Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4418 0 пікір 5 Қыркүйек, 2014 сағат 16:45

Тасмағамбетов таэквондодан қара белбеу тағынды

Тасмағамбетов таэквондодан қара белбеу иегері атанды

©ҚТФ
Тасмағамбетов таэквондодан қара белбеу иегері атанды

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов таэквондодан қара белбеу мен 7-данның иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федерация президенті Вячеслав Ким Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы атынан Тасмағамбетовке Астана қаласы әкімінің аты-жөні тігілген қара белбеу мен жетінші дан туралы сертификатты табыс еткен. Оған сәйкес Иманғали Тасмағамбетов болашақта Қазақстандағы таэквондоны дамытуға үлес қоса беретінін жеткізді.

29-31 тамыз аралығында Астанада Бүкіләлемдік Гран-при додасы өтіп, Бүкіләлемдік федерация басшылығы біздің елімізге толық құраммен келген болатын. Аталған топты бастап келген Бүкіләлемдік федерация президенті Чунгвон Чо Иманғали Нұрғалиұлына құрметті данды арнайы тапсыруды міндеттеді.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың басында Чо мырза Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, оған тоғызыншы данды және оның белбеуі мен кимоносын табыс еткен болатын. Мемлекет басшысы сол кезде бұл кимононы таэквондодан ең жоғарғы данды иеленген қазақстандық спортшыға берілетінін айтқан еді.

Айта кету керек, мұның алдында, 2013 жылы таэквондодан тоғызыншы данды Ресей президенті Владимир Путин де иеленген болатын. Тоғызыншы дан - таэквондодағы ең жоғарғы дәреже. Ол жекпе-жектің бұл түрінің ұлы шеберлеріне беріледі. Әлемде бұл дәрежеге санаулы адам ғана ие.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2023
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2438
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2025
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587