Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2772 0 пікір 12 Желтоқсан, 2013 сағат 06:27

Украина халқына үндеу

Бұл үндеуге кез-келген азамат қолын қоя алады. Үндеу Украинадағы әріптестерімізге, баспасөз құралдарына жөнелтіледі. Майданда жүрген Мұхтар Тайжан арқылы украин ұлт-азаттық партияларының басшыларына табысталады.

Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, украиндық биліктің әскери күш қолданғанын құптамаймыз.

Киевтегі Еуромайданда наразылық шеруіне қатысушыларды қолдаймыз!

Бұл үндеуге кез-келген азамат қолын қоя алады. Үндеу Украинадағы әріптестерімізге, баспасөз құралдарына жөнелтіледі. Майданда жүрген Мұхтар Тайжан арқылы украин ұлт-азаттық партияларының басшыларына табысталады.

Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, украиндық биліктің әскери күш қолданғанын құптамаймыз.

Киевтегі Еуромайданда наразылық шеруіне қатысушыларды қолдаймыз!

Кез келген халық тарихи және саяси тұрғыда таңдау жасауға құқылы. Украиндықтардың басым бөлігі қалаған таңдау – Еуропа. Біз бұл таңдауға құрметпен қараймыз! Украиндықтар сияқты біз де КСРО атты қандықол алпауыттың қайтадан құрылғанын, қайта күш алғанын қаламаймыз. Біз талай ұлт пен ұлыстың тағдырын тәлкек еткен, аяусыз басып-жаншыған отаршыл империяның құрсауына ешқашан кері қайтпаймыз! Осы себепті, Майданда болып жатқан бүгінгі оқиғаларды тек Украина үшін емес, сондай-ақ, кезінде КСРО құрамында болған барлық елдердің шынайы азаттық пен тәуелсіздікке ұмтылған талпынысы, келмеске кеткен кеңестік кезеңнен үзілді-кесілді бас тартқан тарихи табандылығы деп білеміз. Еуромайдандағы наразылық шеруіне қатысушылар өз балаларының, болашақ ұрпағының қолдан жасалған аштықсыз, шенеуніктердің өктемшіл әрекетінсіз, авторитарлық жемқорлықсыз, саяси қуғын-сүргінсіз және цензурасыз дамитын өркениетті келешегі үшін күресуде. Еуромайдандағы кез келген күш қолдану әрекеті – халықтың қалауы мен таңдауын, ерік-жігерін аяусыз аяққа таптау. Біз бауырлас Украина халқымен біргеміз! Украина президенті Виктор Януковичке айтарымыз: «Мемлекет басшысы екеніңізді ұмытпаңыз, сізді дағдарыстан әскери күш қолдану арқылы шығуға итермелейтін сыртқы күштердің жетегінде кетпеңіз. Ресейлік насихат пен жаппай ақпараттық-саяси қысымға төтеп беріңіз. Украина халқымен бірге Еуропаға қадам басыңыз. Азаттық дегеніміз – қасиетті ұғым. Санасы дербес әрі азат ел ғана ешкімнің араласуынсыз өз болашағын қалыптастыра алады! Тәуелсіз халық елдің жарқын келешегі мен әлеуетінің жауапкершілігін өз мойнына алады! Егемендікті қарынның тоқтығы мен қауіпсіздікке айырбастағандардың киетіні – құлдық қамыт! Түбінде жеңіліс табады, қолындағы барынан айрылады.

Украина жасасын!

Азаттықты аңсаған батырлар жасасын!

 

Ми, громадяни Республіки Казахстан, заявляємо про своє неприйняття силових дій української влади і висловлюємо повну підтримку учасникам Євромайдану в Києві! Кожен народ має право на власний історичний і політичний вибір. І вибір більшості українців - це Європа. Ми поважаємо цей вибір! Так само як і українці, не бажаємо відродження кривавої імперії під назвою СРСР. Ми ніколи не повернемося в совок. І в цьому сенсі нинішні події на Майдані – це свого роду історичний Рубікон, точка неповернення не лише для України, але й для всіх країн колишнього СРСР, які прагнуть отримати справжню свободу і незалежність. Учасники Євромайдану виступають за цивілізоване майбутнє своїх дітей – без Голодомору, без диктату чиновників, без авторитарної корупції, без репресій і цензури. Будь-який силовий тиск на Євромайдан – це витирання брудних ніг об свободу волевиявлення. Ми солідарні з братським народом України! Ми звертаємося до Президента України Віктора Януковича: пригадайте, що ви Глава держави, не йдіть на поводу зовнішніх сил, що штовхають вас на силовий варіант вирішення кризи. Опирайтеся російській пропагандй і масованому інформаційно-політичному тиску! Будьте з народом України, крокуйте до Європи. Свобода – це все! Вільний народ зможе сам творити своє майбутнє без подачок! Вільний народ зможе узяти відповідальність за благоустрій і процвітання країни! А той, хто зрадив свободу в обмін на ситість і безпеку не заслуговує на ні те, ні на інше. Зрештою він втратить і це.

Слава Україні!

Героям Слава!

Айдос Сарым, Айдос Жұқанұлы, Асқар Құмыран, Нәзия Жоямергенқызы, Расул Жұмалы, Қасым Аманжолұлы, Өміржан Әбдіхалықұлы

0 пікір