Жұма, 3 Мамыр 2024
Қоғам 7925 0 пікір 22 Қаңтар, 2015 сағат 00:17

ҚАЛДЫБАЙ ӘБЕНОВКЕ ҚОЛ ҰШЫН СОЗЫҢЫЗ!

 

Құрметті Алаш азаматтары!

1986 жығы желтоқсан көтерілісі туралы «Аллажар» фильмінің қоюшы режиссері, сценарисі Қалдыбай Әбенов ағамызды танымайтын қазақ жоқ. Ол алғашқылардың бірі болып 1989 жылы «Желтоқсан» ұйымының негізін қалады. Мұхтар Шаханов ағамыздан басқа, желтоқсаншылардың  ақталуына бірден бір себепшісі болған «АЛЛАЖАР» фильмі. Бұл Қалдыбай ағамыздың төккен маңдай тері. Бұдан басқа батыр бабамыздың құрметіне және олардың ұрпақтарына арнап «Жалаңтөс баһадүр» атты филімі жарыққа шығарды.  

Осыдан төрт жыл бұрын инсульт пен инфаркті қатар алған Қалдыбай ағамыздың денсаулығы күн санап барған сайын нашарлауда. Гормоналдық дәрі дәрмектің арқасында әрең жүр. Денесінің бір жақ беті сал (парализован) болып қалғандықтан, өз еркімен киіне алмайды, адам көмегінсіз серуендеуге шығару мүмкін емес.

Алаш азаматтары! Қазақ ұлтының ар-намысын қорғап, желтоқсан көтерілісінің және желтоқсаншылардың абыройын биікке көтере алған, Қалдыбай ағамызға ел болып жұмыла көмектесейік. Керек болса шетелге де жіберейік. Сын сағаты кезіне Қалдыбай ағамыз біздерге қол ұшын созды, ендігі қол ұшын созу біздің кезекте.

Осы себепке байланысты АҚ «Қазақстан Халық банкісінде» (HALYK BANK) Қалдыбай ағамыздың атына есеп шот ашылды. Шамаларың келгенше, азаматтық қол ұшын созуларыңызды сұраймын.

Абенов Калдыбай Торгаевич.  Шот номері: KZ136010893100107583

Получатель: АО «Народный банк Казахстана»

Банк получателя: АО «Народный банк Казахстана»  

БИК: HSBKKZKX

БИН: 960 941 000 145

Құрметпен Қалдыбай ағамыздың сенімді өкілі, желтоқсаншы

Ерлан Әбдірашитұлы. 

Алматы қ-сы.

Байланыс тел: 8-705-133-15-91.

E-mail: erlan.muslim@mail.ru

Толықтай мағлұмат: https://www.facebook.com/erlan.muslim

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 951
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 804
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 624
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 663