Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2445 0 пікір 7 Сәуір, 2010 сағат 13:52

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Қырғызстандағы қазіргі оқиғалардың астарында американың арнайы қызметі тұр деп есептейді

Алматы. 7 сәуір. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Қырғызстандағы қазіргі оқиғалардың астарында американың арнайы қызметі тұр деп есептейді.

«Мұның барлығы американың араласуының салдары. Және сіздер олар бұдан бес жыл бұрын қылмыстық күштердің, есірткі барондарының көмегімен, «қызғалдақ» мемлекеттік төңкерісін ұйымдастырғанын, демократия туын көтерген қылмыстық биліктің келуін қолдағанын тамаша білесіздер», - деді А. Ақаев ҚазТАГ тілшісіне Мәскеуден телефон арқылы берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, американдықтар «Қырғызстан мен Орталық Азияда нық орнығуды толығымен жүзеге асырмақшы».

«Ферғана аңғарында әскери база салу туралы АҚШ-тың соңғы жоспарын мәлімдегенін еске алыңызшы. Мен оны бүкіл Орталық Азия үшін теріс әсері болады деп есептеймін. Дәл сол Ферғана аңғарында ОА-ның барлық мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстанның да мүдделері тоғысады ғой. Американдықтар олардың арасына сына қағып, олардың арасында бар қарама-қайшылықты ұтымды пайдалануға тырысады. Қазір Қырғызстанда орын алып отырғанның барлығы – американдықтардың демократияны дамыту желеуімен араласуының нәтижесі», - деп есептейді А. Ақаев.

Дәл сол американдықтардың ұсынысымен, дейді Қырғызстанның экс-президенті, мемлекет басшылығына Құрбанбек Бакиев тағайындалды.

«Оларға өздерінің дегенінен кетпейтін билік қажет болды. Және Бакиев ондай сұранысқа жауап береді. Мен американдықтарға Қырғызстанда ешқандай да демократия керек еместігіне сенімдімін», - деді А. Ақаев. 

Бұл ретте А. Ақаев ҚазТАГ агенттігіне Қырғызстан президенті Құрманбаек Бакиевтің ұлы – Максимнің АҚШ-қа қашқанын растады.

«Менде американдықтар  Құрманбаек Бакиевтің ұлы – Максимді өздеріне кездейсоқ шақырмаған деген ақпарат бар. Олар Қырғызстанның қазіргі президентінің мұрагері Максим Бакиев деп таниды, сондықтан олар оны өздеріне шақырып, мемлекет басшылығына қолдамақшы. Және сіздер Қырғызстан парламенті билікті президент шешімімен мұрагерлікпен тапсыруға рұқсат бергенінін жақсы білесіздер», - деп түсіндірді А. Ақаев.

Ол Қ. Бакиев қылмыстық үкімет құрды деп есептейді.

«Мен Қ. Бакиев билікті басып алды деп есептеймін. Қырғызстанда қылмыстық-полициялық билік орнады. Ол елбасына үкіметтік төңкеріс арқасында келді ғой, сондықтан басқаны күтудің де реті жоқ. Бүгін Қырғызстанда демократия атауымен жоқ», - дейді А. Ақаев.

Бұрынғы Қырғызстан саясаткерінің пікірінше, Қ. Бакиев биікті сақтап қалуға тырысады.

«Бакиевтің қолынан басқа келмейді. Олар билікті сақтап қалу үшін қолынан келгеннің бәрін істейді», - дейді А. Ақаев. Бірақ ол, халық президентті тақтан кетіруі мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Бакиевтің билігі халыққа қарсы бағытталған, ол Қырғызстанның мүдделеріне сай келмейді. Ол Бакиевтің жеке билігін, оның отбасын нығайтуға бағытталған, себебі ол осы билікті өзінің туыстары, балалары мен құдаларының арасына «кесіп», бөліп берді. Мұндай билік халыққа керек еместігі түсінікті де. Ал диктатура ұзаққа созылмайтынын сіздер білесіздер ғой», - дейді А. Ақаев.

Оның айтуынша, Қ. Бакиев премьер кезінде, 2002 жылы наурызда Жалал-Абад облысының Ақсый ауданындағы бейбіт шерушілерді ату туралы бұйрық беру арқылы қырғыз халқын сатып кеткен соң, отставкаға жіберілген болатын.

«Оның ең жақын жақтастарының бірі, «қызғалдақ» оқиғаларының негізгі қатысушысы, сол кездері бас прокурорлықты атқарған Бекназаров: «Бейбіт тұрғындарды атудағы негізгі айыпты – Бакиев!» деп айтқан болатын. Мен мұны Қырғызстанның қазіргі президенті туралы жеткілікті түрде айтылған пікір деп ойлаймын».

ҚазТАГ тілшісінің билікті тақтан тайдырған жағдайда ол Қырғызстанға келуге дайын ба, деген сауалына: «Мен саясаттан кетіп қалдым. Мен отанға қайта оралу туралы ешқандай өтінішті қабыл алмаймын. Бұл туралы сөз болуы мүмкін емес. Екі рет бір суға түспейді. Менің жасым да оған мүмкіндік бермейді. Мен өзімнің етене жақын мамандығым – педагогикаға қайта оралдым. Мен оны қанағат тұтамын және басыма бәле іздемеймін», - деп жауап берді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1043
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 922
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 685
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 775