Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3651 0 пікір 25 Ақпан, 2014 сағат 07:23

Сайлау Байбосын. Оспанқұлов Орталыққа барып та оңдыра қоймаған екен

Жуықта «Серке» сайтынан «Жастар саясаты былығып барады. Оспанқұлов (суретте) Өтешевтің ізімен келеді» деген мақаланы көзіміз шалып қалған еді. Енді осы дүние «Абайға» да шығыпты. (Талғат Рахымбаев. «Жастар саясатындағы жемқорлық». http://old.abai.kz/node/41487).   Сосын біз де бірер ауыз сөз қосқымыз келді. Өтешев деген баланың ана бір жылдары «Нұр-Отанның» жастар қанатын басқарып, дүбірлетіп жүргенін жиі байқайтынбыз. Содан кейін көрінбей қалып еді, сөйтсек орнын өзі секілді «жас қырандардың» бірі Оспанқұловқа беріп кеткен екен...

Ал, Оспанқұловпен аз-маз таныстығымыз бұрынырақтан бар-тын. Бұл азамат ана бір жылдары шамалы уақыт Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып «отырып» кеткен. Одан кейін іле-шала облыс орталығы Павлодарға ауысып, онда да көп тұрақтамай, Астанаға қайта қайтты деп естігенбіз.

Жуықта «Серке» сайтынан «Жастар саясаты былығып барады. Оспанқұлов (суретте) Өтешевтің ізімен келеді» деген мақаланы көзіміз шалып қалған еді. Енді осы дүние «Абайға» да шығыпты. (Талғат Рахымбаев. «Жастар саясатындағы жемқорлық». http://old.abai.kz/node/41487).   Сосын біз де бірер ауыз сөз қосқымыз келді. Өтешев деген баланың ана бір жылдары «Нұр-Отанның» жастар қанатын басқарып, дүбірлетіп жүргенін жиі байқайтынбыз. Содан кейін көрінбей қалып еді, сөйтсек орнын өзі секілді «жас қырандардың» бірі Оспанқұловқа беріп кеткен екен...

Ал, Оспанқұловпен аз-маз таныстығымыз бұрынырақтан бар-тын. Бұл азамат ана бір жылдары шамалы уақыт Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып «отырып» кеткен. Одан кейін іле-шала облыс орталығы Павлодарға ауысып, онда да көп тұрақтамай, Астанаға қайта қайтты деп естігенбіз.

Әрине, Астанадан арнайы ауыстырып алатындай, Павлодар облысында дәл Оспанқұловқа қарап қалған шаруа жоғы белгілі. Оған керегі жалпақ тілмен айтсақ, «послужной саписок» қана. Сол үшін келген адам. Мейлі дедік, «қағазын» түзеп алу үшін аймақтарға аз уақытқа барып қайтатын «оспанқұловтардың» алды-арты бұл емес. Және олардың барлығы да Астанада отырған әлдебір «дөкейдің» «звоногы» арқылы келетіні де жасырын емес. Ұзынқұлақтан естуімізше, Оспанқұлов бір кездері сенат депутаты Қуаныш Сұлтановтың көмекшісі болғанға ұқсайды. Мүмкін бірер жыл осы жақтың топырағын басып кетуіне сол кісінің абыройы себеп болды ма екен деп ойлаймыз. Әйтпесе, мыңнан таңдап жіберетіндей, бұл баланың асқан іскерлігін байқай алмадық.

Ол өз алдына. Біздің айтайын дегеніміз, Оспанқұлов Екібастұзға жай ғана келіп қайтпай, осы жақтағы білдей бір азаматтың обалын арқалап кетті. Жоғарыда айттық, ол Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары қызметін атқарды деп. Бұған дейін сол орында қызмет істеп жүрген және әлеуметтік саланың жұмысын бес саусақтай білетін тәжірибелі бір азаматты Оспанқұлов үшін ешбір жазықсыз орнынан алды да тастады. (Ол жігіт әлі күнге дейін ауылдың әкімі болып жүр). Себебі Астанадан «арнайы жіберіліп» отырған жас маманға жылы орын тауып беру керек болды. Бір таңқаларлығы, ауылдық округтерін қоса санағанда 150 мыңға жуық халқы бар, әлеуметтік саласы өте күрделі аймақты осы жас бала басқара ала ма деген ой ешкімді де мазалаған жоқ. Міне, бүгінгі билік басындағылардың ел тағдырына деген көзқарасы осындай! Сонымен не керек, Оспанқұлов әйтеуір жыл жарымдай уақыт қалқиып отырып, ақыры облыс орталығына ауысып кетті.

Ал Оспанқұловқа дейін қала әкімінің орынбасары болған жергілікті азаматтың тағдыры ешкімді ойландырған жоқ. Облыс әкімі Сағынтаевты да, Екібастұз қаласының әкімі Вербнякті де, Оспанқұловты жіберіп отырған Астанадағы «көкені» де. Бұлар үшін адам тағдыры деген ойыншық сияқты. Орнынан алынған азаматтың ешбір жазығы жоқ екені, оның да отбасы, оқып жатқан бала-шағасы бар екені есепке алынбады. Міне, бүгінгі билік осындай. Обал, сауап дегенді бұлар біржола ұмытқан. Өліп жатсаң, үстіңнен аттап жүре береді.

Дәл осы кезде мен Екібастұз аймағындағы жергілікті ұлт өкілдерінің (қазақтардың) жұмыссыз жүргені жайлы, оларды жергілікті кәсіпорындардың мақсатты түрде жұмысқа алмайтыны жөнінде «Жас Алаш» газетіне мақала берген едім. Бұл әрине, өз дегенін істеп, жалғанды жалпағынан басып үйренген қаланың әкімі Вербняк мырзаға әсте жақпайтыны белгілі. Оған әлгі мақала аспаннан жай түскендей әсер етті. Вербняк ашуланғасын, Оспанқұловта жан қала ма, бір күні мені шақыртты кабинетіне. Бардым. Шынымды айтсам, жас кадр, ұлты қазақ азаматы болғасын, жағдайдың мәнісін білгісі келіп отырған шығар, өз қандастарының жұмысқа орналасуына жағдай жасайтын шығар, елдің әлеуметтік жағдайынан әңгіме қозғар деп үміттеніп барғам. Сөйтсем, онымның бәрі бекер екен.

Оспанқұлов менімен түрін өте «серезный» қылып сөйлесті. Саяси қателік жасағанымды, олай жазуға болмайтыны жайлы кәдімгідей «дәріс оқыды». Өзінің Шымкент жағынан екенін де ескертуді ұмытпады. Бірақ неліктен жергілікті қазақтарды «Богатырь» кеніші жұмысқа алмайды, оның мәселесін шешеміз деген сөз аузынан шықпады. Әйтеуір кететін адам оған басын ауыртып қайтеді (өзі кеткесін, Екібастұзды топан су басса да оған бәрібір екені белгілі). Сөйтіп, әңгімеміз жараспады. Бірақ өте сақ екен, кетіп бара жатқанымда: «Қалтаңызда диктофон жоқ па, жасырын жазып алған жоқсыз ба?» - деп сұрап қалды. Елдің бәрін алаяқ деп ойлайтын болу керек. Сол Оспанқұловтың ел орталығы Астанаға қайта барып та оңдыра қоймағанын жоғарыда айтылған мақаладан оқып білдік (http://old.abai.kz/node/41487).  

Ал Екібастұздағы жағдай сол бұрынғы таз қалпында. Әкімдікке шенеуніктердің бірі келіп, бірі кетіп жатады. Бірақ халық орнында. Орнында болмағанда, қайда барады? Астанадан арнайы жіберген кадрлардың түрі жаңағыдай. Сосын ел-жұрт өзінің өлмес тірлігін жасап жатыр. Бірі базарда тұр, бірі такси айдайды, енді бірі «охранада»... Мүмкін Астанадан тағы да бір Оспанқұлов секілді «іскер де жас маман» келіп кетер. Бірақ одан халыққа   пайда шамалы. Солай!  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 622
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 370
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 363
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 368