Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2578 0 пікір 3 Наурыз, 2010 сағат 09:23

Қуғындағы қазақ әдебиеті

Бүгін - дүниежүзілік жазушылар күні. Бұл күн - Халықаралық Пен-клубтың 1986 жылы қаңтардың 12-і мен 18-і аралығындағы 48-ші конгресінің шешімі негізінде аталып өтіледі.

Біздің елде жазушылар мерекесі дейтіндей арнаулы күн жоқ. Алайда, қазақ қаламгерлері іс-әрекеті әр кез елдің көзінде. Бұл сөзіміге дәлел жетерлік. Қазақ әдебиеті қағазға түсіпАбайдан кейін өзінің жаңа бір кеңістігіне көтеріліп келе жатқан кезде  заңсыз билік саналатын совет өкіметінің қасапшыларының қолдарынан қаза болды.

Оқырманды қайдам, өз басым совет өкіметі тұсында қарыштап өскен қазақ әдебиетінің  ішінен 60-70 жылдардағы ұлт мәселесін астармен ымдап, туған елін жырлау арқылы қазақ әдебиетін асқақ биікке көтере білген бір шоғыр топтың еңбегі ғана ұлт әдебиеті алдында теңдессіз деп білемін.

Совет өкіметі тұсында ақын-жазушы болудың сәнге айналғанын және оның өте табысты «кәсіпке» айналғанын осы жұрт ұмыта қоймаған шығар. Соны білген талайлар қаламгер атанып ағымдық, өтпелі дүниені мәңгіліктей көріп, шабыттана жазып, жұртта адасып қалған Асан баланың күйін кешкені есімізде.

Содан барша жұрт білетіндей Тәуелсіздік жылдары біздің әдебиет қатты науқастанып (аурудың аты атаққұмарлық, топтық мүдде, өз лағын теке қою, әдебиет арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу, дәстүрлі советтік әдеби мінезден қол үзбеу, рулық, жалтақтық, билікке жағынып жан сақтау) күні бүгінге дейін беті бері қарамай келеді. Солай бола тұрса да, туа да талантты қаламгерлер сүбелі шығармаларын алашына ұсынып, жұрты оны бағалап та жатыр.

Дүния әдебиетін қайдам, қазақ әдебиетінің өкілдері репрессияға, қуғынға көп ұшырап, көзіне қамшы көп тиген әдебиет. Оның айғағы кешегі Жүсекеңдердің алғашқылардың бірі болып 1931 атылып кетуі. Кейіннен бейуаз Биағаңдардың өзін жойып жіберген қасапшы өкімет.

Көзі ашық, көкірегіне ұлт анасының шуағы ұялаған ұл-қыздардың «елге қайтарайық» деп бастама көтеруіне себеп болып отырған өзі үйінде мырзақамақтағы Қажығұмардың тағдыры соның қуғын мен қырғыннан көз ашпаған әдебиеттің бұлтартпас дәйегі.

Ұят болғанда, қуғын Қазақтың өз ортасында да бар. Соның бірі жазушы Алпамыс Бектұрғанов. Ол кісі «жемқорлық былықққа араласы бар» деп Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке жария түрде жала жапқан деп танылып, тамыздың 13-інде сот үкімімен бір жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сөзді созбай Азаттық радиосының веб-сайтында 2009 жылдың 1 нші қазанында жарық көрген мақаладағы Қазақастан Жазушылар одағы басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин мен Қазақстан жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы бөлімшесінің директоры ақын Ақұштап Бақтыгерееваның айтқан сөздерін келтірейік.

Нұрлан Оразалин:

«Оның кеткендігі жарғыға сәйкес болған нәрсе ғой. Бітті. Айтылды. Істі болып жатыр екен соған байланысты кетті. Басқа ештеңе айтпаймын»

Ақұштап Бақтыгереева:

«Бектұрғанов мырза облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхаметовке дәлел, дәйексіз жала жапқан деп есептеймін. Ол әкімге таққан айыбының ешбірін дәлелдей алмады. Бектұрғановтың әкімге қарсы шығуының астарында әкімді әшкере ету емес, басқа бір өзінің қитұрқы мүддесі болғаны анық. Мұндай әрекеттерімен нені аңсағанын мен білмеймін. Алайда, Қазақстан жазушылар одағы Бектұрғановтың іс-әрекетін адамгершілік қалыпқа сыймайтын іс деп бағалап, яғни одақтың ішкі жұмыс тәртібіне сай емес деп тауып, оны одақтың мүшелігінен шығарды»

Міне, әлгі бірін-бірі бақан алып қуалаған жұрт. Біз ешкімге бүйрек бұрып отырғанымыз шамалы. Бір сауал қалды көкейде. Жарайды, әкімге кеңесшісі қарсы шыққан шығар, айтқан шығар. Бірақ, Алпамыс Бектұрғановтың қызметіндегі істің оның шығармашылығына қандай қатысы болуы мүмкін. Мүмкін одақ мұндай әкміге қарсы шыққан жазушының одаққа мүше болуға құқысы жоқ деп тапқан болар. Онда отыз жетідегі совет өкіметіне өл-өлгенше қарсы болып, ұлт сүйгені үшін ғана жазаланғандарды да бұл одақ ақталғанына қарамастан бұрын қылмысты болған деп мүшеліктен шығарып тастап жүрмей ме өзі?! Сонда бұл қай одақ? жазушылар одағы ма өзі?!

Ойымыздағыны айттық. Жұрт айтып жүрген жеті жүз жазушының ешқайсысы екі туып, бір қалғанымыз. Біздің көңілдегі әділдік. Ар жағын ағайын өзі білсін!

Нұра Матай

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1766
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1742
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1465
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1376