Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4030 0 пікір 5 Қыркүйек, 2014 сағат 16:38

Мәжілістің жалпы отырысында қаралмақ мәселелер

Бүгін Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.  Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарланды.

Бюро бекіткен күн тәртібіне сәйкес, депутаттар қарауына еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-конвенция) ратификациялайтын заң жобасы енгізілмек. Сондай-ақ халық қалаулылары бірқатар заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін белгілейтін болады. Атап айтқанда, «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» қаржылық құжаттарға қорытынды шығару мерзімі нақтыланады.

Сонымен қатар, үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы, кедендік әкімшілендіру, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі айқындалады. Жаңа Заң жобалары қатарында ілеспелі түзетулермен «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» құжаттар бар.

Күн тәртібі жобасында «ТМД шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді» және «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ынтымақтастық Ұйымының жарғысын ратификациялау» сынды қорытынды әзірлеу мерзімін анықтауды қажет ететін ратификациялық актілер қамтылған.  

Еске сала кететін болсақ, 2 қыркүйек күні Парламенттің біріккен отрысы өтті. Онда Президент депутаттардың каникулын қысқарту туралы сөз қозғаған болатын. Парламент жұмысының бұл маусымы бесінші шақырылмдағы төртінші сессиясы болып табылады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2044
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2476
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2057
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595