Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3092 0 пікір 24 Қараша, 2009 сағат 05:42

Халықтың келешегін кемелдендіру үшін өткенін кері қайтарайық!

«Азат» ЖСДП Мәлімдемесі

Еліміз тәуелсіздікке ие болған алғашқы сәттерден бастап-ақ Қазақстанның тарихына қатысты мәселеде біздің мемлекетіміз біле тұра айтпау немесе бұрмалау секілді кеңестік дәстүрді одан әрі жалғастыруға және оны одан әрі дамыта түсуге ниеттенгені айқындала бастады. Төл тарихымызды кең көлемді зерттеп, әділ талқыға салудан қорыққан авторитарлық билік тарихи сананың мәжнүндік кейіптегі түрін қалыптастыруда. Сол себептен болып халықтың жүріп өткен жолы да саяси конъюнктураға сатылды. Еліміздің бір жағынан күрделі, бір жағынан қарама-қайшылықтарға толы, әрі сан қырлы ұлы тарихы ең жұпыны қас-қағым сәттік мүдделердің, соның ішінде шенеуніктердің қазіргі президентке қатысты жарамсақтанушылық және итаршылық көңіл-күйінің кепілдігінде қалып отыр.

«Қазақ мемлекеттілігі 1991 жылдың желтоқсан айынан басталған» деген ойды мәңгілікке таңыуға тырысқан билік қолда бар барлық құралдарының көмегімен біздің отандастарымыздың жадын мемлекеттілік және ұлттық өзін-өзі тануды қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарған тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерінен оқшаулап бағуға тырысуда.

«Азат» ЖСДП Мәлімдемесі

Еліміз тәуелсіздікке ие болған алғашқы сәттерден бастап-ақ Қазақстанның тарихына қатысты мәселеде біздің мемлекетіміз біле тұра айтпау немесе бұрмалау секілді кеңестік дәстүрді одан әрі жалғастыруға және оны одан әрі дамыта түсуге ниеттенгені айқындала бастады. Төл тарихымызды кең көлемді зерттеп, әділ талқыға салудан қорыққан авторитарлық билік тарихи сананың мәжнүндік кейіптегі түрін қалыптастыруда. Сол себептен болып халықтың жүріп өткен жолы да саяси конъюнктураға сатылды. Еліміздің бір жағынан күрделі, бір жағынан қарама-қайшылықтарға толы, әрі сан қырлы ұлы тарихы ең жұпыны қас-қағым сәттік мүдделердің, соның ішінде шенеуніктердің қазіргі президентке қатысты жарамсақтанушылық және итаршылық көңіл-күйінің кепілдігінде қалып отыр.

«Қазақ мемлекеттілігі 1991 жылдың желтоқсан айынан басталған» деген ойды мәңгілікке таңыуға тырысқан билік қолда бар барлық құралдарының көмегімен біздің отандастарымыздың жадын мемлекеттілік және ұлттық өзін-өзі тануды қалыптастыруда аса маңызды рөл атқарған тарихи тұлғалардың іс-әрекеттерінен оқшаулап бағуға тырысуда.

Былтырғы жылы саяси бірегей феномен - бірінші ұлттық партия - «Алаш Орда» партиясының 90 жылдығы ресми деңгейде атап өтілмеуі кездейсоқ оқиға болмаса керек. Ұлттық сананы қалыптастырушы айшықты тұлғалар біле тұра бүркемелеудің көлеңкесінде қалып отыр.

Оқулықтар, мемлекеттік тапсырыс бойынша жазылған тарихи еңбектер, даңықты бабаларымыздың бірнеше жүздеген жылдар бойы еліміздің қазіргі шекарасын қалай құрағанын және оларды мемлекеттік мән-мазмұнмен қалай толтырғанын ашып көрсете алмайды. Осы тектес кітаптардың басым бөлігінде көптеген айқын деректер мүлдем болмаумен бірге, оларда халықтың шынайы тарихының рухы, қазіргі Қазақстан Республикасын құру жолындағы ғасырлық сабақтастық ұғымы да жоқ.

Соның салдарынан Қазақстанда өзінің тарихи тамырын сезінбейтін, ата-бабаларымыздың күресі мен төккен маңдай терін, жетістіктері мен тауқыметтерін  сезбейтін адамдардың буыны көбейе түсуде.

Ал осы уақытта еліміздегі шенеуніктер арасында тарихты жазу және қайта жазу, оны өзінің қарақан басының қамы үшін, өзінің мәнсапқұмарлығы мен жағымпаздығының пайдасына бұрмалау мен жалған түсінік қалыптастыру үшін аламан жарыс басталды.

Тарихты бұлайша тиянақсыз «қолдан жасаудың» барлығы да өскелең ұрпақтың тәрбиесіне салқынын тигізіп, азаматтарымыздың өз елін мақтан тұтатын отансүйгіштік ұғымдарын ірітіп, өңін теріске айналдыруда!

Біз халыққа өзінің шынайы тарихын кері қайтаратын мерзім жетті деген нық сенімдеміз. Және оны азаматтық қоғам мен мемлекеттің белсенді бірлескен күш-жігері мен іс-қимылының арқасында ғана жасауға мүмкіндік бар.

Атап айтсақ, біз төмендегідей кезек күттірмес іс-шараларды қолдану қажет деп санаймыз.

1)     Қазақ жерінде мемлекеттіліктің құрылу және аяғынан тік тұру тарихын зерттеу жөніндегі қоғамдық-мемлекеттік комиссия құрып, оның құрамына түрлі ағымдар мен бағыттарда жұмыс істейтін тарихшыларды тарту. Комиссияның мақсаты - кең көлемді талқылау жолымен тарихты объективті зерттеу және оны мектеп қабырғасынан бастап, қалың бұқара қауымның назарына жеткізу процессін жандандыру.

2)      Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресушілердің Ұлттық Пантеонын құру мәселесін қарастыру. Бұл мемориал азаматтарды ата-бабаларының істерін қадырлеп, құрмет тұтатын шынайы мақтанышты сезімінің төңірегінде ұйыстыра түсуге тиіс, ол қазіргі президенттің бейнесінен өзге, біздің мемлекетіміздің негізін қалаушы хандар Жәнібек пен Керейге лайықты орын табылмай, адамдарды идеясына қарай бөлшектеуге алып келген, жуырда ашылған «Қазақ елі» кешені секілді болуға тиіс емес.

3)     Қазақ тарихының аса маңызды жәдігерлерін (артефактілерін), ең алдымен ұлы мемлекеттік қайраткер - Кенесары ханның сүйегін елімізге қайтарып беру жөнінде Қазақстан - Ресей қарым-қатынастарының жоғарғы деңгейінде мәселе көтеру. Қазақ халқының тарихи жадына қатысты аса маңызды осынау мәселені шешуге септігін тигізуге деген Ресей Федерациясының ресми қызығушылық танытып отырғанының өзі біздің отандастырымыз үшін оңды рөл атқара алады дегенге біз кәміл сенімдіміз.

4)     20-шы ғасырдағы аса қайғылы оқиғалар - 1920-шы жылдың соңы мен 1930-шы жылдың басындағы ашаршылықа, сталиндік саяси нәубетшілік пен 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне мемлекеттік баға беру, осыларға қатысты барлық мұрағат мәліметтерін ашу. Біздің пайымдауымызша, бұл оқиғалар туралы білу Қазақстан азаматтарына тек өз тарихын бағалап қана қоймай, сонымен бірге қазақ ұрпақтары қол жеткізген мемлекеттік тәуелсіздіктің толайым маңызын толыққанды зерделеуге мүмкіндік береді.

Халықтың тарихи жадын қайта жаңғыртуға бағытталған осы және басқа да мақсаттарды шешудегі бір қадам ретінде «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Алматыда, ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында, Қазақстан тарихының мәселелері бойынша Дөңгелек үстел өткізбек ниетте екенін жариялап, оған азаматтық қоғам мен мемлекет өкілдерін - ғалымдар мен сарапшыларды, саясаткерлер мен мәдениет қайраткерлерін шақырады.

Өздеріңізге мәлім, тарих ерте ме, кеш пе, барлығын өз орнына қойып, ақ пен қараны ажыратып, бидайды конъюнктуралық бидайықтан бөліп беретіні белгілі. Бірақ, өзін қазақ халқы ретінде сезінетін еліміздегі белсенді азаматтардың буынынан айрылып қалмау үшін, билікті осынау ақиқатты зерделеуге және қоғамның арман-мүддесіне бетбұрыс жасауға бейімдей ояту қажет.

Қазақ тарихын Қазақстанның барлық азаматтарының лайықты келешегі үшін - рух еркіндігі мен әділетті тұрмыс салтанат құратын жасампаздыққа арқау етіп, халықтың нағыз қазынасына айналдыратын сәт туды!

«Азат» ЖСДП тең төрағалары:

Болат ӘБІЛЕВ

Жармахан ТҰЯҚБАЙ

23/11/2009 ж

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 612
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 361
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 362