Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2479 0 пікір 8 Желтоқсан, 2009 сағат 06:27

Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақстандықтардың үлкен тобы мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды

Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ- Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР президентінің жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс саласының, құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.
Ерекшеліктің жоғары деңгейі – “Қазақстанның Еңбек Ері” атағы Қостанай облысындағы “Каркен” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры С.Б.Бұқановқа, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ә.Кекілбаевқа, Шығыс Қазақстан облысындағы “Өскемен титан-магний комбинаты” АҚ президенті Б.М.Шаяхметовке берілді.

“Отан” орденімен наградталғандар арасында Қостанай облысындағы К.Маркс атындағы ЖШС директоры И.М.Вечтейн, Солтүстік Қазақстан облысындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігі трактор-егіс бригадасының бригадирі А.Н.Жүнісов бар.   

ІІ дәрежелі “Барыс” орденіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ә.Б.Дербісәлі, ІІІ дәрежелі “Барыс” орденіне Шығыс Қазақстан облысындағы “Қазцинк” ЖШС-нің Риддер кен-байыту кешенінің директоры В.А.Завьялов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры С.Сартаев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры З.Л.Федотова және басқалар ие болды.

“Парасат” орденімен белгілі ғалымдар, мәдениет, білім беру қайраткерлерінің сіңірген еңбегі атап өтілді, олардың арасында Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының директоры Т.К.Ботабекова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Н.Жақыпбай, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Қ.Ү.Медеубеков, “А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС-нің бас ғылыми қызметкері М.Қ.Сүлейменов, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Ф.Шәріпова, жазушы Ш.Елеукенов, суретші Ү.Әжиев, мүсінші И.В.Лагутин бар. 

І дәрежелі “Достық” орденімен суретші Гүлфайруз Исмайылова, ақын Фариза Оңғарсынова наградталды, ІІ дәрежелі “Достық” орденімен марапатталғандар қатарында Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының әртісі М.М.Дараев, Қарағанды облыстық поляк этномәдени “Полония” бірлестігінің төрағасы А.К.Сваричевский, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері С.А.Уфимцев, жазушы А.А.Ким бар. 

“Құрмет” орденіне ие болғандар арасында Астана қаласының №1 қалалық емханасының бас дәрігері К.Н.Анасова, “Эйр Астана” АҚ әуе кемесінің командирі Т.С.Әмірова, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының режиссері Ғ.Есімов, “Айқын” республикалық газетінің бас редакторы Н.Жүсіп, Қарағанды облысындағы Балқаш мыс балқыту зауытының балқытушысы Д.А.Керімжанов, Қызылорда облысындағы №249 мектеп-лицейінің директоры К.Б.Мергенбай, Ақмола облысындағы “Новокубанское” ЖШС-нің бас агрономы Н.Д.Носачева, Ақтөбе облысындағы олимпиадалық резервті даярлау орталығының директоры А.Б.Шахаров және басқалар бар.

Әскери және қызметтік парыздарын үлгілі атқарғандары, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі “Даңқ”, ІІ және ІІІ дәрежелі “Айбын” ордендерімен, “Ерлігі үшін” және “Жауынгерлік ерлігі үшін” медальдарымен марапатталды.

“Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы ғылымның, мәдениеттің, өндіріс пен әлеуметтік саланың 69 көрнекті өкіліне берілді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 228 адам наградталды. 

Марапатталғандардың тізімі жергілікті баспасөзде жарияланатын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 614
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 363
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 364