Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2782 0 пікір 5 Қараша, 2009 сағат 06:48

Қазақ журналистерінің I халықаралық форумының БАҚ өкілдеріне ҮНДЕУІ

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген қанатты сөзі қазіргі таңда барынша өзекті бола түскендей. Қазақтілді ақпарат құралдары осы талап үдесінен шығып отыр ма? Қазақ баспасөзінің өкілі ұлттық мұрат-мүдделердің жоқтаушысы ретіндегі өз жауапкершілігін қалай түсінеді?

Қазақ тарихындағы соңғы жиырма жылдың ақпарат құралдарына берген сабағы қандай? Неден ұттық, неден ұтылдық?

Алыс-жақын шетелдердегі һәм еліміздегі қазақ журналистерінің басын қосып, Қазақ баспасөз өкілдерінің I халықаралық форумын өткізудегі басты діттегеніміз де осы - өткенді таразылау, болашақты бағдарлау, мақсаты мен мұраты бір қазақ журналистерінің арасында ой, көзқарас, мүдде бірлігін қалыптастыруға үлес қосу.

Тұңғыш ұйымдастырылып отырған Қазақ журналистерінің I халықаралық форумы - бұл қордаланған сан сауалдың жауабын іздестіретін алаң ғана емес, алынған асулар мен шықпаған биіктерді салиқалы ой сүзгісінен өткізу,  ұлт келешегіне темірқазық болар бір ұстанымға келу.

Сол үшін біз бүгінгі күні қазақ тілді БАҚ-тың алдынан шығып отырған барлық мәселені ашық талқыға салуымыз керек. Мысалы, қазақ баспасөзінің таралымы неге аз? Оған не кедергі? Газеттер мен журналдар оқырман қауымға неге дер кезінде жетпей қалып жатады? Таралымды қалай жолға қоюға болады? Ол үшін не істемек керек?

Телеарналардан мемлекеттік тілде таралатын бағдарламаларға неге басымдық берілмей келеді?

Әуетолқынына ақпаратты қазақ тілінде шығару «Қазақ» радиосы мен «Шалқар» редакциясының ғана міндеті ме? Өзге радиотораптары тыңдарман аудиториясының сұранысын не себепті ескермейді?

Облыс орталықтарындағы тәуелсіз БАҚ қалай күн кешіп жатыр?  Облыстық, аудандық газеттердің ахуалы нешік? Оларды не толғандырады?

Қазақтілді БАҚ еліміздегі ақпарттық кеңістікке егелік етіп отыр ма, жоқ па?  Егер бұл сұраққа «жоқ» деп жауап беретін болсақ, оның себеп салдарын қалай тарқатамыз? Немен түсіндіреміз?

Баспасөз өкілдерінің ішкі бірлігі, ынтымағы дегенді бүгінгі уақыт тұрғысынан қалай пайымдап жүрміз? Қазақ журналистерінің арасында ұйымшылдық бар ма? Қоғамдық пікірге ықпал етудің заманауи әдіс-тәсілдерін игере алдық па?

Астана қаласында өткелі отырған Қазақ журналистерінің I халықаралық форумында жоғарыда аталған жәйттерден өзге тағы қандай мәселелерді талқылауға болады?

«Форум өтеді де кетеді, одан  жоғымыз түгенделіп, жыртығымыз жамалмас» деп қатардан қалып, қаға берісте сөйлемей  желтоқсанның 10-на дейін ортақ мақсатқа ой қосалық. Бойкүйездікке, салғырттыққа салынбайық.

Форумның бағдарламасы бойынша тек қазақ баспасөзінің өкілдері ғана емес, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, философтар, дінтанушылар, тарихшылар яғни, қоғамдық институттардың барлық саласынан мамандар қатысып, пікір білдіруге, ұсыныс айтуға толық қақылы. Біз игі бастамаға тілеулес, жанашыр азаматтардың тарапынан белсенділік күтеміз.

БАҚ жетекшілерін ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз!      

Ұйымдастыру алқасы.

Астана қаласы,

2 қараша, 2009 жыл.

Форумның форматы:

1.Қазақ журналистерінің I- Халықаралық форумының ашылу салтанаты. Пленарлық отырыс. Ол шамамен 40-50 минутқа созылады. Онда бірнеше шағын баяндама жасалады. Баяндамашы ұйымдастырушылар тарапынан бекітіледі.
2.Секциялық жұмыстар. Мұнда әзірге 5 тақырып белгіленіп отыр. Оларды талқылау үшін модератор және 5 спикерден белгіленеді. Әр тақырыпқа арнайы уақыт бөлінеді. 
а/ Қазақша интернет: қиындықтар мен мәселелер.   
ә/ Аймақтық БАҚ: Бүгіні мен болашағы.
б/ Жарнама - қаржы көзі. Сапа мен талап.
в/ БАҚ және Ұлттық рух. Ұрпақ тәрбиесі.
г/ Билік және БАҚ.

Ескеру: Бұл форматты әзірге жоба ретінде қабылдауларыңызды сұраймыз. Жоба форумға жанашыр қауымның ұсыныстармен толықтырылады. Ұсыныс-пікірлеріңізді мына телефонға +7-7172-500-633 қоңырау шалып айтсаңыздар да болады.

Өтетін уақыты: 09.12.2009 ж. 
Өтетін жері: Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы

Ұйымдастыру алқасы.

Астана қаласы,
2 қараша, 2009 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1946
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2194
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1812
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1540