Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3439 0 пікір 7 Желтоқсан, 2009 сағат 05:16

Интернет-айтыс

Айтыс қазақ үшін ең қасиетті саналатын Желтоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздік күнін тәу етуге арналады.

Тақырыбы - «Қазақ - елдің де, жердің де егесі».

Айтыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысуға тілек білдірген ақындар екі топқа бөлінеді. Әр топтағы ақындар екі-екіден өзара қарсылас болады. Онлайн-режимде ақындар «Абай.кз» сайтының арнайы жасалған терезесінде кездеседі. Әр жұп жеке терезеде айтысады. Айтыс басталған соң әр ақынның өз қарсыласына жауабын жазуына 10 минут уақыт беріледі. Осы аралықта әр ақын өз ойын 10 шумаққа сыйғызып жазып шығуы тиіс. Оқырмандар бір мезгілде кез келген жұптың айтысының барысын оқи алады және пікірлерін қалдырып отыру мүмкіндігіне ие. Айтыс 2 сағатқа созылады.

Ақындардың қарымын бағалауға әділ қазылар алқасы тағайындалады және оқырмандар да дауыс береді. Әділ қазылардың мен оқырмандардың дауысы 50/50 болуы тиіс. Пайыздық есептеу арқылы қай ақынның басым түскені анықталады. Дауыс беруі ақындардың атын курсормен басу арқылы жүзеге асады. Әр топтың жеңімпазы дауыс санына және әділ қазылардың бағасына сай анықталады. Жеңімпаздар өзара екінші кезеңде айтысады. Оларды бағалау бірінші кезеңдегі тәсілмен жүзеге асады.

Айтыста көтерілетін мәселелер:

Ø      Қазақ хандарының ескерткіші далада неге қалды?

Ø      «Ел бірлігі» доктринасы ел бірлігін нығайта ала ма?

Ø      Желтоқсан құрбандары не үшін шейіт болды?

Ø      Қазақ тілінің болашағы кімнің қолында?

Ø      Тәуелсіздігімізді тәубеміз санай алдық па?

Айтыстың бірінші кезеңі 14-желтоқсан күні сағат 15.00-17.00 аралығында, екінші кезеңі 15-желтоқсан күні сағат 11.00-13.00 де өтеді.

Құрметті оқырман, интернет-айтысқа есім-сойы елге мәлім ақиық ақындардың қайсысы түссе екен деп тілейсіз. Ұсыныс, пікірлеріңіз болса жолдай беріңіздер. Айтысқа қатысамын дейтін ақындардың  бүркеме атпен шығуына да ерік беріп отырмыз. Өйткені басты баспақшыл еткен хал  тілге тиек болуы мүмкін. Осы арада ескертеріміз, біз ақындарды жазба поэзияның өкілі немесе суырып салма айтыскер деп бөлмейміз.

Ал, ақындар, қапы қалмаңыздар. Бүгінгі ақпараттық технологияның жетістігін иен пайдаланып, елге айтарыңды айтып қал, ақтарылып, арылып қал.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 593
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 324
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 338
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 343