Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3303 0 пікір 25 Қараша, 2009 сағат 07:53

Альянс банктің қайта құрылымдау мерзімі 15 наурызға дейін ұзартылды

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – Алматының мамандандырылған қаржылық соты «Альянс банк» АҚ-ның қайта құрылымдау бағдарламасын келесі жылдың 15 наурызына дейін ұзартты.

«2009 жылдың 19 қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты «Альянс банк» АҚ-ның қайта құрылымдау мерзімін ұзарту туралы анықтама шығарды. 2009 жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмеуге белгіленген қайта құрылымдау мерзімі 2010 жылдың 15 наурызына дейін ұзартылды»,- деп хабарлайды банк сәрсенбі күні KASE сайтында орналастырған хабарламасында.

Сонымен қатар, 2009 жылдың 15 қарашасына белгіленген «Альянс банк» АҚ-ның кредиторларымен келіссөз жүргізіп, қайта құрылымдау жоспарына олардың келісімін алу мақсатында кредиторларды шақыру мерзімі 2009 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылды.

«2009 жылдың 30 қырқүйегіне белгіленген кредиторларға «Альянс банк» АҚ-ның қайта құрылымданатын міндеттемелері бойынша ақпараттық меморандумды әзірлеу және жолдау мерзімі; «Альянс банк» АҚ кредиторларының жиналысын шақыру туралы хабарламаны жариялау мерзімі 2009 жылдың 25 қарашасына дейін ұзартылды», - делінген құжатта.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 953
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 805
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 624
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 666