Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4982 0 пікір 6 Наурыз, 2014 сағат 05:19

Меңдібай Ізтұрғанұлы. 14 наурыз - жаңа жылдың басы

Енді бірнеше күннен соң Жер бетіне Жаңа жыл келеді. Ерекше бір елге емес, жер бетіне! Табиғат тіріледі, жаңа уақыт санағы басталады .  14 наурыз - Жаңа жылдың басы. Бұл күнді Қазақ Елінің Маңғыстау өңірі атам заманнан бері тойлап, дәстүрлі мерекені үзбей жалғастырып келеді.

    Біздің бала шағымыз Түркімен Елінің Шағадам жерінде, жергілікті адайлар Жаңғақтың ойы деп атайтын өлкеде, Қошоба деген ауылда өтті. Көзімізді ашқалы міне, елу жылдан асты, Наурыз тойланбай қалған жыл болған емес. Таң алагеуімнен тұрып алып, қоңсы-көршілердің үйіне жүгіретінбіз. «Ассалаумағалейкүм» деп қос қолымызды ұсынып, көрісеміз. Үй иелері де мәз, қай уақытта пісіріп үлгергені белгісіз, ыссы бауырсақ пен тәттілерді қолымызға ұстата береді, «Жылың құтты болсын!», «Жасың ұзақ болсын!» деп, баталарын береді. Содан осылай, ауылда бірде-бір үй қалдырмай, шұбырып жүгіріп жүріп көрісіп шығамыз.

    Ал, үлкендер өздерінше тойлайды. Барлық үйде дерлік қазан асылады, кейбірі мал сойып, қонақасы береді. Сыйлы кісілерге, жасы үлкендерге, сырқос  адамдарға арнайы барып көріседі. Амандық-саулық сұрасып, «келер жылға да Құдай жеткізсін»-дерін тілейді.

   Сол уақытта «Амал келді», «Бесқонақ», «Самарқанның көк тасы ериді», «Наурыздың ақша қары» сөздерін естігенмен мағынасына мән бермейтінбіз. Біздің түсінігімізде наурыздың дәл 14-і күні қар жаууы тиіс. Бірақ, кейбір жылдары 13-і, кейде 15-16-ларындада жауып жатады, оған онша мән бермейміз, үлкендер «Наурыздың ақша қары ғой!» деп жататынын білеміз.

  Бұл күнде Наурыз тойы туралы пікір де, жазба да көп. Ести, оқи жүріп, Наурыз тойының негізгі мағынасы мен мәнін ажырата алатындай күйге жеттік. Қорытынды жасадық, пікір түйдік.  Енді сол ойларымызды ортаға салып көрейік деген тоқтамға келіп, қолға қалам алдық. Алдымен ескерер нәрсе, бұл менің өз түйгендерім және Наурыз туралы көптеген еңбектер жария болғандықтан ғылыми зерттеулерге сілтеме жасамай-ақ жаздым, дұрыс-бұрысын оқығандар екшеп алар.

   Бірінші түйін. Мектепте «Хайуанаттардың жыл басына таласуы» ертегісін оқыдық.  Осы ертегіде хайуанаттар Жылды Күннің шығуынан күтеді, яғни Күн шыққанда Жыл келеді. Бізді де бала күнімізде ата-анамыз сол күні ерте тұрып далаға шығуға, Нұрды көруге шақыратын. Олай болса Жаңа жылды түнде қарсы алуымыз түбірімен қате болғаны. Әрбір таңмен бірге Жаңа күн келеді, басталады.

    Екінші түйін. Жаңа жыл қақаған боранды қыста емес, көктемеде, жер дүние жаңарып, ұйқыға кеткен жан-жануарлар мен өсімдіктер оянып, тіршілік басталғанда келеді екен.

   Жаңа жылды қаңтардан бастау кейбір түсініксіздіктерге алып келеді. Қазіргі күнтізбе бойынша бір жылда екі қыс мезгілі бар. Мысалы, 2014 жылдың басындағы қаңтар, ақпан айлары қыс маусымы және жыл аяғында желтоқсан айында тағы қыс мезгілі келеді. Түсініп көр!

   Тәулік мезгілі де осындай келеңсіздікке құрылған, яғни, бір түнде екі күн бар. Әр күн Күннің шығуымен басталса мұндай сорақылық орын алмас еді деп ойлаймын.

    Бұларды өзгерту әрине қыйын, дегенмен ғалымдардың ойланып, жаңа жүйе жасауға талпынып көруіне болатын шығар. Біздің қолдан келер шаруамыз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Жаңа жыл туралы көпшілік ішінде дұрыс пікір қалыптастыруды жолға қою. Қазіргідей, желтоқсан басталғаннан «Жаңа жыл» күтіп, келер жылдың бейнесін алдын ала жарнамалап, у-шу болудың қажеті шамалы. Бұл қазақ тілді ақпарат құралдарына тиісті. Өздері ұлттық тәрбиеден сыртқары қалған дүбәрә ұрпақтың мыйын одан әрі мыйпалау жасап, улаудың пайдасы жоқ. Сол үшін теле-газет тілшілерінің білім деңгейі кез-келген ғалымға пара-пар болуы шарт, міндетті.

   Қоғамды тәрбиелеу мен басқару үшін идеология, ұлттық идеология қажет екені бәрімізге белгілі. Сол идеологияның қайнар көзі  ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен ата-бабаның ақ жолы. Қоғамның әрбір мүшесі өзі тұрған елдің жөн-жоралғыларын білуі мен орындауы міндетті. Қазақ халқының кез-келген басқа жұрт пен маргиналдар түсіне бермейтін ой-толғамдары мен тәжірибесінен туған, Алла тағаладан тікелей қолдау тапқан ұстанымдары біздің негізгі жолымыз болуы тиіс.

   Келер Жылқы жылы баршамызға құт әкелгей!

Маңғыстау

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1763
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1740
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1461
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1373