Сенбі, 15 Маусым 2024
Жаңалықтар 2997 0 пікір 12 Наурыз, 2014 сағат 09:08

Есенғали Раушанов. Бiз сiздермен бiргемiз!

Киев қаласы,

Банков көшесi,12. Либерман үйi.

Украина Жазушылар одағы басқармасына

Құрметтi бауырлар! Зұл­мат күндердiң бұғауына түс­кен бауырлас украин елiне және менiң халқымның түбi бiр туысы боп саналатын қадырдан Қырым татар халқына ыстық сәлемiмдi жолдаймын.

Өз басым ұлт азаттығы жолындағы күрестiң қай түрi де қасиеттi деп санаймын. Сiздер өз жолдарыңызды таңдадыңыздар. Өз жолын өз еркiмен таңдай бiлген халықтың бақытына тек қана қызығумен және тiлектестiкпен қараудан басқа не деуге болады?!

Ақиқат алға шығары хақ. Қара күш, зұлым пиғыл, арам ниет уақытша бел алуы мүм­кiн, бiрақ ақиқаттың, азаткер­лiктiң алдына мәңгi тосқауыл болуы мүмкiн емес. Заманында жазықсыз жапа шеккен қырымдық бауырлардың осы күндерде украин халқымен тiзе қосып, үзеңгi қағысып бiрге жүруi бiздi бек қуантады. Бiз сiздермен бiргемiз. Қазақстанның Жазушылар одағы, халықаралық ПЕН - клубының қазақ бөлiмшесi үн шығармай тым-тырыс отырса, бұл қазақ ұлты ұстанған позиция демеңiздер. Олар көпшi­лiктiң емес, азшылықтың пиғылын бiлдiредi деп ойлаймын. Мен жаңа бiр сөзiмде “мен ”деудiң орнына “бiз”деген есiмдiктi саналы түрде пайдаландым. Оның жөн айтыл­ған сөз екенiне анық көз жет­кiзетiн күн де алыс емес деп сенемiн. Қазақ зиялыларының ұлт азаттығы деп ұрандаған туыстарға ықылас ниетi өзгеше екенiне күмән болмасын.

Басқа әңгiме жоқ. Осыны айтуды борыш санадым. Жақ­сы күндерде, азат күн­дерде жолығуды жазғай.

Сiздiң елiңiзге, украин халқына деген шексiз құрметпен

 Есенғали Раушанов, ақын.

Abai.kz

0 пікір