Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3238 0 пікір 5 Қазан, 2009 сағат 03:53

Жазғы Олимпиада-2016 Рио-де-Жанейрода өтеді

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ- Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелері жасырын дауысқа салып 2016 жылғы Олимпиадалық жазғы ойындардың астанасы ретінде Рио-де-Жанейроны таңдады. Бұл туралы жұма күні Копенгагенде Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 121-ші сессиясында белгілі болды.

Дауыс беру қортындысын ХОК президенті Жак Роге жариялады.

Олимпиада ойындарын өткізу құқығына талас Чикаго, Рио-де-Жанейро, Мадрид пен Токио қалаларының арасында өрбіді.

Бұл қалалардың өтінімдерін сол елдердің президенттері мен үкімет басшылары ұсынды: американдық лидер Барак Обама, Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва, Испания королі Хуан Карлос пен ел премьері Хосе Луис Родригес Сапатеро, Жапонияның жаңа премьер-министрі Юкио Хатояма.

Құпия дауыс берудің нәтижесінде бірінші турда Чикаго тізімнен шығып қалды. Екінші турда Токио шықты. Соңғы турда Рио-де-Жанейро Мадридті ұтып шықты.

Бұрын Оңтүстік Америка бір рет те Олипиаданы өткізбеген еді. Одан басқа 2016 жылғы жазғы Олимпиадалық ойындардан екі жыл бұрын Бразилия, футболдан әлем чемпионатының финалдық бөлігін өткізеді.

0 пікір