Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3284 0 пікір 11 Қаңтар, 2010 сағат 05:37

Алашордадан Ақордаға дейін

31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне байланысты ұйымдастырылатын «Алаш ордадан Ақордаға» атты марафон акциясын қолдауға шақырамыз

Құрметті қазақстандықтар!

Тәуелсіз еліміздің  бүгіні мен ертеңі жүрегінде иманы, кеудесінде намысы ұйыған біздер мен сіздердің және болашақ ұрпақтардың қолында. Сондықтан өткенді еске алып, ұлыларды ұлықтау, тарихты ұмытпау - парыз. Ол осындай іс-шаралардан басталатыны белгілі. Біз сіздерді аталған акцияның өтуіне ат салысып, рухани тұрғыдан қолдап,  қаржылай жәрдем жасауға шақырамыз.

Акцияның мақсаты:

Еліміздің тәуелсіздігіне атсалысып, қазақы қоғам үшін еңбек ету, жастар мен жасөспірімдердің отаншылдық рухын ояту.

Кешегі кеңестік дәуірде солшыл саясаттың құрбаны болған Алаш қайраткерлерінің, асыл азаматтарымыздың тарихи еңбегін еске алу, олардың ел тәуелсіздігі мен рухани жаңғыруға қосқан еңбектерін насихаттау.

Ең бастысы Алаш рухын көтеріп, Алаш аманатын өскелең ұрпаққа жеткізу.

Акцияның басталу уақыты 29 қаңтар күні  Баспасөз конференциясында белгілі болады және ресми ақпарат құралдарында хабарланады.

Марафонға жүгіруші: Бердешов Жеңісбек Төлепбергенұлы

Марафонның басталатын және аяқталатын орны:

Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмола ауылына орналасқан саяси қуғын- сүргін құрбандарының  «Алжир» мемориалдық-мұражай кешені алдынан басталып, 31 мамыр саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні осы жерде аяқталады.

Марафон бағыты:

Алаш Орданың астанасы болған Семей қаласынан басталып, тәуелсіз қазақ елінің қазіргі астанасы Астана қаласына дейін жалғасады.

Баспасөз конференциясы 29 қаңтар күні Брусиловский көшесі, 87. «Астана полиграфия» АҚ мәжіліс  залында өтеді.

Ұйымдастырушы: «Алаш аманаты» қоғамдық бірлестігі

Мекен жайы: Астана қаласы, Рамазанов 37 үй.

Тел: +7 701 752 11 83,

e-mail: alashamanati@mail.ru, kazkazkaz@mail.ru

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 936
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 607
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 627