Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4623 0 пікір 6 Тамыз, 2014 сағат 18:17

«Бекзат» фильмінің тизері көрсетілді(ВИДЕО)

 Отандық кино саласы жаңа туындымен толықты. Көрермен назарына қазақтың чемпион ұылы Бекзат Саттархановтың құрметіне түсірілген «Бекзат» фильмінің тизері ұсынылды. Фильмге Бекзат Саттархановтың спорт саласындағы 4 жыл өмірі арқау болған. Бұл туралы Baq.kz жазды.

 Басты рөлде актер Асылхан Төлепов ойнайды. Сонымен қатар, Аян Өтепберген, Саят Исембаев, Тұрсын Құралиев, Бақтияр Қожа, Майра Омар, Артур Төлепов тәрізді актерлерді де осы фильмнен көруге болады. Биографиялық кинофильмді 2012 жылы режиссер Ермек Шахмет қолға алған болатын.

Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған.
Сиднейде өткен XXVII-ші Олимпиадада бокстан чемпионы атанды. 1998 жылы өткен әлем чемпионатының, 1999 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.
2000 жылы көлік апатынан қаза тапты. 
Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшам аудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. 2010 жылы, яғни спортшының 30 жас мерейтойы қарсаңында туған қаласы Түркістанда Бекзат Саттархановқа арналған ескерткіш қойылды. 2005 жылы Қазақстанда боксшыға арналған пошталық марка шығарылды. Бекзат туралы 3 тілде кітап, фотоальбом жарық көрген. 2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсірді. 
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов 20 жылдық ғұмырында шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1652
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1326
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1269