Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3042 0 пікір 24 Сәуір, 2010 сағат 08:22

Адамдар қалаға ұқыпты қарамайынша, сенбіліктер өзінің мәнін жоғалтпайды, деп есептейді елорда әкімі

Астана.  24 сәуір. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Адамдар қалаға ұқыпты қарамайынша, сенбіліктер өзінің мәнін жоғалтпайды, деп есептейді елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Ол жаппай сенбілік кезінде осындай деген ой айтты.

Әкімнің пікірінше, біз табиғат пен тәртіпке деген ұқыптылықпен қарауды Еуропадан үйренуіміз керек. Сондықтан өз тарихын коммунистік дәуірден бастайтын сенбіліктер өзінің мәнділігін жоғалтпайды. «Шетелдік стандарттарға сай болу үшін, ең алдымен қазақстандықтардың, астаналықтардың тәртіп пен тазалыққа қатысты мәдениеті еуропалық тәрбиеге сай болуы тиіс», - деді ол неліктен еуропалықтарда сенбіліктер жоқ дегенді түсіндіріп.

«Біз қалаға өзіміздің үйіміздей қарауды үйренген кезде, және кейде тазалап, тәртіпке келтіріп, сенбілік түріндегі жаппай жинау ұйымдастырып қана қоймай, тіпті ластамау арқылы болса да тазалық пен тәртіпке өз үлесімізді қосатын болсақ - міне сол кезде тәртіп болады», - деді ол сенбілік кезінде.

Оның мәліметтерінше қала кірісі толық көлемде қаланы абаттандыруға қаржы бөлуге мүмкіндік бермейді. Бұл тұста қала басшысы қала міндетін азаматтардың мойнына асып қою дегенді білдірмейтінін атап өтті. «Аталған шара материалдық пайда әкелмейді. Мұнда үлкен тәрбиелік мән бар», - деді әкім.

«Астана халықтың асқақ арманы іспеттес... Серпінді жас қала, сондықтан ол үлгілі қала болуы тиіс деп ойлаймын.Мен бүгінгі сенбілікке қатысқан қалалықтар қалаға өзгеше қарайды, оны таза, ұқыпты түрінде көріп, одан соң сөзсіз оған басқаша қарай бастайды деп ойлаймын», - деді И. Тасмағамбетов.

Осы кезде әкіммен сұхбатты жазып тұрған журналистерге білдірмей премьер-министр Кәрім Мәсімов келді. БАҚ өкілдерінің назарын алаңдатпай спорт киімін киіп алған ол, қолына күрек алып, ағаш отырғызуға кірісті. Одан соң оған әкім қосылды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметтерінше сенбілікке 70 мыңдай адам қатысты. Бұл күні 2 мыңнан астам ағаш пен 2,5 мың бұта отырғызылып, қаланы көгалдандыру шараларын жүргізу жоспарланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 852
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 713
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 551
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 556