Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2442 0 пікір 15 Қазан, 2009 сағат 05:28

Арман Қани. Дос Көшім дәріс оқыды

Қазан айының 13-і күні, белгілі саясаткер, қоғам қайраткері, «Демократияны тарату орталығының» директоры, ҚР Парламенті Мәжілісі Қоғамдық палатасының мүшесі Дос Көшім және «Демократияны тарату орталығының» үйлестірушісі, қоғам қайраткері Болат Дүйсенбі Павлодар қаласында «Қазақтілді үкіметтік емес ұйымдарды демократияға оқыту» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға облыс орталығындағы және Ақсу қаласындағы қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Дос Көшім шара барысында үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық мәртебесі, олардың қызметін реттейтін негізгі заңдар, қоғамдық ұйымдардың грандтар белгіленген жобаларға қатысу тәртібі жөнінде көрнекі құралдарды қолдана отырып, заңдық-құқықтық тұрғыдан  түсінік берді. Сондай-ақ  іс-шараларды заң шеңберінде ұйымдастыру  тақырыбы бойынша тренинг өткізді және ресми құжаттарды  сауатты толтыру ережелері жайында айтып, үлгілерін көрсетті, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Павлодар қаласында үкіметтік емес ұйымдар мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына арналған осындай семинарлар бұдан бұрын да ұйымдастырылған еді. Бірақ бұл шаралардың барлығы тек орыс тілінде  жүргізілгендіктен, қазақтілді  қоғамдық ұйымдар қатысудан қалыс қалатын. Ал осы жолғы семинар  демократияны қастерлеуге мемлекеттік тілде оқытқан алғашқы семинар болып табылады, сондықтан  қазақтілді үкіметтік емес ұйымдарға пайдасы зор болды.

Дос Көшім семинар алдында ИнЭУ-дің студенттерімен кездесіп, мемлекеттік, ұлттық құндылықтар жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды.

Павлодар қаласы.

0 пікір