Жұма, 3 Мамыр 2024
Жөн-ақ 5703 0 пікір 7 Сәуір, 2014 сағат 08:51

ҚАЗАҚТЫҢ "Ұ" ӘРПІ - ПАЙҒАМБАР ЖАСЫНДА

 Былтыр бір жыл бойына «әліпби реформасы» деп, «қарып өзгертеміз» деп ұлардай шуладық... Ақыры дым болмағандай жым болдық, тым-тырыспыз. Мәселе де жым-жылас «шешілді». Қаншама отырыстар қаржы қылғытып, кеңірдектер шай жұтты. Тіпті, алаштың марқасқасы Ахмет Байтұрсынұлы түзген әліпбидің бір ғасырлық «мерейтойы» да жым-жылас өте шықты.

 Кейде салыстырып отырып бәріне жауап табылады. Кеңес кезінде бас-аяғы он жылдың шамасында қазақтар үш бірдей қарып ауыстырса, бүгінде басы артық бір қарыпты да қозғауға батылы жетпей дірдектеуде. Не деген сорлылық! Орыстың он бірдей артық әрпін тайпамыздың таңбасындай тырп еткізбей ұстап отырмыз.

 Жуырда оралдық журналист Қазыбек Құттымұратұлы Батыс Қазақстан облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде 1951 жылғы шілдеде жарияланған  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің жарлығын фейсбукке шығарып «Қазақта "Ұ" деген әріп бар ғой. Сол әріп биыл жазда пайғамбар жасына (немесе "пенсия жасына" десек те болады) толады екен» - деп «сүйінші сұрады».

 Сонда совет империясының мемлекеттігінің мықтысы емей немене - бір қарыпке бола бір жарлық шығарған! Сүйсінуге тұрарлық! Мемлекет болсаң - осылай бол! Несі бар – совет өкіметінің бұл әрекеті бүгінгі Қазақ елі үшін нағыз үлгі!

Ал, бізде Божко басқаратын «Оқыс жағдайдар» министрлігіне қарасты мекемелер қалаларда кирилшемен не латыншамен қазақша мәтіндерді заңсыз түрде дүркіретіп таратып жатады. Бұған мобилдік операторларды қосыңыз – беттері бүлк етпей бар хабарламаны тек қана Ресей мемтілінде таратады... Соған Тіл комитеті не прокуратура қыңқ етіп отыр ма?  Есекке мініп қалған Ассамблея Қырым мәселесі шығып, Жириновский мен Ливановтардың қыршымасы шыққаннан бері қайта атқа қонса да, осындай мемлекеттік маңызы бар нәрсені неге бір рет қарамады? Ең болмаса Мәдениет министрлігіне қарай бір үндеуді домалатпады ма?

 Айтып-айтпай не керек? – Бізге пәрмені мен қауқары бар мемлекет керек. Ал, тап осы кеңес өкіметінің арнайы жарлығы бұйырған қазақтың Ұ әрпіне ескерткіш орнатуға лайық оқиға!  Пайғамбар жасы, несі бар...

Шәріпхан Қайсар

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 680
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 476
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 415
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 416