Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2652 0 пікір 12 Қазан, 2009 сағат 04:12

Жегі құрт жас ұрпақты жалмап жатыр

Ұлан-ғайыр даланың ұлы жұрты-қазақтың қарашаңырағында ұлттық қасіреттің желі ұлып тұр. Асқаралы тауларын, бетегелі белдерін, тіпті, тұз басқан туған топырағын қорғай алатын тұла бойы сау ұрпақ болашақта бола ма деген сауалмен бүгінде бетпе-бет жүздесуге тура кеп тұр. Соның ішінде, дауа бойлатпай тұрған дерт-туберкулезден дәуір үніндегі діріл байқалады. Тіптен, құдай берген мұнайдың тұрғылықты халыққа сыйлағаны бақ па, әлде сор ма, деп те күпіршілік айтпасқа амал қалмай барады. Өйткені, өңменіңнен өткен өкпек жел өкпеде өкініш өрнегін өрнектеуде. Мұнайлы мақаттықтардың маңдайына Кох таяқшасының күркірімен үрке болса да өмір сүруге тура келетін тағдыр жазылғандай. Неге десеңіз, бәз баяғы әдетімізден айнымай айтқанда, болашағымыз боп табылатын-балалар тумай жатып туберкулездің тұзағына түсіп жатыр. Ресми органның мәліметін оқыған сайын төбе шашың тік тұрып, жүрек сыздайды.

Туберкулезшілер «тайпасы»

Әрине, Мақат ауданы бойынша туберкулез ауруының аурушаңдылығы мен тұрғындар арасында туберкулез ауруының таралуы соңғы 5 жылда төмендегенін сала мамандары теоремадан кем дәлелдемейді. Оның растығына күдіктенбейміз де. Соның есесінде бұған дейін аталмыш ауру бойынша көштің алдын бермей келген ауданымыз биыл облыста үшінші орынға табан тірегенін айтсақ та жеткілікті. Бірақ, әңгіме басқада.

Ұлан-ғайыр даланың ұлы жұрты-қазақтың қарашаңырағында ұлттық қасіреттің желі ұлып тұр. Асқаралы тауларын, бетегелі белдерін, тіпті, тұз басқан туған топырағын қорғай алатын тұла бойы сау ұрпақ болашақта бола ма деген сауалмен бүгінде бетпе-бет жүздесуге тура кеп тұр. Соның ішінде, дауа бойлатпай тұрған дерт-туберкулезден дәуір үніндегі діріл байқалады. Тіптен, құдай берген мұнайдың тұрғылықты халыққа сыйлағаны бақ па, әлде сор ма, деп те күпіршілік айтпасқа амал қалмай барады. Өйткені, өңменіңнен өткен өкпек жел өкпеде өкініш өрнегін өрнектеуде. Мұнайлы мақаттықтардың маңдайына Кох таяқшасының күркірімен үрке болса да өмір сүруге тура келетін тағдыр жазылғандай. Неге десеңіз, бәз баяғы әдетімізден айнымай айтқанда, болашағымыз боп табылатын-балалар тумай жатып туберкулездің тұзағына түсіп жатыр. Ресми органның мәліметін оқыған сайын төбе шашың тік тұрып, жүрек сыздайды.

Туберкулезшілер «тайпасы»

Әрине, Мақат ауданы бойынша туберкулез ауруының аурушаңдылығы мен тұрғындар арасында туберкулез ауруының таралуы соңғы 5 жылда төмендегенін сала мамандары теоремадан кем дәлелдемейді. Оның растығына күдіктенбейміз де. Соның есесінде бұған дейін аталмыш ауру бойынша көштің алдын бермей келген ауданымыз биыл облыста үшінші орынға табан тірегенін айтсақ та жеткілікті. Бірақ, әңгіме басқада.

Өмірдің не екенін танып білмеген ұрпақты қоғамның қорқынышты мүшесіне айналдырмас үшін алынып жатқан шараларда да шек жоқ. Сонымен тікелей айналысатын Мақат ауданы бойынша 30 керуеттік туберкулезге қарсы күрес ауруханасы аудан бойынша туберкулезге қарсы күрестің 2008 - 2010 жылдарға арналған шараларын орындауда. Міне, дәл осы мекеменің келтірген мәліметтеріне сүйенсек, сай-сүйегіңді сырқыратарлық сандарға жолығасыз. Әсіресе, аудан орталығында туберкулез таяқшасы әңгір таяғын ойнақтатып тұр.

Мәселен, аудан бойынша аурудың қарқынды (активный) түрімен ауыратындар 84 болса, оның 53-і мақаттықтардың үлесінде. Өкпе тканінің ыдырауымен табылған оның 1 -уі  Мақаттан. Биылғы жылдың жартыжылдығында жаңадан табылған 13 аурудың 2 - і БК + бацилла бөлетін түрі екені анықталды.

Балалар арасындағы  туберкулез аурушаңдылығына келсек, 2009 жылдың жартыжылдығында 1 бала ауырып, аурушаңдылық көрсеткіші 35,2 пайызды құрады. Осы ауырған 1 бала Мақат кентінен.

Қорқыныштысы сол, ағымдағы жылдың 6 айында ауданда 652 баланың ағзаларында туберкулез инфекциялары бар екені анықталса, 122 бала виражбен, 7 бала гиперпробамен ем алып жатқан көрінеді.

Қазіргі таңда туберкулез ошағында байланыста болған, вираж, гиперпроба, ағзаларында туберкулез инфекциялары бар 78 бала Мақаттан, Доссор кенттеріндегі арнайы балалар бақшасына оқшауландырылған. 3 бала облыстық  туберкулезге қарсы күрес шипажайында сауықтырылуда, 110 бала мектептерде жазғы демалыс лагерьлерінде аудандық оқу бөлімі арқылы сауықтырылды. 3 бала Атыраудағы арнайы туберкулез ошағындағы оқушы балаларға арналған мектеп - интернатына орналастырылған.

Мұның бәрі ойлантарлық көрсеткіш. Өйткені, қоғамнан оқшауландырылған баланың психологиясы дені сау балаға қарағанда қалыпты болмасы анық.

Тұтастай алғанда, сауықтыру орындарына орналастырылып жатқан ұрпақтың туберкулезшілер тайпасын емес, қатардағы қоғам мүшесін толықтырмағы-ең бастысы.

 

Оқшауланған ошақта

Деңгейіне қарай жікке бөлінетін жегі құртты жұқтырғандар жасұрпақтың мұңлы жанарынан артық ұлттық қасірет болмаса керек-ті. Сондықтан, уақыт оздырмай емін қабылдатса, жазуға болатын аурумен күресте тек дәрігерлердің емес, билік, ата-ана мен тұтас қоғамның өзара іс-қимыл танытпағы қажеттігі айтпаса да түсінікті.

Дегенмен, бар үміт аурудың дендеуіне жол бермеуге демі таусылғанша жауаптылық жүктелген дәрігерлердің қолында. Сол айтқандай, дәрігерлік анықтамаға тағы жүгінер болсақ, біраз баланың аталған аурудың құрсағында қалып отырғаны белгілі болды.

Айталық, 2009 жылы 6 айында 84 өршіген ауру диспансерлік І топта тұрса, олардың 1-еуі жасөспірім болса, 3-і әлі әліптің не екенін білмейтін бала.

Ал, 2-ші диспансерлік топтағы 167 аурудың ішінде 6 жасөспірім мен 5 бала бар.

3 - ші топта барлығы 398 ауру есепте тұр. БК + туберкулез ошағында байланыста болғандар 166 болса, олардың 8-і жасөспірім де, 60-ы бала. Ал, БК - туберкулез ошағында байланысты болғандар саны 107 болса, олардың 5-і жасөспірім, 52-сі бала.

Диспансерлік топтағы 58 бацилла бөлетіндердің ішінде қайталап ауырған төртеуі түгелдей-еліміздің болашағы.

Белгі берген ауруды асқындырмай, емдеудің бір амалы-ауру ошақтарынан оқшаулау боп табылады. Бұл ретте үстіміздегі жылы БК + ошағындағы 60 бала, БК - ошағындағы 74 баланың 12 - сі арнайы балабақшаларға орналастырылған.

Орайы келгенде айта кетсек, бүгінде аудан бойынша екі ірі кентіміз-Доссор мен Мақатта осындай шипажай типтегі балабақшалар жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда туберкулез ошағында байланыста болған, вираж, гиперпроба мен ағзаларында туберкулез инфекциясы бар 78 бала осынау балабақшаларда оқшауланып, тәрбиеленуде.

Тағы бір қуанарың мен қайғырарың бірдей дәрежедегі жаңалық-келер жылы Доссор кентінен шипажай типтегі бір балабақша бой көтеруі мүмкін.

 

Тексеріс тағы тіксінтті

Тау қопарар ұрпақтың орнын таяққа әлі келмейтін ұрпақтың басуы-үлкен мәселе. Бұлай деуімізге себеп те жоқ емес.

Мысалы, балаларды тубдиагностикалық тәсілмен тексеру барысында артығымен орындалған жоспар нәтижесі 465 балаға «күдікті» деген диагноз қойғызды. Бұрыннан ағзасында туберкулез инфекциясы бар 450 бала химиопрофилактика алу керектігіне қарамастан, ол толыққанды орындала қоймаған.

Шындығына келгенде, туберкулезбен ауырып қалуға бейімділер саны бұдан да көп боп шықты. Яғни, ауруға бейім қауіп-қатер тобында 3670 бала тұр, әрі оны тағы бір нақтылау керектігін мамандар жасырмайды.

Ауру бала санының өсуінде екінші жағынан ата-аналардың да кінәсы жоқ емес. Себебі, тым-тәуір жалақы алып жүрген ата-ана аурулығы белгілі болғаннан кейін емделуден бас тартып, ауруханалардан ат-тонын ала қашуын әдетке айналдырған. Бірақ, нарық заңымен өмір сүру халыққа оңайға соқпай отырғаны аян. Шаш-етектен батқан банк алдындағы қарызын емделгені үшін берілетін аз-мыз ақшаға айырбастау мүмкін емес. Сондықтан, туберкулез ауруханасының бас дәрігері А.Жұмағалиев айтпақшы, ауру ата-ана емделіп шыққанша жалақысын толық болмағанмен соған жақын деңгейде сақтау механизмін ойластыру керек сияқты.

Оның үстіне тамақ бағасының өсуіне байланысты аурулар толыққанды тамақтанбай жатыр. Өйткені, тамақ каллориясы 3500 ден 2020 - ға дейін түсіп кеткен. Бүгінде емдеу ауруханасында соған сай қаражат тапшылығы 650000 теңгені құрап отыр.

 

Ендігі мәселе де ермек үшін емес

Әлеуметтік жағдайлары төмен, ағзаларында туберкулез инфекциясы бар, және туберкулез ошағындағы балаларға аудан мектептерінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету өз дәрежесінде жүргізілуі тиіс.

«Бәрін айт та, бірін айт» демекші, туберкулез ошағындағы мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерді оқшаулау мәселесі туындаулы.

Әзірге, Атырау туберкулезге қарсы күрес шипажайына ағзаларында туберкулез инфекциясы бар 6 бала іріктеліп, сауықтыруға жіберілсе, екінші жарты жылдықта сондай 10 баланы жіберу көзделгені мәлім болды.

Сол секілді, жасөспірімдерді және мектеп жасындағы балаларды БК + туберкулез ошағынан Атырау мектеп - интернатына оқшаулау көзделген 12 бала мен 4 жасөспірімді интернатқа орналастыру жоспарланғанмен, ол орынның жоқтығынан мүмкін болмапты. Ал, ауданымызда жасөспірімдерді оқшаулайтын мектеп те, шипажай да жоқ.

Бас дәрігер бұл ретте шеттегі ауыл балалары оқып жатқан мектеп-интернатты осы мақсатта пайдалану керектігін айтады.

Шипажай демекші, «Болашақ» зауытын тұрғызып жатқан Аджип ҚКО компаниясы туберкулезге жанама болса да қатысы бар баланы Көкшетау шипажайында сауықтыруға жіберуге демеуді доғарды. 2006-2007 жылдары 100 баланың сауықтырылуына жолдама берген АДЖИП ҚКО компаниясы 2008 - 2009 жылдан бері сап тиылған. Оның да объективті себептері жоқ емес деседі білетіндер.

 

Сөз соңы

Жалпы, туберкулез ауруы жайында сөз қозғалса дәрiгерлердiң өзi дерттi дерлiктей жойып жiберу туралы емес, оны тоқтатуды турасында айтады.

Ел iшiне iндеп тұрған дерттiң бұлайша тамырлануын мамандар әлеуметтiк фактор ретiнде қарастырады. Себебi, туберкулез диспансерiнде тiркеуде тұрғандардың дені әлеуметтiк жағынан нашар қорғалғандар. Яғни, олардың балаларының да бұл дертпен ауыруы ғажап емес.

Осы орайда, ұлттық сусын қымыз бен шұбаттың құрт ауруына ем болатынын еске салған артық етпейді.

Бірақ, жарытып тамақ ішпейтін ондай отбасы балалары үшін күнделікті аталған сусынды ішу жұмаққа барып-келгенмен бірдей екені даусыз.

Оның үстіне ауданымыз шипалы сусынды өндіретін ауылшаруашылығына да жатпайды.

Қысқасын айтқанда, Кох таяқшасы қоқаңдап тұр.

Кісі жатырқамайтын туберкулез дертi жасұрпақты құрсағына алуымен қорқыныш  бұлтын үйірулі. Ойлантарлық-жайт.

Арал БАЙЖІГІТОВ,

Атырау облысы, Мақат ауданы.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2155
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1781
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534