Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Қарбалас 5651 0 пікір 2 Маусым, 2014 сағат 10:53

Қытай азаматтары лаңкестерді аулауға шықты

 

 Қытай билігі мыңдаған қауіпсіздік персоналдарын аттанысқа келтірді,-деп хабарлайды «Шанхай дэйли» (Shanghai Daily) отыз бірінші мамырдағы ақпаратында. «Шанхай дэйлиге» негізделгенде, терроризм қаупінен сақтану деген атпен Бейжің мыңдаған қауіпсіздік персоналдары мен 850 мыңнан артық қауіпсіздік волонтерлар қосынын аттанысқа келтірген.

Волонтерлардан құралған «халықтық күштер» қытай қауіпсіздік қызметіне  көмектеседі деп жазады Beijing Youth Daily ақпараты.

Көшеде аяқ киім майлайтындардан тартып, газет сатушылар, авто тұрақтарда жұмыс істейтіндер, билет сатушылар және қонақ үй қызметкерлерінен құрам тапқан, жалпы саны 100 мыңнан асатын еріктілер қосыны да қытайдың қауіпсіздік саласында қызмет жасайтын адамдарға ақпарат береді және кез-келген жасырын қауіп кезінде алдын-ала хабарлайды дейді аталған ақпарат көздері.

Қаланың барлық аумағында жабыла жұмысқа кіріскен, жалпы саны бір миллионға жуық бұл «қосын» аумақтық басшыларының нұсқауы бойынша әрекет етеді және өзара байланысатын икемді желі құрып, әр қандай кезде ақпараттарды өнімді жеткізеді дейді.

Бейжің қаласының өзінде 192 жерден құрылған тексеру орындары қатаң тексеруді бастап кеткен. Метрода және өзге қоғамдық көліктерде «әуежай стильіндегі» қауіпсіздік тексерулері қолға алынған.

Ал қаланың қоғамдық көлік қызметіне қауіпсіздік қызметкерлері ретінде тағы да 1000 адам жұмысқа тартылатын көрінеді. Ал осыған дейін Бейжіңнің қоғамдық көліктерінде 1002 қауіпсіздік қызметкері жұмыс істеп келген-ді. Оған қоса, автобус тұрақтарының күзет қызметкерлерін 866-ға көбейткен.

Қытай билігі халықтың террористермен күресіне екпін беру үшін, Бейжің қоғамдық қауіпсіздік бюросы жаңа қолдау жүйесін іске қосқан,-дейді «Нью-Йорк Таймс». Егер кімде кім террористерге қатысты маңызды қылмысты әрекетті ашуға көмектессе, 40 000 юан (6400 Америка доллары) сияқы төлейтіндігін жариялаған. Осымен ұқсас уақытта, Ляонин провинциясы да келер айдың басынан бір жылға жалғасатын антитеррористік операцияны бастайтындығын жариялаған.

Қытай билігінің мұншалықты қатал жағдайға келуінің себебі жайында сарапшылар өз пікірлерін білдіруде. Қытайдың батыс терістігіндегі Шыңжаң автономиясында арт-артынан орын алған қанды оқиғалардан кейін, Қытай үкіметі террористермен күресуді шындап қолға алуға кірісті,-дейді кейбір сарапшылар.

Ал Қытай тәуелсіз жазушысы Ду Гуаньданың қарауынша, Қытай билігі алда келе жатқан «төртінші маусым оқиғасының» 25 жылдығынан алаңдап отырған көрінеді. 1989 жылы Қытай билігі Тяньаньмэнь алаңындағы демократиялық қозғалысқа қатысқандарды қанды қырғынға ұшыратып, әскери күшпен жаныштаған-ды.  Билік халықтың «төртінші маусым» оқиғасына қатысты әлде қандай шаралар өткізуінен алаңдап отыр дейді қытай жазушысы. Бірнеше аптадан бері «төртінші маусым» оқиғасына байланысты семинар ұйымдастырғандарды тексеру және тұтқындау науқаны қауырт жүргізілуде екен. Қазірге дейін осы оқиғаға қатысты журналист, профессор, халықаралық заңгер және адам құқығы белсенділерінен жалпы елуден артық адам тұтқындалған. 

Алайда, билікке ең үлкен үрей адам құқығын жақтайтын белсенділер мен диссиденттерден келіп отырған жоқ,-дейді сарапшылар. Жақыннан бері Қытайда қанды оқиғалардың туылуы жиілеп кетті. Сол себепті де Қытай үкіметі бар күшін антитеррористік операцияларға шоғырландыруда. Алайда, Си Циньпин басшылық еткен Қытай коммунистік партиясы бұл мәселені шешудің дұрыс жолын қарастыра алмады. Себебі, бұл қанды оқиғалар ұлтаралық қатынастардың оңтайлы жолмен шешілмеуі және ұлтаралық теңсіздіктен туындаған дейді. Оның үстіне, билік пен халық арасындағы түсінбеушілік те негізгі факторлардың бірі көрінеді. Әсіресе, этникалық қайшылықтардың өршуі кісі өлімімен аяқталатын қақтығыстардың ең негізгі себебі дейді сарапшылар. 

 

«Шанхай Дэйли» ақпараты мен «Нью-Йорк Таймс» газетінің мақалаларына шолу жасаған Талғар Дәлелғазы

Дереккөзі:http://www.shanghaidaily.com/national/Volunteer-force-to-help-fight-terror-in-Beijing/shdaily.shtml

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 538
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 279
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 307