Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4372 0 пікір 12 Қазан, 2009 сағат 04:08

Жанар НҰРҒАЛИ. ЫРҒЫЗ – ІЗГІ ИДЕЯЛАР МЕКЕНІ

Сонау Кеңес дәуірі тұсында Ырғызда басшылық қызметте болғандардың бірі кетерінде «Ырғыз - ит байласа тұрғысыз жер» депті. Ырғыздың суын ішіп, балығын жеген әлгі басшының бұл сөзіне ырғыздықтар көпке шейін ренжісіп жүрді. Бала кезімде үлкендер аузынан естіген осы бір сөз кейде есіме түседі. Бірақ әлгі басшысымақ айтқан «ит байласа тұрғысыз» жерден ел үдере көшкен жоқ. Құдайға шүкір, малы отын оттап, халқы Ырғыздың бал татитын суын ішіп тұрып жатыр.

Ырғыз - республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесіне енгізілген мекен. Бұл өңірде Үкімет басшысының өкімімен 2007 жылы «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Резерваттың негізгі мақсаты - табиғат, жан-жануарлар әлемін қорғау, әсіресе, соңғы кезде азайып бара жатқан киіктерді қорғау, көбейту жолдарын қарастыру. Мекеменің негізгі аумағы Нұра, Тәуіп селолық округтерінің территориясын қамтиды. Олар №1 және №2 участок деп аталады. №1 участокте Тәуіп селолық округінде орналасқан «Атанбас» жүйесі, №2 уачстокте Нұра селолық округінің территориясы «Алакөл» жүйесі қамтылған. Резерват - 763 549 га жерді алып жатыр. Сонымен бірге, 296 мың га жерді алып жатқан Торғай зоологиялық қаумалы территориясы да бекітіліп берілген. Мұнда құстардың 250 түрі, оның 32 түрі елімізде сирек кездесетін құстар ретінде Қызыл кітапқа енген.

Сонау Кеңес дәуірі тұсында Ырғызда басшылық қызметте болғандардың бірі кетерінде «Ырғыз - ит байласа тұрғысыз жер» депті. Ырғыздың суын ішіп, балығын жеген әлгі басшының бұл сөзіне ырғыздықтар көпке шейін ренжісіп жүрді. Бала кезімде үлкендер аузынан естіген осы бір сөз кейде есіме түседі. Бірақ әлгі басшысымақ айтқан «ит байласа тұрғысыз» жерден ел үдере көшкен жоқ. Құдайға шүкір, малы отын оттап, халқы Ырғыздың бал татитын суын ішіп тұрып жатыр.

Ырғыз - республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесіне енгізілген мекен. Бұл өңірде Үкімет басшысының өкімімен 2007 жылы «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Резерваттың негізгі мақсаты - табиғат, жан-жануарлар әлемін қорғау, әсіресе, соңғы кезде азайып бара жатқан киіктерді қорғау, көбейту жолдарын қарастыру. Мекеменің негізгі аумағы Нұра, Тәуіп селолық округтерінің территориясын қамтиды. Олар №1 және №2 участок деп аталады. №1 участокте Тәуіп селолық округінде орналасқан «Атанбас» жүйесі, №2 уачстокте Нұра селолық округінің территориясы «Алакөл» жүйесі қамтылған. Резерват - 763 549 га жерді алып жатыр. Сонымен бірге, 296 мың га жерді алып жатқан Торғай зоологиялық қаумалы территориясы да бекітіліп берілген. Мұнда құстардың 250 түрі, оның 32 түрі елімізде сирек кездесетін құстар ретінде Қызыл кітапқа енген.

Аудан әкімі Мирхан Дуанбековтың айтуынша, жалпы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жаман емес, жаксы. Ырғызда биылғы жылы ауыл шаруашылығында жалпы 1376,3 млн. теңгенің өнімі  өндірілген. Былтырғыға қарағанда өнім артқан.

Жергілікті халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысатын өңірдің төрт түлігіне де биыл қоң біткен. Ірі қара, қой-ешкі, жылқы, түйесияқты мал басының айтарлықтай пайыздық өсімге ие болуы соның айғағы.

Соңғы жылдары ауданда шағын және орта бизнеспен айналысушылар қатары көбейіп келеді. Айталық, ауданда қазір шағын кәсіпкерлік саласында он екі мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Ырғыз - Нұра бағытындағы көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті тұрғындар тек көпірді жөндеу жұмысының ұзаққа созылмай, қысқа дейін тезірек бітуін қалайды.

Аудан орталығындағы Алтынсарин, Жүргенов, Құлымбетов көшелеріне тас жол төселген. Жеке кәсіпкерлер өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуді игерген. Биылғы көктемде аудан бойынша 291 га жерге бау-бақша егілген. Ауданда 200 жаңа жұмыс орны ашылып, 315 адам жұмысқа орналасып, жұмыссыздық азайған.

Жалпы Ырғыз өңірінде тындырылған шаралар баршылық. Десек те, жүзеге асатын шаралар одан да көп десек артық айтқандық емес. Айталық, кезінде Ырғыздың балығымен аты шықты. Облыс бойынша балық шаруашылығы су қоймаларының 70 пайызы, яғни облыстағы бар­лық балық қорының негізі Ырғыз-Торғай өзен-көлдер жүйесіне шоғырланған.  Алайда, жергілікті тұрғындар балық қоры шоғырланған өзен-көлдері бар ауданның облыс орталығынан 490-500 ша­қырым шалғайда орналасуы, онда ауланған балықты қалаға жет­кізудің қиындығы да бұл саланы дамытуға қол­байлау екенін айтады. Ең бастысы, ауланған балықты өңдейтін кәсіпорындардың жоқтығы бұл бағыттағы шаруаға қиындық келтіріп отыр. Қа­зіргі уақытта Ырғыздың өзен-көлдерінен ауланған балыққа сұраныс жоғары. Мұны облыс орталығында өткізіліп жүрген күзгі жәрмеңкелерден байқауға болады. Демек, бұл - шешуін күтіп, алғы күндердің еншісінде қалып отырған мәселе.

Судың да сұрауы бар, бірақ...

Ырғыздықтар ауыз суының тұщылығына шүкір етеді. Ауыз су - тұщы. Облыстық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мамандарының айтуынша, мұндағы ауыз су құрамында адам ағзасына пайдалы табиғи минералды заттар көп. Ал, өзен суы қашаннан ащы. Оны тұрғындар тек малға беріп, бақша суаруға ғана пайдаланады.

Бүгінде аудан орталығында 27 колонка бар. Су жергілікті тұрғындарға белгілі бір уақытпен беріледі. Бұл - су көзін үнемдеудің амалы. Дұрыс шығар. Бірақ, кейбір колонкалардан су баяу ағады. Село тұрғындарының айтуынша, су құбырлары мен қондырғылар ескіріп, әбден тозығы жеткен. Ақши ауылындағы «Айырқызыл» су қоймасы кеңес дәуірінің көзі, 1975 жылы іске қосылған. Содан бері су құбырлары жаңартылмаған. Қыстыгүні қақаған аязда колонкалар қатып қалып жатады.

Ал, Нұра, Мамыр, Дүкен, Құтикөл, Құрлыс, Аманкөл ауылдары ауыз суға зәру. Аталған ауылдарға аудан орталығынан су тасып апарылады. Бұл жағдайдың қашанға дейін жалғасары белгісіз.

«Тозаққа апаратын жол» қош айтысады.

Ырғыздықтардың тағы бір шүкір ететіні - жол мәселесінің реттелуі. Самара-Шымкент республикалық трассасының Ырғыз бөлігі қалпына келтіріле бастағалы бері ырғыздықтардың «тозаққа апаратын жол» азабынан көзі ашылып келеді. Ырғыздың жолы халықаралық маңызға ие «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізіне енді. Аудан облыс орталығынан шалғай болғандықтан әсіресе, көктем мен күзде тасқын сулар жолдарды жырып, ойып тастайтын. Жергілікті тұрғындар жол азабын тартып, облыс орталығына әрең жетуші еді. Тіпті, автобуста селкілдеп, ұзақ жол жүріп, қалаға жеткенде аяғы ауыр әйелдер мезгілінен ерте босанып та қалған.

Ал, бүгінде Ақтөбе қаласы бағытындағы жол жөнделе бастағалы қалаға қатынаушылар көп. Қаламен екі араға қатынайтын автобустың бағасы ересек адам үшін 1300, мектеп оқушысы үшін 650 теңге. Жеке таксилер адам басына 2000 мың теңгеден алады. Есесіне 5 сағатта жетіп қаласыз. Бұрын автобус қаладан Ырғызға 10-12 сағат жүріп келсе, қазір бұл 8 сағатқа қысқарған.

Ал, көрші Шалқар ауданына қатынас жоқтың қасы. Бұрынғыдай автобус қатынамайды. Жеке көлік иелеріне кезіге қалсаңыз ғана 2 мың теңге беріп, Шалқарға жете аласыз. Мұны жергілікті тұрғындар Шалқар бағытындағы жолдың нашарлығымен түсіндіреді.

Облыс орталығынан Қалыбай елді мекеніне дейінгі жол жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Тұрғындар енді жолдың қалған бөлігінің, яғни, Қалыбайдан Ырғызға дейінгі аралығының жөнделіп бітуін күтіп отыр.

Жергілікті тұрғындар көңіліндегі тағы бір түйткіл - қала мен екі араға қатынайтын автобус мәселесі. Қалаға қатынайтын автобустардың көбі ескі, көнерген. «Кейде қыстыгүндері автобус жолда бұзылып қалады. Әсіресе, балалы әйелдерге қиын. Жол жөнделіп біткен соң, жаңа автобус берсе жақсы болар еді» дейді ауыл адамдары.

Ырғыздықтарды ренжітетін тағы бір нәрсе - қаладан Ырғызға қатынайтын автобусты жолға шығарып салар сәттегі «Сапар» автовокзалы қызметкерлерінің мәдениеті. «Әр сөмкеге ақша алғанымен қоймай, жолаушыларға дікектеп, ұрысып сөйлейді. Жолақы билетінен бұрын сөмкеге  ақшаның төленіп - төленбегенін тексереді. Әр жолаушы өзімен бір сумка алып жүруіне болады емес пе? Мұны автовокзалдағылар ескеретін емес» дейді Ырғыздың перзенті, бүгінде ақтөбелік Гүлнәр есімді тұрғын.

Осыған орай, «Сапар» автовокзалына барып, ондағы Ырғыз бағытына билет сатушы кассирмен сөйлескенімде ол әр сумка үшін 195 теңге төлену қажет екенін, чек берілетінін, мұның себебін білмейтіндігін айтты. Ал, автовокзал басшылығы орнында болмай жолығудың сәті түспеді. Бір қызығы, Ырғыздан Ақтөбеге қатынайтын автобуста ешкім жолаушыдан сөмкесі үшін ақы алмайды. Сонда мұны қалай түсінуге болады? Әлде қаладағылар ойына келгенін істей ме?  Қандай заңдылыққа бағынып отыр?  Әзірге жауап жоқ.

Көгілдір отын - бір арман...

Көгілдір отын мен темір жол қатынасы ырғыздықтар үшін неше жылдан бері арман боп келеді. Бүгінде далалықта бұрынғыдай емес, отындық азайған. Тіпті, жоқтың қасы. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың көбінің қыстық отыны - қамыс. Қолында малы барлар малының тезегін жағады. «Қайбір жылдары тіпті, отынға жағатын көмір де қат болды ғой. Соңғы бір-екі жылдан бері ғана көмір сатушылар келе бастады. Ақшасы барлар алады» дейді жергілікті тұрғын Қазыбек Ғабсаттаров.

Кезінде Астана бағытындағы темір жолдың Ырғыз арқылы салынуын қалап, жергілікті ақсақалдар жоғарғы билік өкілдеріне хат жазып, өтініш айтты. Бірақ өтініш қабылданбады. Сірә, ырғыздықтарды әлі де жол азабын тарта тұрсын деген шығар.

Түйін.

Ырғыз - тарих жәдігері. Ырғыз - ізгі идеялар мекені. Мұнда жүзеге асыруға әзір тұрған іс-шаралар көп-ақ. Іске асыруды тілеп, сұранып тұр. Атап айтсақ,  біріншіден, Ырғыз өңірінде көрікті жерлер көп. Шағаласы шулап, балығы тулаған өзен-көлдері бар бұл өлкенің табиғатына өзгелер таңырқай қарайды. Бір ғана Байтақ көлдің өзінен қоқиқаз, қызғылт бірқазан, сыбырлақ аққу, құтан, қасқалдақ, саз құладыны, қызылтұмсықты сүңгуір, көк сүңгуір, жалбағай, өзен қарқылдағы сияқты құстарды кезіктіруге болады. Соңғы жүргізілген санақ бойынша, Ырғыз өңірінде 30 мыңнан астам ақбөкен бар. Ал, бөкеннің мүйізінен пантакрин дәрісін дайындайтыны белгілі. Ол өкпе қабынуына, жүрек ауруына ем.

Сондай-ақ, көне тарих куәсіндей ескерткіштер мен сәулет өнері әлеміне түрен түсіп, зерттелсе, Ырғыздың қойнауында өзгеге паш етіп көрсетері жетерлік.

Өткенге үңілсек, Ырғыздың Мәнітөбе деген жерінде 1731 жылы 19 ақпанда Кіші Жүзді Россияға қосу туралы грамотаға қол қойды. Мұны біреу біліп, біреу білмейді. Тарихтың куәгеріндей киелі өңірде туризм саласын дамытса мұндағы көрікті мекендер жергілікті халықтың, ауыл қонақтарының көзайымына айналғалы тұр. Келген қонақтарға мынау деп көрсетерлік мекендерге жан бітірсе, әрлене түсері сөзсіз. Ендеше, Ырғызда туризм саласын дамыту қажет!

Екіншіден, бұл өлкеде елімізде сирек кездесетін дәрілік шөптердің алуан түрі өседі. Бір ғана «Ырғыз-Торғай табиғи резерваты» аумағының өзінде дәрілік өсімдіктердің 26 түрі кездеседі. Мысалы, қақырық түсіруге, қан тоқтатуға қолданылатын жалбыз, іш босатып, ішек-қарынның жұмыстарын реттейтін түймедақ және сонымен бірге, құрқұлақ ауруын емдеп, несеп жүргізетін сарыбас құрай сияқты емдік шөптер бар. Демек, Ырғызда ел экономикасын   әртараптандырудың бір саласы - фармацевтика кластерін  дамытуды  жолға қою керек!

Бұл өңір - елімізді еңсесі биік елу елдің қатарына қосатын, халқына шапағатын сыйлап, басшысына абырой әперетін  өлке. Тек ырғыздықтардың  сол ізгі идеясын  жүзеге асыра білсек керекті...

 

P.S. Ырғыздың суы бал татиды. Бірақ аудан орталығынан жырақ орналасқан Нұра, Мамыр, Жайсаңбай, Дүкен ауылдарының тұрғындары ауыз суға зәру. Тасып ішкен су неге жұғым болмақ? Аталған ауыл тұрғындарының бас ауруына айналған мәселе жайында газетіміздің алдағы сандарының бірінен оқи аласыздар.

 

 

«Керек.info» апталығы, Ақтөбе қаласы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2250
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2604
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2586
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1691