Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4198 0 пікір 4 Тамыз, 2014 сағат 10:35

ҚЫТАЙ ЗІЛЗАЛА САЛДАРЫМЕН КҮРЕСІП ЖАТЫР

Қытай президенті Ши Жинпиң апат болған аймақтағы ең басты мәселе тірі қалған адамдарды тез арада құтқару керек екенін айтып, жергілікті билікке әмір берді. Ол сондай-ақ апат зардаптарын жоюға бар күшті жұмылдыруға және апат болуы немесе қайталануы мүмкін басқа да аудандарда тұрғындарды эвакуациялау жөнінде тапсырма берді.

Шинхуа агенттігінің ақпараты бойынша Қытайдың барлық аудандарынан жер сілкінісі болған аймаққға жәрдем күштері жолдануда. Азық-түлік, байланыс, трансфорт мәселесі басты назарда ұсталып, аман қалған тұрғындарға барынша көмек көрсетілуде. 

Естеріңізге салатын болсақ кеше жергілікті уақытпен 16: 30-да Қытайдың Юннан өлкесінің Ляудиң аймағында 6,5 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан он мыңдаған тұрғын үйлер қирап қалды. Қолда бар соңғы ақпарат бойынша 381 адамның қаза тапқаны нақтыланды әрі 2000-ға жуық адам түрлі жарақаттар алған. Қаза болғандар саны әлі де артуы мүмкін. Қытай еліндегі ауыр жағдайға байланысты ел басшысына әр ел президенттері көңіл айту хаттарын жөнелтуде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 803
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 623
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 513