Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3164 0 пікір 4 Ақпан, 2010 сағат 06:27

БОЖКО НЕГЕ КҮРСІНДІ?

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке бір тықыр жуықтап қалғанға ұқсайды: соңғы кездері атқарушы биліктің бұтағында отырған министрлердің өткен жылда не тындырғанын сұрап есеп алып жүр. Міне, таяуда ол Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісіне бас сұғып осы ведомоствоның 2009 жылғы жұмысының қорытындысы мен алдағы 2010-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарымен танысты. Бір қызығы, әдетте күтпеген жағдайларға толы қызметіне байланысты «беймаза» болып көрінетін  ведомство басшысы Владимир Божко алқада өзін тым салмақты ұстады. Тіптен өткен жылғы жетістіктерін жіпке тізіп қана қоймай, болашаққа қатысты батыл «болжам» да жасап жіберді.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке бір тықыр жуықтап қалғанға ұқсайды: соңғы кездері атқарушы биліктің бұтағында отырған министрлердің өткен жылда не тындырғанын сұрап есеп алып жүр. Міне, таяуда ол Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісіне бас сұғып осы ведомоствоның 2009 жылғы жұмысының қорытындысы мен алдағы 2010-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарымен танысты. Бір қызығы, әдетте күтпеген жағдайларға толы қызметіне байланысты «беймаза» болып көрінетін  ведомство басшысы Владимир Божко алқада өзін тым салмақты ұстады. Тіптен өткен жылғы жетістіктерін жіпке тізіп қана қоймай, болашаққа қатысты батыл «болжам» да жасап жіберді.

«Бақсақ бақа екен демекші», министрдің салмақтанатын жөні бар екен. Өйткені өткен жылды «тау-толағай» жетістіктермен шығарып салыпты. Ең бастысы мыңдаған адамның өмірін сақтап қалыпты. Өзінің сүт пісірім уақытқа созылған  баяндамасында кесек-кесек деректерді лақылдатып тұрып, «өткен жылы жедел құтқару қызметі апатты жағдайлардан 7 мың 950 адамды құтқарып алған», - деп Премьер-министрге қарады. «Бұның барлығы да жемісті жұмыстардың нәтижесі. Өткен жылы ведомствоаралық жедел әрекет етуді арттыру мақсатында 17 мыңға тарта тактикалық-арнайы жаттығулар, оқу-жаттығу дабылдары өткізілді. Сондай-ақ, ел аумағында «Қазқұтқару-2009», «Өзара байланыс - 2009», «Мұнай - 2009», «Жетісу - 2009» атты төрт бірдей халықаралық жаттығу шаралары өтті. Әлемнің 30-дан астам елдерінің өкілдері атсалысқан бұл шараларда Қазақстанның құтқару күштерінің дайындығы жоғары бағаланды», - деп атап өтті министр.

Жиын барысында сөз сөйлеген Премьер-министр Кәрім Мәсімов те Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысына жақсы деген баға беріп жатты. «Министрлік пен оның бөлімшелері өздеріне жүктелген міндеттерді толығымен орындап шықты. Сол себепті мен министрліктің атқарған жұмысын оң бағалаймын. 2009 жылғы қаржылық қиыншылықтарға қарамастан, министрлікке қажетті жағдайлардың барлығы жасалды. 2008-2009 жылдарға арналған материалдық-техникалық жарақтандыру  жеткілікті түрде арттырылды», - деді Үкімет басшысы. Жалпы техногендік сипаттағы апаттардың болу қаупіне тоқталып өткен Кәрім Қажымқанұлы Төтенше жағдайлар министрлігіне кез-келген жағдайға даяр болу үшін материалдық-техникалық әзірлікті жіті қадағалауды ұсынды. «Төтенше жағдайлар министрлігінің алдында жаңа әрі нақты міндеттер жүктеледі. Бұл - Көксарай су реттегіші нысанының құрылысын аяқтау жұмысына қатысты. Құрылыс нысаны еліміздің оңтүстік өңірінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді», - деді К.Мәсімов.

Айтып келмейтін апаттардан еліміз белгілі мөлшерде зардап шегіп жатады. Алайда, өткен жылы бұндай апатты жағдайлар да аз тіркеліпті. «Былтыр беймезгіл апатты жағдайлардан мерт болғандар саны 2008 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға аз болды. Бұл жерде әсіресе Қарағанды (кен орындарында жүздеген адамның өмірін жалмаған шахта жарылыстары болып жатса да. - автор), Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы  төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің еңбектері ерекше», - деді В.Божко.

Бір қызығы баяндамасы осы жерге келгенде министрдің қабағы түйіліп кетті. Тіптен күрсінгендей де болды. Кешікпей бұл «күрсіністің» де сыры ашылды. «Керісінше, Астана қаласы мен Алматы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы төтенше жағдаймен күрес жұмыстары өте сылбыр. Нәтижесінде аталған аймақтарда төтенше оқиғалар саны артып отыр», - деп сөзін қайта сабақтады.

Осылайша «еңіретіп» тұрып есеп берген Божко төтенше жағдайлармен күрестің күрсіндірер тұстары көп екенін мойындап та отырғандай көрінді бізге.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Астана

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 630
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 386
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 369
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374