Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3516 0 пікір 6 Ақпан, 2014 сағат 12:15

Серік Боқан. Жалған бостандық ұраны

БОСТАНДЫҚ ЖАРНАМАСЫ

 

Біздің дәуір ауыр мұңнан шайқала,

Мұңға  батып мелшиеді қарт қала!

Шындық жырын, біздің зарлы қоғамның,

Уақыт өзі айтып жатыр ақтара...     

 

 Мөлдіреген кеудемдегі жасымның...

Толқынымен тамырымда тасыдың...

Зарлы дауыс шындық жырын шырқауда...

Кеудесінен ұшып өтіп ғасырдың...

 

Зұлымдыққа, жалғандыққа жұлқындым...

Құлға айналған бір ұлт жайлы бұлқындым...

Тәуелсіздік сөзі біздің аяқ қолды кісендеп...

Алба-жұлба туған елдің жамап жатыр жыртығын!..

 

Қырдан асқан көшке қарап шұбалған...

Солар жайлы өксиді кеп шығармам...

Солар жайлы еңіреумен өлеңім...

Шындық жайын айту үшін ту алған...

 

Мүдделердің бізде қызып күресі...

Сталиннің санамызда  елесі...

Орысқұлға айналыпты көп қазақ...

Сондықтан да бізде жиі жебірейіл кеңесі...

 

Ұшыруға сахнадан тарихтың...

Толқынымен жоғалтуға нарықтың...

Кісен салған 22 жыл тіліне...

Біздің билік көлеңкесі жарықтың!

 

 Қызыл ұран мерекемен билеткен...

Жағымпаздық билік жағын күйлеткен...

БОСТАНДЫҚ ЖАРНАМАСЫ

 

Біздің дәуір ауыр мұңнан шайқала,

Мұңға  батып мелшиеді қарт қала!

Шындық жырын, біздің зарлы қоғамның,

Уақыт өзі айтып жатыр ақтара...     

 

 Мөлдіреген кеудемдегі жасымның...

Толқынымен тамырымда тасыдың...

Зарлы дауыс шындық жырын шырқауда...

Кеудесінен ұшып өтіп ғасырдың...

 

Зұлымдыққа, жалғандыққа жұлқындым...

Құлға айналған бір ұлт жайлы бұлқындым...

Тәуелсіздік сөзі біздің аяқ қолды кісендеп...

Алба-жұлба туған елдің жамап жатыр жыртығын!..

 

Қырдан асқан көшке қарап шұбалған...

Солар жайлы өксиді кеп шығармам...

Солар жайлы еңіреумен өлеңім...

Шындық жайын айту үшін ту алған...

 

Мүдделердің бізде қызып күресі...

Сталиннің санамызда  елесі...

Орысқұлға айналыпты көп қазақ...

Сондықтан да бізде жиі жебірейіл кеңесі...

 

Ұшыруға сахнадан тарихтың...

Толқынымен жоғалтуға нарықтың...

Кісен салған 22 жыл тіліне...

Біздің билік көлеңкесі жарықтың!

 

 Қызыл ұран мерекемен билеткен...

Жағымпаздық билік жағын күйлеткен...

Санамызда көлеңкесі түрменің...

 Бүкіл ақыл құлдық жәйін үйреткен...

 

Бас көтермей жатыр сана ұйқыдан...

Жүрек сорлы шымырлайды бұлқынған...

«Түсінбедім тәуелсіздік сөзінде»...

Құл жанымыз абақтыдан... Шыңғырған...

 

Ей, құл қоғам!

Ұмытпаймын өзіңді...

 Сана - түрме,  мен тұтқынмын көңілді...

 Құр сүйегін сүйретуде бір халық...

Көріп тұрмын тірі жүріп өлгенді...

 

 

БОСТАНДЫҚ ЖӘНЕ КӨКТЕМ

 

Нілі бар таңдайда кеппеген...                                                                                      

Сәулелер көгінде дән болып көктеген.

Көктемнің келуі бір үлкен оқиға...

Құстардың қайтуы

Арман ғой жетпеген...

 

Ізгілік өзекті жалғаған,

Жазу боп аспанға самғаған.

Құланиектен бостандық әкелген,

Құлап барады күн шары...

Таңқалам!

 

Тұтқындап барлығын уақыт,

Адамзат сәби ғой жыласа жұбатып...

Көктесе бір тал дән, құлайды бір емен,

Уақыт барады бұлттарын шұбатып.

 

Ақиқат байланған сенімге,

Бір сәуле келмейді екі рет сөнуге.

Өмірдің ақыры тас түнек...

Жарықты қуалап қараңғы желуде.

 

Бір музыкант тұтқында,

Жүрегі дір етер жылт еткен ұшқынға.

Бір жұлдыз ақса егер қапасты қақ тіліп,

Бір сәуле оянар көзімінің ұшында.

 

Адамзат ержетті кешегі...

Оларды өсірген Құдайдың төсегі.

Жер деген алып бір клетка қозғалып,

Көк теңіз толқыған ғарышты кешеді...

 

Адам сезіміндегі белгісіз заңды ұққан,

Ақиқаттағы парасат майданын жаңғыртқан.

Бостандық ядросы ақын қиялымен жаңғырып,

Адам жүрегіндегі зарды ұққан...

 

Қанатын жайған

Ақ үрпек еркіндіктерім қайран...

Асқазанның шыңырауынан ұшып өледі...

Топшысы жартасқа соғылып қан-қан...

 

Өктемдік қалай орнаса,

Солай күйрейді жылдармен қолдаса.

Кеуделер түрмеге, жүректер зынданға айналар,

Бостандық сәулесі маңдайға қонбаса.

 

Көктемге кеткендей тіл шығып...

Жыр болып көктейді тіршілік.

Қайран адам-ай, сенде жоқ бостандық...

Саған ғибрат ­-  бүрлеген бір шыбық!...

 

 

ОТАРЛЫҚТЫҢ СОҢҒЫ ЖАСЫ

 

Көктемсіз гүлдедім...

Баяғы сол жылдар не деген ізгі едің...

Бір ұлттың тоналған тағдыры...

Саған бір көктемді іздедім...

Теңіз мұң толқыған көмейге,

Жанымнан үзілген дәтімді жерледім...

 

Ақ таңның қаралы тамағы...

Зарлы бір музыка төбемде ағады...

Теңізді түбінен қотарып,

Шапшыған толқындар жағаны соғады...

Дауылдан оянған толқындар...

Басылған жоқ әлі...

 

Сүйемін жарық күн...

Теңдікті сенен мен жаңа ұқтым...

Бостандық іздеп кеп қапасқа түсетін,

Ұқтырды іш тартып тамұқ күн...

Еркіндік аңсаған дауылға, теңізге, мағанда...

Шуақ шаш алып күн...

 

Ол нені толғайды?

Ішімде бір әуен ботадай боздайды...

Шарадай әлемді шанаққа құйып ап,

Уақыт күңіреніп қобызын қозғайды...

Ең азғын режиссерлар

Тарихи азалы

Драмма сомдайды...

 

Тапталып табанға,

Шаңырақ шағылып теңселді панамда...

Түйіршік қалмаған сақтардың қанында...

Қымбатын жоғалтқан осы бір заманда...

Кеудесін оқ тескен сарбаздар

Бұлдырап барады санамда...

 

Өкініш... тілектер...

Тоқтауда үлкен бір жүректер...

Қолдары байланған, қор болған арулар,

Тілдері байланған айдалды жігіттер...

Жерленіп сәулелі тірілер...

Тік басып барады өліктер...

 

Шошып ояндым түсімнен...

Анасын ұлы тұр көр қазып түсірген...

Табытты жасауда алтын мен темірден...

 Кебінді тігуде үлкейген... кішірген...

 Бір халық осылай тозғындап...

У толы кеселер ішілген... 

 

АҚЫННЫҢ АҚЫРҒЫ  ЖЫРЫ

 

(Әмерика ләгерінің біріндегі қазақ ақынының соңғы жыры)

 

Әмерика құрлығы отан емес ол үшін,

Білгенімен қаншама өрі менен еңісін.

Талай жылдар өмірден баз кешсін, жерісін,

О, туған жер қиырдан жүрегінің емісің!

 

Мұңға толы осы бір қыркүйектің құшағы,

Тырналар мен кептерлер күн шығысқа ұшады.

Еркіндіктің шындығы көкжиекке сіңуде...

Көзін сүртер мұңлы ақын бостандығы тұсаулы.

 

Тұтқын үшін не жазды күтетұғын мырзалық,

Көтеретін сорлыны төбесіне бір халық.

Еркіндікке бұлқыныс...  Соңғы ғана сағаттар,

Соңғы күшін жиюда қалдыруға жыр жазып.

 

Сөз айтуға бір ауыз, икемі жоқ еріннің,

Күбірлейді ішінен мұңын айтып елінің.

Өлеңінің соңына қойғаннан соң бір нүкте,

Өмір бойы сенетін жойды жалғыз сенімін.

 

Ол сезінді бостандық әуендерден орын ап,

Тек түсінде көріпті сүйгенінің қолын ап.

Із соқтырған соңғы ұмыт отан  деген – ақиқат!

Шындық жалғыз ол үшін қиялынан орын ап.

 

Тербетуде ақынды құшағында ұлы түн,

Әлсіреген жанымен сөндіруде үмітін.

Ақыл-оймен тым биік тапқырланған сорына,

Саналарды қамаған абақтылар құрысын.

 

Өмір сүрді минуттың жанарында қас-қағым.

Кешіп жүрді Алтайдың белуардан ақ қарын.

Өлім күйі тербеді, үміттерін жер қылып,

Өмір деген осы екен көшіп жүрген ақ сағым...

 

Жазды соңғы өлеңін, жүректің соңғы қанымен,

Үзілуге шақ қалған тәннің соңғы жанымен.

Кісен қиған аяғы жете алмады еліне,

Жазды соңғы өлеңін шынжырлардың сазымен...

 

Бақыт жыры маңдайға құйылғандай  сызылып...

Кәлима айтты еңіреп, ақиқатқа жүгініп!

Жарқ  еткендей бір сәуле жанарының ішіне,

Бір Аллаға жалбарды бара жатып үзіліп.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2035
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2470
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2049
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1593