Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4529 0 пікір 4 Сәуір, 2014 сағат 16:03

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЖАСАЛҒАН КЕЛІССӨЗДЕР

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің делегациясы Қытайда іссапармен болып, осы елдің инвесторларымен бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізді. Холдингтің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев бастаған жұмыс тобы Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі, ҚХР Экспорттық-импорттық банкі, Қытайдың Экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы (SINOSURE) сынды қаржы құрылымдарының өкілдерімен кездесті.   ҚХР Экспорттық-импорттық банкі Президенті Ли Руогумен    Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құрылымдау мәселесі талқыланды. Бұл жобаға қатысты меморандумға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мамыр айында  Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары  қол қойылмақ.  «Бәйтерек» Холдингінің делегациясы сапар барысында Ляонин провинциясының губернаторы  Чэнь Чжэнгао мырзамен және  жергілікті іскерлік топтармен кездесті, сондай-ақ  «Shenyang Yuanda Group» холдингінің өнідірісін аралады. Қазақстан жағы бұл компаниямен лифт шығаратын өндіріс ашу мәселесін қарастыруда.  

«Бәйтерек» Холдингі делегациясының   іссапары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарына орай алдын ала ұйымдастырылды.  Қытай қаржы ұйымдарының өкілдерімен өткен келіссөздер екі мемлекет көшбасшыларының табысты диалогына өз үлесін қосатынына сенімдіміз. «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдарының Қытайдың жетекші банктерімен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының жоспарларын іске асыру, шетел капиталын тарту, бизнесті жүргізу және технологиялардың қазіргі заман үлгілерін қолдану мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1052
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 935
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 693
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 790