Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2700 0 пікір 23 Сәуір, 2010 сағат 15:12

Бәкиев Путиннің кеңес беруімен биліктен кеткенін мәлімдеді (4-7 абзацтармен толықтырылды)

Алматы. 14 сәуір. ҚазТАГ - Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиев биліктен кететіні туралы шешімді Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің кеңес беруімен жариялағанын мәлімдеді.

«Мен өзімнің биліктен кететінімді Путиннің кеңесімен жарияладым», - деп мәлім етті Құрманбек Бәкиев жұма күні Минскіде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында, деп жазады Қырғызстанның АКИpress ақпарат агенттігі.

Қ. Бәкиевтің айтуынша, Ресей мен Қазақстан басшылары «елде тәртіп орнатуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесеміз деп уәде берген». «Бірақ ол орындалған жоқ. Сондықтан мен өзімнің қызметтен кеткенімді мойындамаймын», - деді Қ.Бәкиев.

Ал Белоруссияның «БЕЛТА» ақпарат агенттігі Қ.Бәкиев президент қызметінен кету туралы арызын Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңес беруімен жазғаны туралы мәлімдегенін хабарлады.

«Мен Қырғызстанның оңтүстігінде болғанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және Ресей премьері Путинмен әңгімелестім. Телефон арқылы әңгіме барысында біз бір пікірге келдік. Әсіресе Владимир Владимирович Путин: Бішкекте болған оқиғалар үшін сізді ешкім де кінәламайды, бірақ егер азаматтық соғыс болса, бүкіл жауапкершілік сізге артылады» деп атап көрсетті», - деді Қ. Бәкиев.

Ол елдегі қантөгісті тоқтату үшін ғана келіскенін баса атап көрсетті.

«Мен сол кезде менің  серіктестерім мен туғандарымды қуғындауды тоқтату туралы шарттар орындалса ғана қызметтен кетуге дайын екенімді айттым. Бірақ бүгінгі күнге дейін бәрі керісінше: менің серіктестерім қуғын көріп жатыр. Уәденің орындалғаны қайда?» - деді Қ. Бәкиев.

Сонымен бірге, ол Қырғызстанға оралмақ ойы жоқ екенін жеткізді. «Мен өкілеттіктерімді тоқтататыным туралы арыз жаздым және президент ретінде оралмақ ойым жоқ. Бірақ заң нормалары бойынша мен заңды президент болып қаламын», - деді ол. Оның пікірінше, бұл мәселені парламент қарауға тиіс.

Сондай-ақ, ол Белоруссияда «қуғында жүріп үкімет» құрмайтынын, Минскіде қанша уақыт болатынын білмейтінін айтты.

Қ.Бәкиев қандай да бір елден саяси баспана сұрайтын-сұрамайтынын айтқан жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 808
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 632
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 506
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 517