақ жүзіңді көрген соң,
енді мауқым басылған.
ауылға жүр, қонақ бол,
Атан алып, ат мініп,
Ағайынға беріп қол,
Аттанарсың, Сыдеке,
Ата жолы деген сол!
Арнап келіп алғаның,
Алтын жүзік, сарқасқа ер.
атаңыздың аруағын,
сыйлайды екен бір тайлы ел..."

Әрине, Сыздық төре жамбылға еріп, оның ауылына бармаған. 17 ақынның қайсысының ауылын қыдырып жүреді!

Жәкеңнің осы жолдары-ақ Біріншіден, Шоқай баласының "жарты ай жолдасы болды" дегенін сөзінің қате екенін аңғатып тұр емес пе!
Екіншіден, "қызды-қыздымен өтірік айтты" деп маған таққан айыбының қып-қызыл қиянат екенін дәлелдеп тұрған жоқ па.!
Әңгімені осымен доғарса да болар еді, бірақ біздің жігіттердің бет бақтырмас мінезін білгендіктен, менің айтқан әңгімемде Жамбыл атамыздың айтқанынан сәл- пәл ауытқушылық бар екенін бетіме салық қып басары анық . Сондықтан оған да жауап бере кетейін. Менің әңгімемдегі нұсқа, яғни, алтынды жігіттеріне бөліп беріп, басын ерге салып еңірегені туралы, ұмытпасам, Е.Т.Смирнов дегеннің "Кенесары мен Сыздық сұлтандар" деген еңбегінде берілген еді.  Біле білгенге бұл фактілер Сыздық сұлтанға еш кір келіп тұрған жоқ. Кенесары ханға да. Хан болғасын, қаржысы болуы керек қой. Ат үстінде күн кешкен батыр, ақшасын жеке пәуескеге салып жүрмепті деп ешкім жазғыра қоймас.
P.S. Сыздық сұлтан туралы зерттеу еңбектер қолдарыңызда болса, жариялауға аса пейілдіміз.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір