Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6237 0 пікір 23 Сәуір, 2014 сағат 12:51

АЛДАН СМАЙЫЛ: ҚЫМЫЗ БЕН ШҰБАТ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАЖЕТ

Ұрпақ салауаттылығы үшін бізге арақ-шараптан гөрі қымыз бен шұбат туралы заң керек.  Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен   толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Алдан Смайыл осындай мәселе көтерді деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Депутаттың айтуынша, Орталық Азиядағы арақты ең көп ішетін ел Қазақстан екен. «Бұл күлдіретін емес, жылататын мәселе. Бізде арақтың кесірінен қаншама шаңырақ шайқалды. Қаншалықты ұрпақ арақ кесірінен аурушаң, қабілетсіз болып жатқаны туралы бірде-бір зерттеу жоқ. Мұны зерттейтін түріміз де жоқ», - деді Ол.

Норвегия мемлекетін сөз еткен Алдан мырза ол елде демалыс күндері ешқандай арақ-шараптың сатылмайтындығын, ұрпағын ойлаған елдің сол қадамға бару керектігін тілге тиек етті.

Шындығында, бір елдің экономикасы тек арақ-шарапқа тәуелді болып қалмайды. Яғни оның пайдасынан гөрі жұртқа тигізер зияны көп. Тіпті соңғы жылдары қымыз бен шұбат туралы арнайы заң қабылдау қажеттігін, ұрпақты ұлттық сусындармен қаматамасыз ету керектігін қазақ баспасөзі жазуындай жазып, Алдан Смайыл мырза айтуындай айтып келеді. Бірақ құлақ түретін үкімет жоқ. Есесіне қайта-қайта арақ-шарапты сөз етіп, спирттік ішімдіктер туралы заңды толықтыруға бас қатырып жүр.

Көзқарақты оқырман біледі. Бірнеше жылдан бері Ахметбек Нұрсила мырза басшылық ететін «Саржайлау» компаниясы осы мәселені үздіксіз көтеріп, тіпті Ауыл-шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтің де назарын аударды. Дегенмен сең қозғалған жоқ. Керісінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жүргізген зерттеулеріне сәйкес, спирт ішімдіктерін тұтыну деңгейі жөніндегі рейтингте Қазақстан 188 елдің  арасында 34-орынды иеленіп отыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың мәліметінше, еліміздің әрбір азаматы жылына орта есеппен шамамен 5,5 литр таза этил спиртін немесе 11 литр арақ тұтынатын көрінеді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 633
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 400
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 371
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374