Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4570 0 пікір 26 Қараша, 2009 сағат 08:57

Назарбаев қазақстандық спортшы Мая Манезаны әлем чемпионатындағы алтын медалімен құттықтап, жеделхат жолдады

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  қазақстандық спортшы Майя Манезаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

«Қымбатты Майя, барлық қазақстандықтардың және өз атымнан сені Оңтүстік Кореядағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальға ие болуыңмен қызу құттықтаймын. Біздің бәріміз де бұл тамаша жеңісті зор құлшыныспен қабылдадық! - делінген жеделхатта.

Табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайратыңды танытып, осы халықаралық жарыста біздің еліміздің мерейін үстем ете білдің.

Жаңа жеңістер мен табыстар тілеймін, - делінген Ақорданың ресми сайтында орналастырылған жеделхатта.

Бұрын хабарланғандай, сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның Коян қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық штангашы Мая Манеза 63 кг салмаққа дейінгі категорияда алтын медаль жеңіп алды.

Жұлқып көтеруде  105 кг, күшпен көтеруде 141 кг штанганы көтерген М. Манеза екі жаттығудың нәтижесінде 246 кг алды.

Бұл - ауыр атлетикадан әлем чемпинатындағы Қазақстан құрамасының қоржынына салынған екінші алтын медаль. Екі күн бұрын 53 кг салмаққа дейінгі категорияда Зүльфия Чиншанло алғашқы алтын алқаны жеңіп алған.

Мая Манеза құрбысы Зульфия Чиншанло сияқты Қытайдан келген, ұлты - дұңған. Ол осыдан екі жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 960
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 814
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 627
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 680