Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4138 0 пікір 27 Қаңтар, 2010 сағат 07:16

Бейіс Қазақ. «Жынды» бап: жыныс алмастыруға рұқсат...

Қазақстанда қаласа әйел заты өзіне еркектің жынысын қондырып, табиғатында ұрғашылыққа ұрынған ер адам әйел бола алады.

Еліміздегі «Халық денсаулығы туралы және Денсаулық сақтау жүйесі»   Кодексінде жынысты ауыстыруға қатысты осындай (көшедегі жастардың тілімен айтқанда) «Жынды» бап  бар. Аталған Кодекстің 88-бабында «Психологиялық дертке шалдықпаған жаннан өзге жыныстық күйзелістегі тұлға жынысын өзгерте алады» деп жазылған.

Неге екені белгісіз, «Халық  Денсаулығы туралы...»   Кодекстің ішіндегі жаңағы бап өткен жылы қыркүйек айының 18-інде қоғам тарапынан еш наразылық тудырмастан  қабылданып кеткен болатын. Жазғы демалыстан арқа босата алмаған депутаттар да ұйқылы  ояу отырып баптың бас аяғын толық оқып қарастырмаған сияқты. Әйтпесе, сөйлейтін шешендер «Мынау не сұмдық?» деп бір ышқынып қалатын ба еді, қайтер еді?.. Әлде әлгіндей баптың тездетіп Кодекске еніп кетуіне тілеуқорлардың негізгі тобы Заң шығарушы органның ішінде жүр ме, кім білген?.. Әйтеуір, араға бес ай салып астаналық аналар Кодекстегі 88-бапқа байланысты дауыс көтерді.

25-қаңтар күні  дөңгелек үстел ұйымдастырған Астанадағы қоғамдық ұйым өкілдері «Жыныс ауыстыру» -  Қазақстанды әлемге масқара ету» деген ортақ пікірге келді.

Бірінші болып сөз алған «Жасар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қорлан Қалиева ханым: «Бізді толғандырып отырған мәселе Қазақстан республикасының «Халық денсаулығы туралы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне енгізілген өзгеріс болып отыр. Кодекстің 88-бап(азаматтық құқық) 3-бөлігіне енгізілген өзгерісте былай деп көрсетілген: «Жынысты операция арқылы ауыстыруға рұқсат беріледі ». Бұл сұмдықты мектепте оқитын балаларынан естіген аналар не істерлерін білмей қалғанын айтып қоғамдық ұйымдырға келіп шағымдануда», - деді.

«Астана шырақтары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы,  журналист, жазушы  Жұмагүл Саухат: « Қазақстан адам құқықтары туралы түрлі конвенцияларға қол қойды, ол бас тартуға болмайтын міндет шығар, бірақ жалпы Қазақстан халқының 0.1 процентіне жетпейтін адамдардың құқын желеу етіп күллі жұртты аздыруға жетелейтін бұл сұмдық Кодексті қабылдаған депутаттар ертең « қос жыныстылар некелесуге болады» деп заң қабылдаса,  мен таңданбаймын. Сонда депутаттарды не үшін сайладық? Қаптаған секталар мен табиғаты бұзылған жандардың тілеуін тіле, айтқанын істе, айдағанына жүр деп сайладық па? Тұтас халықты аздыратын істерге   үкімет те, парламент те, қоғам да дәрменсіз болып отыр! Бизнеске айналған бүл сұмдықты Батыс елдері де тоқтатуға мажбүр болуда, ал бізде «жыныс алмастыру 20-30 мың АҚШ доллары тұрады, брақ клиент жоқ» деп отырған дәрігерлерді көргенде жынданып кете жаздадым. Намыстанатын жерде намыстанайық, ағайын! Біз бұл сұмдыққа шыдап тұра алмаймыз», - деп күйіне сөйледі.

Заң ғылымдарының докторы Айсана Сман ханым да бұл заң халықтың мүддесіне сай емес екенін , Батыс елдері бастапқыда жыныс ауыстыруды  бизнеске айналдырып,  қазірге дейін оны тоқтата алмай отырғанын алға тартты. Ал ұстаздар қауымы атынан сөз алған Назгүл Әбдірахманқызы бұны «жантүршігерліқ сұмдық» деп бағалап болашақ пен ұрпаққа төнген қауып ретінде қоғамдық ұйымдарды бірлесе күресуге шақырды.  Ал медицина ғылымдырының кандидаты Жамусина ханым « гормондық және жыныстық тұрғыдан жетілмеген адамдар болады, бірақ аз» деді. Ғалымның сөзіне жүгінсек,  олар бәрі-бір түбегейлі емделе алмайды екен.

Кодекстегі аты жаман баптың   ислам жамағатына жат дүние екені бесенеден белгілі. Астана қаласы «Сәдуақас ғылмани мешітінің» наиб имамы Ербол Мәмбетов: «Бұл ислам шариғатына қайшы әрі қатаң тиым салынған күнә. Бұндай Кодексті қабылдау -  басым көпшілгі Ислам дініне сенетін халықты қорлау»  дейді..

«Алаш аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қарлығаш Бекпатшақызының ойынша әйел мінезді, еркек емес ездердің қара молайтуы депутаттарды еш толғандырмайтынға ұқсайды.

Ол: - Депутаттардың халықтың мүддесімен санаспай мұндай қадамға баруы бізді қатты алаңдатты. Бұл тақырыптың өзі адам жанын түршіктіреді. Әйел мінезді, еркек емес  ездердің көбеюі, рухани топас адамдардың көбеюі депутаттарды қызықтырмаса керек. Ұрпақ үшін бүкіл ғұмырларын сарқыған ата-бабаларымыздың аманатын жерлеп, көпе-көрнеу азып бара жатқан халықты аздыру кім үшін пайдалы? Сонда ертеңгі ұрпақ не болады? Кім біздің болашағымызды ойлайды? - деп шарасыздықтан айналасына сауал тастады.

«Халық денсаулығы туралы» Кодекске енген өзгеріске  2009 жылы 18-қыркүйекте,  Астана қаласында, Ақордада  нөмірі № 193-IV ЗPK жарлығымен Президент Нұрсұлтан Әбішұлы қол қойған.

Жиын қортындысында  осы «өзгерісті»  Кодекстен алып тастауды  өтінеміз, -  деп шешкен зиялы қауым парламент пен үкіметке АШЫҚ ХАТ жазатын болып келісті.

Кейбір деректерге қарағанда, Қазақстанда тиісті орындарға жынысын өзгерту үшін 27 адам өтініш беріп тіркелген көрінеді.

0 пікір