Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2778 0 пікір 23 Сәуір, 2010 сағат 15:18

Қазақстанда бала көтерерлік әйелдерді қызамыққа қарсы егу апталығы өтеді

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ - 24-ші сәуірден 1-ші мамыр аралығында Қазақстанда бала көтере алатын әйелдерді қызамыққа қарсы тегін егу апталығы өтеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

«Ағымдағы жылы Қазақстандағы иммунизация (егу жұмыстары) қызамыққа қарсы күреске бағытталады да, оның аясында бала көтере алатын әйелдерді қызамыққа қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Оны қалайтындар төлқұжаттық тіркеудің барлығына қарамай, тегін түрде денсаулық сақтау ұйымдарының территориялық мекемелерінде қызамыққа қарсы егіле алады», - делінген таратылған хабарда.

Аталған акция Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Еуропаның барлық елдерінде жүргізіліп отыр.

Қызамықтың вирусы, дейді ақпараттық парақшада, плацента арқылы өтіп, жүкті болу мерзіміне қарай түсік тастау мен кемтар нәресте тууға (жүрек талмасы, кереңдік пен ақыл-есінің дамуындағы кешеуілдеу) әкеп  соғуы мүмкін. Қазір иммунизацияға балама жоқ.

Бапасөз қызметінің деректерінше, Қазақстанда вакцинация жүргізбей тұрған кезеңде жыл сайын 20 мың қызамық оқиғасы тіркелетін. 2005-2009 жылдар аралығында 8-ден 40 жас аралығында қызамыққа қарсы жаппай егу жұмыстары жүргізілгендіктен 2005жылмен салыстырғанда 2009 жылы осы кеселдің кездесуі 15 есеге азайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 859
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 714
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 554
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 557