Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2677 0 пікір 5 Қазан, 2009 сағат 03:51

Саркозидің Астанаға жасайтын мемлекеттік сапары аясында қазақстан-француз бизнес-форумы өтеді

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ -  Франция президенті Николя Саркозидің мемлекеттік сапары аясында 6-шы қазанда қазақстан-француз бизнес форумы өтеді, деп хабарлайды ҚР индустрия және сауда минитстрлігінің баспасөз қызметі. 

«Шараны өткізудің негізгі мақсаты екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын, іскерлік байланыстарды орнатуды, бірлескен өндірістерді құру мүмкіндігін, екі ел территориясында экономиканың әр секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылау», - делінген хабарда.

Форумға екі ел мемлекет басшылары қатысады деп жоспарлануда, сондай-ақ экономиканың келесідей секторларының: денсаулық сақтау, банк секторы, энергетика, көлік, өнеркәсіп пен басқа да секторларының іскер және ресми топ өкілдерінің қатысуы да қарастырылған.

Форумды қазақстан тарапынан ҚР индустрия және сауда вице-министрі Ерхат Ісқалиев, франция тарапынан – Қазақстандағы Франция елшілігінің Орта Азиядағы экономика жөніндегі өкілдігінің басшысы Жан-Жак Гийодо ашады деп жоспарланған.

Форум барысында Қазақстанның экономикалық және инвестициялық  климатын ҚР индустрия және сауда министрлігінің, ҚР көлік және коммуникация министрлігінің, ҚР Алматы өңірлік қаржы орталығының жұмысын реттеу агенттігінің және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілдері таныстарады.

Қазақстан мен француз іскер топ өкілдері арасында екі жақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Кеден статистикасының мәліметтерінше Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2009 жылдың қаңтар-тамызында $2,3 млн болып, оның экспорты – $19 2 млн, ал импорты – $731 мың болған.

ҚР Ұлттық банк мәліметтері бойынша, Қазақстан экономикасына 1993 жылдан бастап 2009 жылдың 1-ші тоқсанына дейін $4,8 млрд болған.

0 пікір