Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 7051 0 пікір 13 Желтоқсан, 2013 сағат 05:37

Бекқожа Жылқыбекұлы. «Бөгде адамға кіруге болмайды»!

Баспасөз беттері мен радио-телеведениядан күні бойы «маған баруға болмайды», «маған дем алу керек», «оның бұл үйден кетуі керек», «менің бір нәрсе сатып алуым керек», «маған дереу патшаға хабарлап айту керек» деген сияқты көзге сүйел боп қадалып, құлаққа түрпідей тиетін сөйлемдерді оқып, естігенде, онда жұмыс істеп отырған редакторлар мен аудармашылар «айға қарап, жұлдыз санап» отыр ма деген ойға қаламын. Тіпті, олардың қазақ тілінен жұрдай сауатсыздығы - қазақ тілінің септік жалғауларын өз орнында қолдана алмайтын дүмбілездігі жан-жүйкеме жебе болып қадалады да тұрады.

Бұндағы басты қателік атау септігі мен ілік септігі және барыс септігін бірінің орнына бірін қалай болса солай қолдана беретіндігіде жатыр. Мысалы: «Маған дем алу керек» деген сөйлемнің дұрысы «мен дем алуым керек». Өйткені мұндағы сөйлемнің мағнасы «кімге?» деген сұрауға емес, «кім?» деген сұрауға жауап беріп отыр. Сол сияқты «оның бұл үйден кетуі керек» деген сөйлем «кім?» деген сұрауға жауап беретін болғандықтан, бұл сөйлем «ол бұл үйден кетуі керек» деп айтылса дұрыс болар еді. Ал «маған баруға болмайды» деген сөйлем «кімнің?» деген сұрауға жауап беретін болғандықтан, «кімге?» деген сұрауға жауап беретін барыс септігінде емес, ілік септігінде «менің баруыма болмайды» деп дұрыс жазылуы тиіс. Міне, осындай септік жалғауларының өзара жігін толық ажырата білмеудің себебінен қаншама уылжыған ұрпағымыздың тілі шұбарланып, сөйлем құрылымы құлазып бара жатқандығын межелеу қиын емес.

Бұдан да сорақысы білдей-білдей мекемелердің кей бөлмелерінің есігінде «бөтен адамдарға кіруге болмайды» немесе «бөгде адамға кіруге болмайды»  деген секілді сөйлемдерді көргенде, бұнда қай ғаламшардан келген бөгде қонақтар отыр екен ә деген ойда қаласың. Біраздан соң барып есіңді жинаған кезде, е, қазақтың септік жалғауынан хабарсыз мәңгүрттердің «бөтен адамдардың кіруіне болмайды» деген ойының орашолақ жарнамасы екен ғой деп іштен тынасың да, қазақ тілін қорлағандарға қарғыс жаудырудан басқа не істеріңді білмей дал боласың. Кейде, тіпті, септік жалғауы орнын таппаған осындай сөйлемдерді бадырайтып бөлмелерінің есігіне іліп қойған мемлекеттік мекемелерді еліміз егемендік алғалы бақандай 22 жылға аяқ басқан тәуелсіздік мерекесі қарсаңында сотқа берсем қайтер еді деген ойға келемін! Расында да, мен осы мәселе туралы сотқа жүгінсем қалай болар еді?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 580
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 313
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 324
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 336