Жұма, 3 Мамыр 2024
Интернет идеология... 5848 0 пікір 14 Мамыр, 2014 сағат 09:40

ҚЫТАЙДЫҢ «ЖЕТІ ТЫЙЫМЫ»

Қытайда ойын автоматтарына 14 жыл бойы тыйым салынып келген болатын. Сол тыйым таяуда өз күшін жойды. Батыс ақпарат құралдары қытайда осындай «тыйымдар» азайып келе жатқанымен басқа да тыйым түрлері баршылық дейді.

CNN-ның жетінші мамырдағы жаңалығына сүйенсек, қытай халық өмірінің біраз тұстарына бақылауларын азайтқанымен, кейбір мәселелерде әлі де қатаңдығынан таймаған көрінеді. Соның дәлелі ретінде, қытайдың «жеті тыйымын» мысалға келтірген.

Бірінші тыйым: twitter

«Қытайда твиттерге шығуды армандамай-ақ қойғаныңыз жөн болар»,-дейді CNN-дықтар, себебі, аталған әлеуметтік желі неше он жылдар бойы қытай коммунистік партиясы жағынан жұмысын жүргізіп келе жатқан құпия бақылау жобасы - «қытайлық алып брандмауэр»(Great Firewall of China) деп аталатын  аппараттық қорғанның ішінде мүлдем іске жарамайды. Мыңдаған веб-сайттар да қытай аумағы ішінде ашылмайды, ал, әлеуметтік желілер арнаулы түрде жасырын тексеріледі.

Араб көктемі мен 2009 жылғы Иран жасыл революциясынан кейін, Қытай әлеуметтік желілерге үрке қарайтын болды дейді,-сарапшылар.

Екінші тыйым: facebook

 Қытай 2009 жылы фейсбукка «қызыл шам» жаққаннан бері, бұл американдық желіге әліге дейін жылы қабақ таныта қойған жоқ.

Фейсбуктің қытай үкіметіне жақпауы 2009 жылы болған Шыңжаң автономиясындағы қытайлар мен ұйғырлардың арасындағы қанды қақтығыстан соң басталды дейді кейбір сарапшылар.

Ал, тағы біраз сарапшылар фейсбуктің қытайдан аластатылуын коммерциялық себептерге тірейді. «Себебі, қытайдың өзінің отандық тех-индустриясына екпін беру үшін фейсбукты ығыстырып шығарды,-деген тұжырым айтады. Оның үстіне, қытайдың отандық әлеуметтік желілері жасырын бақылаулар мен тексерулерге батыстың тех-компаниялары сияқты асаулық танытпайтындығы да қосымша себеп болған-ды.

Үшінші тыйым: Шетелдік фильмдер

Қытай билігі әр жылы 34 шетелдік фильмді қабылдауға ғана руқсат берген, тіпті, соңғы голливудтық блокбастерлер де ерекше талаптармен екшеліп барып, қытай нарығына ене алады екен.

Егер қытай коммунистік партиясы шетелдік фильмдердің мазмұнында немесе стильнде «қиратқыш немесе қатігездік» сипат бар деп білсе, онда ол қайшыға түсіп, «ықшамдалып»   болған соң  ғана қытай нарығына енуіне мүмкіндік алады.

Қытайдың отандық киногерлері де кейде Бейжіңнің қаталдығымен келіспей қалатын кездері болатын-ды. Мәселен, 2005 жылы «ең үздік режиссер» атағына ие болған тайвандық режиссер Аң Лидың( Ang Lee) «Адыр тау» атты фильмі   Бейжіңнің «талаптарына» сай болмағандықтан, қытай кинотеатрларында қойылуға мүлдем тыйым салынған.

Төртінші тыйым: казинолар

Бейжің 1949 жылы құмар ойындарын заңсыз деп жариялаған, содан бастап ойынханалардың қытайда жүмыс жүргізуіне тыйым салынған. Дейтұрғанмен, неше мың жылдық қытай тарихымен жалғасып қатар келе жатқан құмар ойындарына кей қытайлардың әлі де жаны үйір.

Бүгінгі таңда  Бейжіңнің бұл салаға салған тыйымы пәрменді болмай тұр. Әсіресе, құмар ойындары мен ұтыс билеттеріне қанша жерден тиым болғанымен шектеу мүмкін болмай барады.

Алайда, қытай билігі Бейжіңдік басқаруға жатпайтын төтенше аумақтарда ойынханалардың болуына келісімін берген. Ал, солардың ішіндегі ең көрнектісі ретінде Лас-Вегастағы ойынханалардан жеті есе үлген Макаодың казиноларын айтуға болады.

Бесінші тыйым: веб-сайттар

Бейжің мыңдаған веб-сайттар мен әлеуметтік желілерге тыйым салған.

Тексергіштер әлеуметтік желідегі әңгімелесуді де, интернеттік іздеу нәтижелерін де бақылауға алады. Сол себепті де қытайдағы интернет қолданушылар жаңалықтар жайында немесе тарихи тақырып туралы талқы  жасар кезде, бақылаушылардың күдігіне ілініп қалмас үшін, «ауыспалы сөздерді» қолданып сөйлесуге дағдыланған-ды.

Алтыншы тыйым: кітаптар

Қытай баспасөз және жарияланым әкімшілігі қытайда басылып шығатын барлық кітаптарды қадағалайды, ал арнаулы тексеру тобы міндетті түрде қарайды.

Адам құқығы, Тибет мәселесі немесе Қытай коммунистік партиясы жайындағы сындарлы көзқарастар мен талқыларға мүлдем жол жоқ. Қытай шенеуніктерінің жекелік байлығы жөніндегі тақырыптарға да тыйым салынған. Қытай билігін сынаған кез-келген басылым ұзамай жабылуға мәжбүр болады, немесе екі түрлі талғамның біреуін талдайды: бірі, тексеруші топтың айтқанына жүгінуі керек. Екіншісі, 1,4 миллиард потенциялды оқырманды «алжастырғаны» үшін жазаланады. Бірақ кейде, баспа сөз еркіндігі бар Гонконг қаласынан коммунистік қытайға кей кітаптар кездейсоқ кіріп кетіп те жатады. 1997 жылға дейін Британияның басқаруында болып, содан қазірге дейін төтенше әкімшілк қалаға айналып келе жатқан бұл қаланың кітап дүкендерінде қытайдың қазіргі президенті Си Цзиньпиннен тартып, 45 миллионнан астам адамның жанын жалмаған қытайлық «зор секіріп даму» науқанына дейінгі барлық тақырыптар қамтылған кітаптар самсап тұрады.

Жетінші тыйым: Снэпчат (Snapchat).

Қытайда тыйым салынған әлеуметтік желілер фейсбук пен твиттер ғана емес. Қытайда снэпчаттар да қол жетімсіз, тіпті, youtube-ті де қытайда ашам деп әуре болмаңыз.

Батыс тех-компанияларына шектеу қою қытайдың отандық тех-индустриясына қарқын берген. Мәселен, қытайлық Weibo, WeChat-тың неше жүз миллион қолданушылары бар екен, ал, Youku, Suhu және iQiyi сияқты видо сайттары да қытайдың отандық тех-индустриясының көрігін қыздырып тұр дейді CNN сарапшылары.

Ағылшын тілінен аударған: Санат Наққазақ.

Дереккөзі: CNN.

http://money.cnn.com/gallery/news/2014/05/07/banned-china/1.html

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 973
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 834
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 703