Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3801 0 пікір 7 Қазан, 2009 сағат 07:02

Бақытгүл БАБАШ. ҚАРАБАТАН ҚАРЫЗҒА БЕЛШЕСІНЕН БАТЫП ЖАТЫР

Мұнайлы өлкедегі ірі жобалардың бірі -  «Болашақ» заутының құрылысында күні бүгін жиырма мыңнан астам адам қазақ жерінің түкпір-түкпірінен ғана емес, алыс-жақын шетелден де қатынап қызмет қып жатыр. «Еңбекақы уақытында төленбейді, отандық мамандарды өгейсітеді, шекара асып келгендер басымдыққа ие» деген сан мыңдаған себептер өткен қыста Қарабатандағы қара жұмысшылардың ашуын келтіріп, аяғы ереуілге ұласқан. Жергілікті атқарушы биліктің пәрменді қарекетінің арқасында ғана «қақтығысты» құрықтау мүмкін болды. Бірақ... Қарабатандағы қара халықтың жағдайы одан бері жыл айналса да түзеліп кеткен жоқ. Батыс Ескенеде құрылыс жүргізіп жатқан компанияларға тексеру жүргізген Мақат аудандық прокуратурасы қазақстандық (!) жұмысшылардың жалақылары берілмей жатқанын «біліп қойды».

Мақат ауданының прокуроры Халидолла Дәуешовтің берген мәліметтеріне қарағанда, Қарабатан қарамағындағы қызметкерлеріне 109 миллион 370 мың теңге қарыз боп қалған. Енді борышкерлерді саусағыңызды бүгіп, санай беріңіз:

- «MQS Kazakhstan» ЖШС: өзінің 36 жұмысшысына 5 млн. 289 мың теңге қарыз.

- «ТеплоСнаб и К»:  979 мың 351 теңге ;

-  «Меркурий Seven LTD»: 1 млн. 294 мың тенге

- «ККТС-Кентек»: 12 млн. 421 мың 456 теңге

-  «Яманлар Иншаат»: 2 млн. 779 мың 876 теңге

- «Мақат автокөлік базасы»: 1 млн. 317 мың 348 теңге

-  «Тепло Снаб и К»: 787 678 теңге

- «MQS Kazakhstan»: 5 млн. 289 мың тенге

-  «ТеплоСнаб и К»: 979 мың 351 теңге

- «Меркурий Seven LTD»: 1 млн. 294 мың тенге

-  «ККТС-Кентек»: 12 млн. 421 мың 456 теңге

-  «Яманлар Иншаат»: 2 млн. 779 мың 876 теңге

- «Мақат автокөлік базасы»: 1 млн. 317 мың 348 теңге

- «Тепло Снаб и К»: 787 мың 678 теңге

- «Пауэр Комм КО»: - 1 млн. 054 мың 348 теңге

- «АркомСервисАтырау»: 500 000 теңге

-  «СпецКоммунСтрой»: 8 млн. 856 мың. 362 теңге

- «ИГС-Сичим»: - 37 млн. 500 мың. теңге

- ТОО «Имсталькон»: 3 млн. теңге

- ТОО «Атағой»:  2 млн. теңге

- ТОО «Ақниет-Никита»: 2 млн. теңге.

Атауынан көз сүрініп, адам жаңылатын компаниялардың бұл тізімі осылай жалғасып кете береді.

Өткен тоғыз ай ішінде аталған құзырлы орган 13 тексеру жүргізіп, нәтижесінде еңбек заңдылығын бұзған 126 оқиғаны анықтап, 1613 азаматтың конституциялық құқын қорғаған.  «Бұл келтірілген сандар компания басшыларының Заңды белден басқанын ғана емес, қарамағындағы қызметкерлердің мүддесін, отбасылық жағдайларын ойламағандарын көрсетеді», - дейді аудан прокуроры.

Құзырлы мекеме келіп шаңын қаққанша  қарызға батып отыра беретін Қарабатан бұл «әдеттен» қашан құтылар екен?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 973
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 836
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 703